Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар



бет118/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

Сынық сызықты жинақта. Оқушыларға алдын ала сынық сызықтың алғашқы буынының ұшы екінші буынының басы болатынын ескерту, ал тұйықталған сынық сызықтың екі ұшы бір-бірімен сәйкес келетінін айту. Сызғышпен жұмыс істеуге қиналатын оқушыларға көмек көрсету.
Сызықтар. Бұл тапсырма тез жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша ретінде берілген. Сондай-ақ бұл тапсырманы үй жұмысы ретінде ұсынуға болады.
Кіріспе тапсырма. Сыныпты топтарға бөлу. Әрбір топқа жіптің бір бөлігін таратып беру. Оқушыларға оның көмегімен қисық және сынық сызықтарды көрсетуді сұрау.
- Біз түзу және қисық сызықтардың ұзындықтарын өлшей аламыз ба? Содан кейін жіпте екі түйіншек түйіңіз де, жіпті әр жаққа тартыңыз.
— Қандай фигура алдыңдар? (Кесінді.)
Сендер қалай ойлайсыңдар, неге оны кесінді деп атайды?

  • Осы түйіншектері бар жіптің көмегімен қисық сызықты көрсет.

— Сендер бұл фигураны қалай атар едіңдер? (Қисықтың кесіндісі.) Неліктен?
— Біз түзудің кесіндісінің және қисық сызықтың кесіндісінің ұзындығын өлшей аламыз ба? Сендер қалай ойлайсыңдар? Неліктен?
Кесіндінің ұштары болғандықтан өлшеуге болады деген қорытындыға келеміз.

  • Жіптен тіктөртбұрыш құрастырып көр. Төрт оқушы жіптің ұштарын байлап және оны төрт жерден ұстап тұра алады.

  • Неліктен сендер тіктөртбұрыш құрастырдық деп ойладыңдар?

Оқушылар тіктөрбұрыштың қабырғаларының қасиеттері туралы білімдерін жаңғыртып, тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең деген шартты орындағандарына көздерін жеткізе алады.


Осы сияқты жұмыстарды шаршы мен үшбұрышты құрастыру үшін де орындау.


Торкөздер фигураның қисайып кетпеуін бақылауға мүмкіндік беретіндіктен, торкөзді қағазға тіктөртбұрышты салу ыңғайлы. Тіктөртбұрыштың үлгісін тіктөртбұрыштың, шаршының үстіне салып фигуралардың қисаюын тексеріп көруге болады. Оқушыларды орындары бойынша қозғап, фигураны түзету.


Сызып көр. Тапсырманы орындату кезінде дәптердің торкөздерін пайдаланып берілген фигураларға тең фигуралар сызуды тапсырамын. Әр оқушы жеке орындауы тиіс. Себебі әр оқушы фигураны сызып үйренуі тиіс. Оқушыларға геометриялық фигураларды сызуды дәптер торкөздерін санау арқылы немесе үлгіні басшылыққа алып орындауды ұсынамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет