Сабақтың мақсаты Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту


-тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыз



бет3/38
Дата15.11.2022
өлшемі133,32 Kb.
#50170
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
6-тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыз: ақпараттар ағынының көбеюі, нарықтық қатынас, техникалық құрал-жабдықтар, информатика индустриясын құру, ақпараттық өнімнің тауарға айналуы,өндірістен әлеуметтік салаға дейін, жұмыс уақытын үнемдеу, оптимизациялық басқару,адамның денсаулығына зиянды, ғылыми техникалық үрдіс.


Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

  1. Автоматтандыру дегеніміз не?

  2. Өндірістік жүйе дегеніміз не?

  3. Қаржылық жүйе дегеніміз не?

  4. Ғылыми техникалық үрдістің бірі....

  5. Автоматтандыру неше бөлімнен тұрады?

  6. Автоматтандырылатын нәрселерді ата

  7. Автоматтандырудың мақсаты дегеніміз не?

Әдебиет:
НӘ 1,4
ҚӘ 1,3
ӘН 2
Сабақ 2

Тақырып: Автоматтандыру элементтері мен құрылғылары
Сабақтың мақсаты. Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту
мен міндеттері: 2. Орнықты сөз тіркестерімен жұмыс
3. Мәтінді оқу және сөздіктің көмегімен аудару
4. Сұрақтарға сай мәтіннің түсінігін айту
Сөздік.

  1. Уақыт-время

  2. Басқару-управление

  3. Әртүрлі-разные

  4. Кемелер-корабли

  5. Ұшақтар-самолеты

  6. Тікұшақтар-ракеты

  7. Теңіздер-моря

  8. Өзендер-реки

  9. Байланыс-связь

  10. Маңызды-важный

  11. Бақылау-контроль

  12. Ғылыми-зерттеу-научно-исследовательский

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар
Автоматтандыру элементтері мен құрылғылары
Қазіргі уақытта автоматты басқару және реттеу жүйелері өндіріске, көлік саласына, ауыл шаруашылығына және тұрмысқа кеңінен енгізілуде. Жыл сайын алуан түрлі станок-автоматтарды, роботтарды, автоматты құрылғыларды өндіруге, оларды қолдануға деген сұраныс жоғарылауда, әртүрлі технологиялық үдерістерді автоматтандыру үлкен қарқынмен жүргізілуде. Көптеген автоматтандырылған телемеханикалық жүйелер теңіздер мен өзендердегі кемелерде, электровоздарда, ұшақтар мен тікұшақтарда, қарапайым және атом электр станцияларында, байланыс жүйелерінде және ғылыми-зерттеу станцияларында, байланыс жүйелерінде және ғылыми-зерттеу станцияларында қолданылуда.
Автоматты басқару және реттеу жүйелері нақты заңдармен басқару және реттеу әдістеріне сәйкес берілген функцияларды орындайтын элементтер мен құрылғылардан құралады. Автоматиканың элементтері мен құрылғыларының атқаратын қызметтері алуан түрлі, қайсыбір жағдайларда олар маңызды функцияларды да атқарады. Мысалы, жұмыс механизмдерін қозғалысқа келтіреді, арақашықтықтан басқаруға, реттеуге немесе бақылауға мүмкіндік береді, механикалық шамаларды электрлікке немесе керісінше түрлендіруге, сондай-ақ электрлік шамдарды бір түрден екінші түрге түрлендіруге мүмкіндік береді, ілеспелі жүйелердің жұмысын қамтамасыз етеді және коорданаттарды өзгертуге мүмкіндік береді.
Автоматика элементтері мен құрылғыларының сапасы мен сенімділігі маңызды үдерістерді басқаруға арналған күрделі және қымбат болып табылатын автоматтандырылған жүйенің сапасы мен сенімділігіне әсеретеді. Автоматика элементтері мен құрылғыларының жарамсыздығына байланысты жүйенің істен шығуы үлкен материалдық және қаржылық шығындарға ұшыратуға мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет