1-жүргізуші: Денсаулық туралы мақал-мәтелдер: 1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2.Ісің түсіп тақсырға барма,
Аурулы болып бақсыға барма.
3. Бақсы көрінсе дерт қозады,
Ұста көрінсе таға тозады.
4.Жарлының байлығы — денінің саулығы.
5.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
6.Жан ауырса — тән азады,
Қайғы басса — жан азады.
7.Қасқырдың ойлағаны арамдық,
Қойдың ойлағаны — амандық.
8.Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
9.Емнің алды — еңбек.
10.Ауру желмен келіп, термен шығады.
Сергіту сәті
Ойын: «Иісіне қарай ажырат». Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.
-Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
«Әлемдегі ең пайдалы азықтар»оқушылар сөйшесін. Ет: қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.
Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді..
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.