Сабақтың мақсаты Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет5/38
Дата15.11.2022
өлшемі133,32 Kb.
#50170
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Автоматты басқару және реттеу жүйелері қайда енгізілді?

  2. Автоматтандырылған телемеханикалық жүйелер қайда қолданылуда?

  3. Телемеханикалық жүйелер қайда қолданылады?

  4. Автоматты басқару және реттеу жүйелері неден құралады?

  5. Автоматиканың элементтері мен құрылғылары қандай қызметтер атқарады?

  6. Автоматика элементтері мен құрылғыларының жарамсыздығы неге ұшыратады?



Әдебиет:
НӘ 1,3
ҚӘ 2
ӘН 1


Сабақ 3

Тақырып: Автоматтандыру құралдары
Сабақтың мақсаты 1. Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту
мен міндеттері: 2. Орнықты сөз тіркестерімен жұмыс
3. Мәтінді оқу және сөздіктің көмегімен аудару
4. Сұрақтарға сай мәтіннің түсінігін айту
Сөздік.

  1. Құрал-инструмент, прибор

  2. Басқару-возглавлять, руководить,управлять

  3. цифрлық есептеуіш машина (ЦЕМ )- цифровая вычислительная машина

  4. Оптималды-оптимальный

  5. Өндіріс-производство, производственный

  6. Жүйе-система, сеть, последовательность

  7. Қызметкер-сотрудник

  8. Сипаттама-описание, характеристика

  9. Ағым-направление, течение

  10. Тағайындалу-назначать, устанавливать

  11. Үдеріс-процесс

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар
Автоматтандыру құралдары
Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі құралдары – электрондық есептеуіш машиналар мен электрондық басқарғыш машиналар. Олардың ішінде цифрлық есептеуіш машина (ЦЕМ) кеңінен тараған. ЦЕМ мәліметтерді өңдеудің орталық жүйесін ұйымдастыру, жоспарлау, статистика, жол есебін жүргізу, детальдарды өңдеудің оптимальдық технологиясын есептеу, участок, цех және тұтас кәсіпорын жұмысын жоспарлау, қоймадағы материалдар мен бұйымдардың есебін оперативті түрде жүргізу, қажетті материалдарға сұрама беру, өзіндік құн есебін күнделікті шығарып отыру, жабдықтарды пайдаланудың оптимальдық жоспарын жасау, өндірістік және транспорттық графиктер құру т.б. үшін қолданылады. Оны басқару жұмыстарын автоматтандыруда қолдану бірқатар шетелдерде де жүзеге асырылуда.
Мысалы, АҚШ-та барлық шығарылатын ЦЕМ-нің 90%-ы экономикалық есептеулерге және өндірісті басқару жұмыстарында пайдаланылады. Аналогты есептеуіш машина технологиялық үрдісті оптимальдық реттеу қызметін атқарады. Оны электрондық басқару машиналарымен біріктіре отырып, үдерістерді тек оптимальды технологиялық тәртіпте ғана емес, оптимальды экономикалық тәртіпте де реттеуге болады. Аналогты машинаның жаңа түрі – автоматты оптимизаторды экономикалық басқару мақсатында пайдалануға болады.
Басқару жұмыстарын автоматтандыруда электрондық есептеуіш машинадан басқа сан алуан арнаулы жабдықтар қолданылады. Оларды былайша топтастыруға болады:

  1. Мәлімет тіркегіш машиналар – перфораторлар, жазу машинасы, тіркеуіштер, өнімнің саны мен сапасын есепке алатын автоматты санауыштар басқарылатын процестердің өтуі туралы мәлімет беретін сигналдық аппаратуралар, магнитофондар, диктофондар, стенографиялық машинкалар, документті көшіру әрі көбейту аппаратуралары т.б.;

  2. Мәліметтерді өңдейтін машиналар-клавишті есептеуіш машиналар, фактур жинақатуыш табулятор т.б. аналитикалық есептеуіш машиналар;

  3. Mәлімет түрлендіретін жабдықтар – конверторлар, оптикалық және басқадай оқу, кодтау құрылғылар, перфокартадан перфолентаға және керісінше көшіріп жазатын құрылғылар, фикрофильмдеу және микрокарта оқу аппаратуралары т.б.;

  4. Mәлімет шығару жабдықтары – декодтауыш құрылғымен біріктірілген автоматтық перфорациялауыш машиналар, автоматты басу машиналары т.б.;

  5. Mәлімет іздейтін және оны сақтайтын жабдықтар – картотека сұраптағыштар, документ іздеу машиналары, көп таңбалы сандарды жинақтай алатын және сыйымдылығы көп еске сақтау құрылғылары бар арнаулы мәліметтік электрондық машиналар;

  6. Байланыс жабдықтары – телеграф, телефон, радио аппаратуралары, ішкі байланыс және сигнал беру құралдары – директорлық және диспетчерлік телефон коммутаторлары, ішкі АТС, селекторлар, электрлік, механикалық және пневматикалық тәсілдермен құжат беру құралдары т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет