Сабақтың мақсаты: Мәтінді лингвистикалық талдау әдістерімен танысып, оларды тәжірибе жүзінде қолдану


Тақырыбы: Абай поэзиясының тілі. Тапсырмалар



бет2/8
Дата23.10.2022
өлшемі108,59 Kb.
#45061
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Көрк.мәт.линг. талдау4

Тақырыбы: Абай поэзиясының тілі.
Тапсырмалар:

  1. Абай поэзиясындағы дыбыстар гармониясы туралы түсінік.

  2. Абай поэзиясына лингвистикалық талдау жасау.

  3. Абай өлеңдеріне картотека жинастырып, мысалдарды талдау.

  4. Абай поэзиясының тілі туралы жазылған ғылыми еңбектерге конспект жасап, пікірлесу.

  5. Р. Сыздық «Абай шығармаларының тілі», «Абайдың сөз

өрнегі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» еңбектеріне конспект жасау.


Сұрақтар:

  1. Абай поэзиясы тілінің ерекшелігі.

  2. Абай тілін танудың қырлары.

  3. Абай поэзиясындағы троптар қолданысы.

  4. Абай фразеологиясы.



Негізгі әдебиеттер: [1.7:1], [1.7:2], [1.7:3], [1.7:4], [1.7:5], [1.7:6], [1.7:7], [1.7:8], [1.7:9]
Қосымша әдебиеттер: [1.7:1], [1.7:2], [1.7:4], [1.7:8], [1.7:11], [1.7:12], [1.7:13], [1.7:14]


Тапсырмалар:

  1. Абай поэзиясындағы дыбыстар гармониясы туралы түсінік.

  2. Абай поэзиясына лингвистикалық талдау жасау.

  3. Абай өлеңдеріне картотека жинастырып, мысалдарды талдау.

  4. Абай поэзиясының тілі туралы жазылған ғылыми еңбектерге конспект жасап, пікірлесу.

  5. Р. Сыздық «Абай шығармаларының тілі», «Абайдың сөз

өрнегі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» еңбектеріне конспект жасау.


Абайдай алыпты тамаша тани да, таныта да білген
Мұхтар Әуезовтің рухына арнаймын.
Абайдың тілі – кең тақырып. Бұл тақырыпқа бір емес, әлденеше кітап арналуға тиіс. Өйткені жеке жазушының, оның ішінде қазіргі қазақ тілі сияқты үлкен мемлекеттік ұлттық жазба әдеби тілдің негізін салушы Абай тәрізді қаламгердің тілін бірнеше аспектіден зерттеп танып-білу қажет болады. Әдетте жеке жазушының (ақынның) тілі туралы әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзгеде индивидуалдық ерекшеліктерін талдау болып келеді. Әсіресе поэзия жанрында жазған қаламгердің тілін тану деген сөзді оның поэтикалық тәсілдерін, ол тәсілдердің тілдегі көрінісін зерттеу деп танимыз. Бұлардың барлығы да «жазушының стилі» деген мәселеге барып саяды. Абай – ең алдымен ақын. Демек, оның тілі поэзия тілінің әдеби-көркемдеу тәсілдеріне қарай талдануы қажет. Бұл жағынан қазір біздің қолымызда жақсы ғылыми еңбек бар, ол – проф. Қ.Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі» атты монографиясы. Мұнда, автордың өзі айтқандай, Абайдың бүкіл тілі емес, соның бір-ақ жағы – поэзиясындағы әдеби көркемдеу тәсілдерінің көрінісі, яғни «поэтик тілі» талданады. Және зерттеуші бұларды жеке-дара алмай, Абайдың қазақ әдебиеті мен әдеби тіліндегі орнын айқындап, оның табыстары мен жаңалықтарын көрсете талдайды. Екінші, Абай тілін тұтас алып, ондағы әдеби-көркемдеу тәсілдерінен өзге де жақтарындағы индивидуалдық және дәуірлік ерекшеліктерін зерттеуге болады. Үшінші, Абай – әдеби тілдің проза жанрындағы бірқатар стильдердің ізін салған жазушы. Осы тұрғыдан Абай «Қара сөздерінің» тілін талдау арқылы қазіргі жазба әдеби тіліміздің сан салаға бөлінген стильдік тармақтарының даму барысын (алғашқы кезеңін) танып-білуге болады. 5 Төртінші, Абай тілінің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымын талдау арқылы қазіргі жазба әдеби тіліміздің белгілі бір кезеңдегі сипатын тануға болады. Мұның өзін де статикалық және динамикалық тұрғылардан алып екі бөлек зерттеу объектісі етуге және болады. Бесіншіден, поэзиялық дүниелердің синтаксистік құрылысы прозадан өзгеше келетіндігі мәлім. Ол ерекшелік, бір жағынан, ұйқас (рифма), буын саны (метрика), шумақтарға бөліну-бөлінбеу (строфа), синтаксистік тұтастық т.б. сияқты өлеңге тән шарттарға байланысты болса, екінші жағынан, әр ақынның өз стиліне тән өзгешеліктерінен құралады. Бұл да Абай тілін зерттеудің бір үлкен объектісі болмақ. Абай тілін танып-білуде бұлардың барлығынан басқа сан алуан жеке мәселелерді алуға және болады. Сөз жоқ, Абайдай жазушының тілін осы айтылған жақтардан түгел қамтып, бір еңбектің ішінде талдау мүмкін емес. Және осылардың баршасы бір-екі зерттеушінің үлесіне тиюі тағы шарт емес. Біз бұл жұмысымызда Абай тілін жоғарыда көрсетілген аспектілердің бірінен ғана алып талдадық. Ол – ұлы қаламгер тілінің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылысы. Алдын ала ескертеріміз – бұл жұмыс стилистикалық зерттеу емес, яғни жеке сөздер мен грамматикалық тұлғаларды Абайдың ақындық-жазушылық шеберлігіне ғана байланыстырып талдамаймыз. Негізгі мақсатымыз – тіл материалындағы Абайдың қаламына ғана тән ерекшеліктерді көрсету емес. Әзірге көздегеніміз – Абай сөздігін генетикалық (тектік) құрамына, сөздердің көне-жаңалығы мен тематикалық және мағыналық жіктелуіне қарай талдап, таныту. Сондай-ақ грамматиканың ең мәнді категорияларының бірі – сөз жасау құбылысы мен кейбір морфологиялық және синтаксистік тұлға-тәсілдердің жалпы Абай тұсындағы қазақ тіліндегі, оның ішінде Абай тіліндегі түр-сипатын, актив-пассивтігін, нормалануын көрсету. Сондықтан біздің бұл жұмысымыз бертіндегі дәуірді қамтитын тарихи лексикология мен тарихи грамматикаға жақын келетінін білдіреміз. 6 Зерттеу объектісі мен аспектісін бұлайша таңдауымыздың себебі мынада: Абай – дайын тұрған әдеби тілді пайдаланған қатардағы қаламгер емес. Абай – сол әдеби тілдің даму жолындағы жаңа дәуірін бастаушы, сапалық жаңа типінің іргетасын қалаушы адам. Екінші, Абай – лингвистикалық талдау үшін үлкен мәні бар екі салада – поэзия және проза түрінде жазған адам, оның үстіне, поэзиясында да, прозасында да бірнеше жанрдың белгілері бар мұраның иесі. Осының барлығынан Абай тілі өз тұсындағы қазақ жазба әдеби тілін белгілі бір шамада толығырақ көрсететін дәрежеде танылады. Сондықтан Абайдың шеберлік лабораториясына үңілмес бұрын, оның сөздік құрамы мен грамматикасын таза лингвистикалық тұрғыдан тіркеп, жүйелеп талдап шығу қажеттігі сезіледі. Бұл талдаудың материалдары мен нәтижелері, бір жағынан, қазіргі жазба әдеби тіліміздің XIX ғасырдың II жартысындағы – өзінің басталар тұсындағы – лексика-грамматикалық сипатын белгілі бір дәрежеде танып-білуге септігін тигізер болса, екінші жағынан, ұлы ақынның жазушылық шеберлігі мен өзіне тән стильдік тәсілдерін және оның қазақ әдеби тілі дамуындағы шоқтығы биік орнын танытуға арналатын «Абайдың тілі» деп аталуға тиісті әдеби-лингвистикалық зерттеу жұмысына дайындық болар деген мақсатты көздедік. Осы кітабымыздағы негізгі мақсатымыз ұлы ақынның стильдік ерекшеліктерін таныту болмаса да, сөз жоқ, біз талдауымыздың әр тұсында, қажеттігі туған жерінде, бұл мәселеге соқпай кете алмадық. Бұл – жазушы тілін қай аспектіде қарасақ та, ілесіп қалмай отыратын мәселе. Жеке грамматикалық тәсілдердің актив-пассивтігі, жеке сөздердің жаңа-көнелігі т.б., бір жағынан, тіл дамуының сол дәуірдегі жалпы дәрежесіне қатысты болса, екінші жағынан, кейбір тұстарда сөз етіп отырған жазушының өз қаламына, өзінің стильдік мотивтеріне байланысты болады. Сондықтан мүмкіндігінше объект етіп отырған материалдар аясында ұлы жазушының кейбір индивидуалдық ерекшеліктерін көрсетуге тура келді. Абай тілін сөз еткенде, негізгі тұжырым – Абай – қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің іргетасын қалаушы деген қағида. 7 Бұл қағиданы белгілегендер – М. Әуезов, Қ.Жұмалиев, С. Мұқанов, М.С.Сильченко, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов т.б. сияқты әдебиет зерттеушілері мен Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев тәрізді тіл мамандары. Проф. Қ.Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі» атты монографиясынан1 басқа Абай шығармаларының тіліне арналған жеке көлемді еңбек жоқ болғанмен, жоғарғы аталған ғалымдар әр кезеңде, әр тұста Абайдың қазақ жазба әдеби тілі тарихындағы атқарған рөлі мен алған орны туралы сөз етіп келді. Бұл ғалымдардың кейбіреулері жеке мақалалар арнап2 , енді біреулері ұлы ақынның әдеби творчествосы туралы жазған үлкен монографияларының немесе басқа да еңбектерінің ішінде3 Абай қолданған жеке сөздер мен кейбір көркемдеу тәсілдерін және грамматика саласындағы бірқатар ерекшеліктерін жүйелі түрде болмаса да, аз-аздап талдап көрсетіп келді.
Өлең қай тілде болмасын, ол – дыбыстар гармониясы, дыбыс үндестігінің, дыбыс ырғағының көрінісі. Эвфония, яғни дыбыс әуезділігі, үн гармониясы өлең жазудың басты шарты екенін қазақ әдебиеті теориясын сөз еткен ғалымдар өз зерттеулерінде кеңінен дәлелдеп өтеді34. Ақындық өнер үшін ырғақтың құпия сырын сөз зергерлерінің, оңың ішінде орыс ақындары В. Маяковскийдің, А. Блоктың қалай түсінгенін 3. Қабдолов әдемі баяндайды. Ырғақ – үндестік тудыратын қуат болса, үндестік дегеніміз өлең жасайтын сөздердің тақта-тақта, бунақ-бунақ, тармақ-тармақ болып ұйымдасуы. Бұл – бір. Екіншіден, дыбыс гармониясы сол сөздерді құрап тұрған дыбыстардың үні, ұқсастығы жағынан топтасуы болып табылады. Өлең сөздің құрылымына жататын бунақ, тармақ, шумақ сияқты категорияларды талдау – өз алдына әңгіме, ол да сайып келгенде ақынның көркемдік кілтін ашады. Абай өлеңдерінің құрылысы, ғылым тілімен айтсақ, архитектоникасы жөнінде 3. Ахметов, 3. Қабдолов сияқты әдебиет теоретиктері кеңінен сөз етіп, талдады. 3. Ахметов қазақ өлеңі құрылысын зерттеген үлкен еңбегінің бір тарауын Абай өлеңдеріне арнаған. Абай өлеңдерінің құрылымдық жүйесіне, ерекшеліктеріне, жаңалықтарына біз де ақын өлеңдерінің синтаксистік құрылысын талдаған еңбегімізде оқырман назарын аудартқан болатынбыз. Ал бұл зерттеудегі әңгімеміздің арқауы өлең үнділігінің екінші қыры – дыбыстар үндесуі, гармониясы болмақ. Атап айтқанда, әдебиет теориясын сөз етушілер (мысалы, 3. Қабдолов) «ажарлау» деп атаған көріктеу амалына (құралына) жататын ассонанс, аллитерация сияқты бірыңғай дауыссыз немесе дауысты дыбыстардың өлең жолында не жолдарында (микро не макро-тексте) қайталануына, сондай-ақ өлең жолында түбірлес сөздердің қолданылуына қатысты дыбыстар гармониясын талдаймыз. Абай поэзиясы тіліндегі дыбыс гармониясы туралы тұңғыш рет 1934 жылы сөз еткен ғалымдар Е. Ысмайылов пен 3. Шашкиндер болатын. Олар «Абайдың поэтикасы» атты ортақ мақаласында «Дауыс ырғағы туралы» деген тақырыпша қойып, Абай өлеңдеріндегі аллитерация, эпифораларды көрсетеді 38. Бұл мақалада: Абай «Күз» деген өлеңінде күзгі желді, ызыңды білдіретін сөз дыбыстарын жиі келтіреді, ал «Өзгеге, көңілім, тоярсың» тарығып, қысылып жазылған өлең болғандықтан, мұнда «сарнаған дауысты» н, м, ң дыбыстары көп дейді, «Қыс» өлеңінде ақ, ашық түсті беретін а дыбысы көп дегенді айтады39 Әрине, бұл танымда субъективтік сипат бар екендігіне қарамастан, дыбыстың стильдік қызмет атқаруы және образ жасауға қатысы туралы қазақ филологиясында тұңғыш рет мәселе қойылғанын атаймыз. Сөз жоқ, поэзия тіліндегі дыбыстар үні, гармониясы тек өлең біткенге тән дауыс ырғағының (ритмиканың) ғана белгісі болып қоймайды, оның көркемдік-бейнелеуіштік жүкті де арқалайтындығын кез келген ақыннан табуға болады. Ал бұл ретте Абай поэзиясының тіліне үңілудің үлкен мәні де, қажеттігі де бар. Көріктеу құралы ретінде үн гармониясын туғызатын тәсілдердің бірі – аллитерация мен ассонанс. Аллитерация микротексті бірыңғай (бірдей немесе ұқсас) дауыссыз дыбыстары қайталанып келетін сөздермен құру болса, ассонанс бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталап келтіруде қолданылатын тәсіл болып табылады. Бұл – белгілі жайт. Егер ырғақ (ритм) өлеңді жасайтын құрал болса, ассонанс пен аллитерация – өлеңді әшекейлейтін құрал. Бірақ екі топ та – өлең сөздің сазын, әуенін дүниеге келтіретін амалдар.

Кездесетін орындарына қарай дыбыстар гармониясын дыбыстардың өлең жолының басында келетін және қатар тұрған сөздердің өн бойында кездесетін біркелкілігі деп бөліп қарастыруға болады. Өлеңнің, кемінде қатар келген үш-төрт жолының бір не біркелкі дыбыстан басталуын біз аллитерацияға (не ассонансқа) құрылған дыбыстық анафора деп санағанды жөн көреміз. Ал анафора дегеніміз – қатар түзілген өлең жолдарының біркелкі басталуы. Өлең жолдары біркелкі дыбыстардан немесе біркелкі буындардан да басталуы мүмкін, ол дыбыстық немесе фонетикалық анафора болып шығады. Анафораның лексикалық деп аталатын түріне өлең жолдарының бір сөздің қайталап келуінен басталуы аталса, синтаксистік түрі деп өлең жолдарының ұқсас параллельдік құрылымдар болып айтылуы аталады. Сондай-ақ анафораның шумақтық деп аталатын түрі де болады, бұл жағдайда өлеңнің әр шумағы немесе әр шоғыры бір тармақтың қайталап келуінен басталады. да, қай дәуірде де өлең үні гармониясының барлық түрін көріктеудің пәрменді құралдарының бірі деп қолданып келген. Оның ішінде әуелі дыбыстық анафораға келсек, бұл құбылысты қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінен де, авторлы әдебиет туындыларынан да молынан таба аламыз.


