Жаратылыстану ғылымындағы ұқсас ұғымдар мен заңдар:
Жаратылыс-
тануға
енетін
ғылымдар
1) физика,
химия;
2) биология,
ботаника,
зоология;
3) анатомия,
физиология,
генетика;
4) геология,
минералогия,
палеонтология,
метеорология,
география
(физикалық);
5) астрономия
(астрофизика
және
астрохимия).
Атом
физика
химия
Температура
физика
биология
химия
экология және
т.б.
Энергия
физика
химия
биология
Физика пәніндегі атом құрылысы,
химиялық байланыстар, химиялық
реакциялардың жылдамдығы мен олардың жүру заңдылықтары, биологиялық
тепе-теңдіктегі ерітінділер және оның табиғаты,
электролиттік диссоциация
және оның теориясы, тотығу-тотықсыздану процестері,
биогенді элементтер
т.б. тақырыптардың қай-қайсысы болмасын, оларда қоршаған ортадағы
заттардың айналымы, олардың биологиялық, физикалық, химиялық қасиеттері
мен
құрылымдары, табиғаттағы кездесетін биологиялық-физикалық үрдістер
мен оның заңдылықтары, заттардың тіршіліктегі рөлі,
олардың өзара бір-
бірімен байланысы т.б. сабақтастықта қарастырылады. Биологиядан
пәнаралық байланыс арқылы экологиялық білім беру ісі білім алушыларға
қоғам
мен табиғаттың тұтастығы, атмосфераның жер бетіндегі тіршіліктің
маңызы, атмосфераны ластаушылардың негізгі көздері мен олардың қоршаған
орта мен тірі ағза тіршілігіндегі үрдістерге әсері, қоршаған ортаға әсер ететін
биологиялық, физикалық, химиялық факторлар жайлы, айналамыздағы заттар
зиянды қоспалардан тазартудың жолдары мен әдістері, ол тазартулар бүгінгі
күндегі жаңа технологиясы жайлы т.б. түсінік қалыптастырылады.
Жаратылыстанудың теориялық мәселелерін айқындау үшін табиғат
заңдары қолданылады. Энергияның
сақталу және айналу заңының,
Эйнштейннің салыстырмалық теориясының, Дарвиннің эволюциялық ілімінің
жасалуы, сондай-ақ, ғылымның жаңа салалары: кванттық механика, генетика,
кибернетика, астрофизика, т.б. жедел дамуының нәтижесінде философия
ғылымы теориялық жағынан байытыла түсті.
Достарыңызбен бөлісу: