Сабақтың мақсаты Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту


-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар



бет8/38
Дата15.11.2022
өлшемі133,32 Kb.
#50170
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар
Автоматты басқару
Автоматты басқару дегеніміз қандай-да бір нысанды адамның қатысуынсыз басқару. Қазіргі уақытты автоматты басқару теориясы әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық т.б. нысандарды басқаруға арналған есептерді шешетін біртұтас ғылыми базаны құрайды. АБЖ инженерлік есептерін жүргізу мақсаты – жүйені анализдеу және синтездеу есептерін шешу. Бірінші жағдайда жүйенің реттеу сапасының көрсеткіштерін, оның құрылымы және параметрлері белгілі болғанда бағалау талап етіледі. Екінші жағдайда сапа көрсеткіштерінің қажетті мәндері қойылып, осы талаптарды қанағаттандыратын жүйені құру есебі қойылады.
Автоматты басқару еңбек өнімділігін, басқарудың сапалылығы мен дәлдігін арттыру үшін, қолайсыз жерлердегі немесе денсаулыққа залалды жұмыстарды адамның қатысуынсыз атқару мақсатында қолданылады. Басқару мақсаты басқарылатын объектінің реттелу шамасының уақыт бойынша өзгеруімен тікелей байланысты. Басқару мақсатын жүзеге асыру үшін басқарылатын әр түрлі объектілердің өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, объектіні басқару тетігіне әсер етерліктей әрекет (басқарғыш әрекет) жасалады. Басқарғыш әрекет басқару қондырғылары арқылы жүзеге асырылады. Өзара әрекетке түсетін басқару қондырғылары мен басқарылатын объектілер жиынтығы басқарудың автоматтандырылған жүйесін құрайды. Бұл негізінен өндірістік т.б. кешендер құрамына кіреді. Уаттбу машинасындағы (1784) центрден тепкіш реттеуіштен тұратын автоматты реттеу жүйесі техникада кеңінен пайдаланылған алғашқы тұйық басқарудың автоматты жүйесі болды. 20 ғасырдың 50-жылдарында өндірістік процестер мен өнеркәсіптік кешендерді электрондық есептеуіш машиналар арқылы басқарудың күрделі жүйелері дүниеге келді. Бұл жүйелер тобына басқарылатын шаманың мәнін тұрақты етіп сақтайтын автоматты реттеу жүйесі, басқарылатын шаманы белгілі бағдарлама бойынша өзгертіп отыратын бағдарламалы басқару жүйесі, басқару бағдарламасы алдын ала берілмеген қадағалауыш жүйе енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет