Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай
қуаныш!
Писихологиялық дайындық
Ортасы
Соңы
Қисық сызық көптеген нүктеден тұрады. Оны сызу үшін сызу құралдары қажет емес. Егер бастапқы және соңғы нүктелері сәйкес келсе, онда мұндай қисықты тұйықталған деп атайды, егер сәйкес келмесе — тұйықталмаған.
Түзу бір сызықтың бойында орналасқан көптеген нүктеден тұрады. Түзудің басы мен аяғы болмайды. Бір нүкте арқылы шексіз көп түзулер жүргізуге болады. Екі нүкте арқылы тек бір ғана түзу жүргізуге болады. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігін кесінді деп атайды. Ал нүктелерді кесіндінің ұштары дейді.
Сынық сызық — бұл геометриялық фигура, оны құрайтын кесіндінің алғашқысының соңы екіншісінің басы, екіншінің соңы үшіншінің басы және т.с.с. жалғасқан кесінділерден тұрады. Сынық сызықты құрайтын әрбір кесінді сынық сызықтың буыны болып табылады. Әр буынның соңы сынық сызықтың төбесі болып табылады. Түзу, кесінді, сынық сызықты салуда сызғыш қолданылады.
Кіріспе тапсырма. “Нүктелер” ойыны.
Көз алдарыңа елестетіңдер. Сендер нүктесіңдер. Бір-бірлеріңе жақын тұрыңдар.
— Қандай фигура шықты? (Сызық.)
— Сендер қандай сызықтарды білесіңдер? (Тұйықталған қисық және тұйықталмаған қисық.)
Шетте тұрған оқушыларға жіпті ұстатып, оны тартып тұруды сұрау.
— Қандай сызық шықты? (Түзу.)
— Егер, біздің жібіміз бітпесе, сызықты әрі қарай жалғастыра беруге бола ма?
Оқушыларға түзудің басы мен аяғы болмайтыны туралы тұжырым жасату. Оларды оқулықтағы ережемен таныстыру.