Сабақтың мақсаты Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту


Әдебиет:- НӘ 1,2 ҚӘ 7,9 ӘН 1,2 тIV МОДУЛЬ



бет23/38
Дата15.11.2022
өлшемі133,32 Kb.
#50170
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Әдебиет:-
НӘ 1,2
ҚӘ 7,9
ӘН 1,2

тIV МОДУЛЬ
Сабақ 10

Тақырып: Техникалық жүйелерді автоматтандыру және басқаруда оперативті қызметкердің ролі
Сабақтың мақсаты 1. Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту
мен міндеттері: 2. Орнықты сөз тіркестерімен жұмыс
3. Мәтінді оқу және сөздіктің көмегімен аудару
4. Сұрақтарға сай мәтіннің түсінігін айту
Сөздік:

  1. құрылым-структура, строение

  2. құрастырылған-разработанный, составленный

  3. байланыс-связь, общение, контакт

  4. ара қатынас-связь, соотношение

  5. басты-ведущий, главный, основной

  6. бөлік-доля, подразделение, раздел, часть

  7. өңдеу-обрабатывать, исправлять, переработка

  8. қызметкер-работник

  9. құрал-инструмент, средство

  10. сипаттама-описание

  1. -тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар

Басқару және бақылау құрылымын адам мен технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандырудың құрастырылған технологиялық құралдары арасындағы байланыспен анықталады. Сондықтан бұл ара қатынастық оптималды формаларды ұйымдастыруды өңдеу және автоматтандырылған жүйелерді пайдаланудың басты бөлігі болып табылады. Жоба жасалып жатқан автоматтандырылған жүйеде жұмыс жасау үшін анықталған оперативті қызметкерлер керек. Оларға; слесарь, механик, слесарь КИП и А, микро ЭЕМ жөндеуші, технологиялық процестің операторы.
Оперативті қызметкерлер өндіріс технологиясын және технологиялық құралдарды жетік білуі керек.
Слесарь – механик, технологияны және технологиялық құралдарды білуден басқа, осы құралдардың жұмыс істеу тәртібін, оның типін және технологиялық сипаттамасын, регламенттік және әр құралдың жөндеу жұмыстарын, сонымен қатар технологиялық құралдардың ақаулары немесе олардың комбинациясы технологиялық процестің өтуіне қалай әсер етуін білуі керек.
Электрик – жөндеуші және кезекші элетрик әр электр қозғалтқыштың және орындаушы механизмнің орналасқан жерін, олардың технологиялық процестегі ролін және аталуын, типін және техникалық сипаттамасын, регламенттік және әр құралдың жөндеу жұмыстарын, басқару орнынан электр қозғалтқыштардың қосқыш аппараттарына дейінгі кабельдердің орналасқан орнын білуі қажет.
Слесарь БӨҚ ж А – технологиялық өндірісті, олардың технологиялық параметрлерін және режимдерін, технологиялық құралдарды және олрадың жұмысын, жүйе құрамына кіретін орындаушы механизмдерді және датчиктерді, жұмыс істеу принципіне байланысты қосымша приборларды, конструкторлық безендірілуін, процесс ағымындағы ролін, тағайындалуын, типін, сипаттамасын, регламенттік, профилактикалық және жөндеу жұмыстарын, кабель жолдарының өтуін білуі қажет.
Микор ЭЕМ жөндеуші – құрылымдарды, функционалдық блоктарды, жұмыс процесі кезіндегі микро ЭЕМ мүмкіндігін, бөлек функционалдық блоктың статикалық және динамикалық сипаттамасын алуды, реттеу контурлары және бүкіл жүйені, құрылғының жұмысын, оның блоктарын және барлық элементтерін, тағайындалуын, типін, сипаттамасын, регламенттік, профилактикалық және жөндеу жұмысын білуі кажет.
Технологиялық қондырғылардың операторы – бүкіл жүйені эксплуатация жасайды, сондықтан бүкіл жүйенің жұмыс істеу принципін, өндіру технологиясын, технологиялық құралдарды, процестің жүргізу режимін, олардың орындары берілген шектен шығып кетсе кері қайтаруды, технологиялық процесс туралы түсіп жатқан информацияны технологиялық процестің дұрыс, оптималды жүруіне қолдану керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет