1-жүргізуші:
Әр адам өз денсаулығын сақтай білу үшін тазалық сақтап, спортпен шұғылданып, денсаулыққа кері әсерін тигізетін зиянды әдеттерден аулақ болуы керек. Денсаулықтың достары мен денсаулықтың жаулары дегеніміз не екен? Осыны білу үшін оқушыларымыздың білімдері, өз ойларын ортаға салуы арқылы «Денсаулық
әлеміне» саяхат жасаймыз.
Осыған байланысты келесідей бейнебаянға назар аударыңыздар!
«Тазалық –денсаулық кепілі» бейнебаяны көрсетіледі.
1-жүргізуші:
Қазақстан –демократиялы – құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның қазынасы – адам және адамның өмірі. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын жақсарту үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.
Қазіргі таңда есірткіні пайдалану және тазалықтың сақталуынан ғасыр дерті болып отырған СПИД ауруы бүкіл дүние жүзіне тарап, СПИД індетін тудырып отыр. ВИЧ инфекциясы адамда жүре пайда болатын иммунотапшылық тудыратын синдром. 2002 жылғы тексеру бойынша СПИД эпидемиясының таралғаны соншалық, жұқтырғандар саны 42 млн. Оның ішінде 3,8 млн.
Оқушылардың шығармашылығын тыңдап көрелік!
1-ші оқушы:
Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
2-ші оқушы:
Ей, болашақ!
Саулығың өз қолыңда,
Жауламасын тәніңді у, санаңды мұң.
3-ші оқушы::
Нашақорлық- жайылған індет,білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ ,білем.
4-ші оқушы: Жерде жатқан шылымды,
Шошқа келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ,тиіспеді.
5-ші оқушы:
Жерде жатқан шылымды,
Есек келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ ,тиіспеді.
6-ші оқушы:
Жерде жатқан шылымды,
Ит те келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ ,тиіспеді.
7-ші оқушы: Сол шылымды алайда,
Тауып алды Балғабек.
Алақ-жұлақ етеді,
-Сіріңкеңіз бар ма ?- деп.