Өлеңнің ең кем дегенде үш-төрт жолы қатарынан бір дыбыстан, дәлірек айтсақ, біркелкі буыннан басталатын сөздермен келгенде, дыбыстар гармониясы жақсы байқалады. Мұндайда кейде үн сазын жағымды етіп келтірумен қатар, өзге де стильдік мақсаттар көзделуі мүмкін. Мысалы, «Қобыланды» жырында батырдың анасы аттанып бара жатқан баласының амандығын тілеп, жалбарынған сөздері:
Қамбар, өзің қолдасаң,
Қолдамайтын кім бар-ай!
Қазанға қайдан жол қылдың,
Қараман деген заңғар-ай?
Қала қоймас Бурыл ат
Қатар шапқан жарыстан, –
деп келеді. Мұндағы өлеңнің алты жолының қ деген дауыссыздан, дәлірек айтсақ, қам, қол, қа деген буындардан басталып тұруы осы жолдардың алдындағы:
Көл иесі Қамбар-ай,
Шөл иесі Қамбар-ай!—
деген «ие» аты Қамбар сөзімен үндес етіп тұр. Міне, бұл – енді белгілі бір негізі, дәлелі бар қолданыс, яғни бұл жердегі аллитерациялық анафора образ жасау мүддесін көздеген деуге болады.
Өлең жолдарының біркелкі дыбыстан басталуы XV-XVII ғасыр ақын-жырауларында тіпті жиі кездеседі. Бұларда өлеңнің қатар келген төрт-бес жолында ассонанс немесе аллитерацияның қолданылуы – кәнігі амал. Мысалы, XV ғасыр жырауы Қазтуған өзінің «ақ ала ордасы қонған жұртын»:
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер.
Жарлысы мен байы тек,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған...–

деп жырлайды. Мұнда жырау ж мен б дыбыстарын «ойнатады». Бұл жерде образ жасайтын стильдік мақсаттан гөрі, өлеңнің үнділігі, дыбыстық әсері көзделген деуге болады.


Қатарынан төрт-бес жолы аллитерация немесе ассонанспен келген өлең-толғаулар XV-XVI ғасырларда жасап өткен Асанқайғыда да, Доспамбетте де, Шалкиізде де баршылық. Асанқайғыдан:
Ойыл деген ойыңды,
Орын тапсаң тойынды.
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің...
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген.
Екі семсер қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген
Еділ деген қиянға
Еңкейіп келдің тар жерге... –
деген жолдарды оқысақ, мұнда бабамыз о мен е дауысты дыбыстарын ассонанстық анафораға жегіп, жырдың құлаққа жағымды әуенін тапқан. Доспамбет те а, қ, т, ж дыбыстарынан басталған сөздерді қатар тұрған өлең жолдарында келтіріп, қазақ сөздерінің дыбыс үнділігін әдемі берген:
Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара аузына қан қатты.
Жарықшылар жоқ па екен,
Жармай білте саларға.
Жағдайсыз жаман қалып барамын
Жанымда бір туғанның жоғынан...
Немесе:
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым – өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым – өкінбен.
Тобыршығы биік жай салып,
Дұшпан аттым – өкінбен...
Шалкиіздің толғауларынан да үш-төрт жолдың басы қатарынан бірдей дыбыстан басталатын сөздермен келетін тұстарын оңай табуға болады.
XV-XVII ғасырлардағы қазақ поэзиясының тармақ басындағы ассонанс пен аллитерацияға құрылған анафораға кеңірек баруына өлеңнің оқуға емес, тыңдауға арналғандығы да себепкер болса керек. Бұл – бір жағынан, екіншіден, аталған кезеңде ертедегі түркі поэзиясының жасалу техникасында дыбыс ырғағының көбірек сақталғандығынан болар. Зерттеушілердің айтуларына қарағанда, көне түркі поэзиясындағы өлең құрылысы аллитерацияға иек артқан, ол әрі ұйқас, әрі шумақ құраушы қызмет атқарған40. Бұл жерде әңгіме көне түркі поэзиясындағы (мысалы, Күлтегін ескерткішіндегі немесе Махмұт Қашғари келтірген өлең жолдарындағы) аллитерация жайында, яғни тармақтардың, кейде тіпті тұтас шумақтардың өн бойында біркелкі дыбыстардың қайталап отыруы туралы. Мысалы, Күлтегінге арналған үлкен жазбадағы:
Қаған ат бунта біз біртіміз
Сіңлім кунчуйуп біртіміз
Өзі йаңулту, қағаны өлті,
Будуны куң кул болты, —
деген жолдарға көңіл аударыңыз (біз бұл шағын тексті қазіргі оқырманға қолайлырақ болсын деп, латын әріптерімен емес, осы күнгі графикамызбен бердік). Мұнда қ, б, ө дыбыстарының кайталап келуі осы микротексті өлең іспеттес үнді құрылымға айналдырып тұр.
Өлең құрастырудағы көне түркілік басқы ұйқас немесе тармақ ішіндегі дауыссыздар біркелкілігі (аллитерация) сияқты амал қазақтың ақын-жыраулар поэзиясында көпке дейін сақталып келгенін айта аламыз. Сірә, бұл жерде біз түркі поэзиясының аллитерациялық жүйесі орта ғасырларда мұсылман мәдениеті күшті әсер етпеген ортада, айталық, қазақтарда қолданыстан көп ығыспағаны байқалады, яғни араб, парсы поэзиясының аруз деп аталатын өлең өлшемінің түркі жазба поэзиясына әсер еткеніндей, қазақтың төл халықтық поэзиясына ықпалын тигізбегенін зерттеушілер көрсетіп келеді, оның есесіне түркінің поэтикалық көне тәсілдері ізін суытпай келгені айтылады.
Аллитерация мен ассонанс сияқты дыбыс үнділігін, әрине, тек ауыз әдебиеті мен ауызша тараған ақын-жыраулар туындыларының көріктеу тәсілі деуге болмайды. Эвфония қарастыратын дыбыстық қайталаулардың қай-қай түрі де: аллитерация, ассонанс, анафора, эпифора, ұйқас, ырғақ көркем сөзде, әсіресе өлең сөзде белгілі бір әсер туғызатын, яғни эмоциялық бояу үстейтін стильдік тәсіл болса, оларды қай дәуірдің сөзгері болса да қолданбай отырмайды.
Қазақ көркем сөзіне дыбыс сазының, үн гармониясының бірден көзге түсетіні де, ең жиі кездесетіні де, сөз басындағы дыбыстардың біркелкі болып келетіндері. «Біркелкі» дегенде тек бір дыбыстың қайталануын ғана емес, қатар тұрған сөздердің басында не ішінде үнімен табиғаты жағынан ұқсас дыбыстардың қайталап келуін де түсіну керек. Ол ұқсас дыбыстар: т-д, с- ш- з, б-п, қ-к, ғ- г, а-ә, ұ-ү, ы- і, о-ө сияқтылар. Мысалы, Абайдың Түзу кел, қисық, қыңыр, қырын келмей деген өлең жолында қ-к дыбыстарынан басталатын сөздер шоғырланған.
Аллитерация мен ассонанс тәсілі тек өлеңнің музыкалы, үнді болып шығуы үшін ғана емес, белгілі бір стильдік мақсатпен де қолданылады, олар экспрессивтік жүк арқалап тұруы мүмкін. Мысалы, Мұхтар Әуезов сияқты сөз құдіретін көрсете білген шебер жазушы «Қарагөз» трагедиясында Сырым «Қарагөз ғашықтық дертінен жынданыпты» дегенді естігенде айтқан монологін бергенде, тексті аллитерация мен ассонансқа құрады, оларды кейіпкердің жан дүниесін көрсетуге жұмсайды, Сырымның сүйгенінен айырған күшке деген лағынетін, Қарагөзге деген асқақ сезімін білдіруге пайдаланады: Сырым мен Қарагөздің қосылуына олардың бір рудың жеті атаға жетпейтін Өсер деген бұтағынан туғандығы бөгет болған, екеуі де алты атадан қосылатын Өсерден өрбігендіктен, бір-бірін сүюге де, қосылуға да құқықтары жоқ, шариғат қосса да, ата-баба заңы қоспайды, сондықтан Сырым осы заңға лағынет айтады, оған Өсер деген ата атауы сол заңның өзі болып түрпідей естіледі: Лағынет, лағынет болсын саған, Өсер аулы! Өсер... Өсер... Не есер? Тек зұлымдық өсер нөсер болып сенен. Сор өсер, ар өшер!.. Өскенде тек зар өсер, өсер сенің лағынет табаның астында! Монологтің бұл тұсында Сырым с, з дыбыстарын сөз сайын дерлік келтіріп, іштегі суылдап кернеген ызасын, тістенген кегін үнмен (с, р дыбыстарын үздіксіз қайталаумен) білдірсе, осы монологті: Кегім, кегім, Қарагөзім! Аяулы ару ардақтарым! Арнадым саған сол әділ ашу-кегімді!...– деп аяқтайды. Мұнда енді аллитерация мен ассонансты жасайтын дыбыс үндері өзгерген: к-мен келген аллитерация Қарагөз деген арнау сөзге екпін түсіру үшін жұмсалған, ал а, ө дыбыстарының сөз бастарында қайталануы өзгеше бір үнді, айталық, махаббатына деген адалдығын, сертін білдіруге «көмектесіп» тұрғанға ұқсайды.
Енді Абай өлеңдерінің үніне оралайық. Абай өлең құрылысында эвфонияға, үн гармониясына қатты назар аударған. Өзі де сөз өнерін жақсы сезген, өлең текстеріне ән шығарған композитор Абайдың құлақтан кіріп, бойды алатын, жақсы ән мен тәтті күйге, жалпы үн жарастығына көңіл қойып, мән бермеуі мүмкін емес. «Көңілім әнді ұғады, жүрегім бойды жылытып» деп, әнді, музыканы ерекше атап, оған арнайы өлеңдер шығаруы да тегін емес.
Ұлы ақынның өлеңді, поэзияны тақырып еткен туындыларымен қатар, әнді (қазақтың халықтық тілінде де, тіпті Абайдың өзі де әнді кейде «өлең» деп атайды), ән салуды сөз еткен шығармалары бар екенін білеміз. Әнге, яғни сазды өлеңге және жалпы поэзияға бір емес, алты туындысын арнағанын ақын өзі де айтады: «Білімдіден аяман сөздің майын, Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын». Дегенмен өлең тексінсіз ән айту болмайтындықтан, поэзияны да, сазды өнерді де «өлең» деп қосып жібергені сияқты, «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» деп басталатын шығармасын ақын «туғанда дүние есігін ашатын», яғни «бала туса, шілдехана күзетіп айтылатын», адам денесі жер қойнына кіргенде дауысталатын жоқтау өлең сияқты сазды өлең, ән-өлең, ән салу туралы бастап, поэзияға, оның қоғам өміріндегі орнына, өзіне дейінгі кейбір ақындарға деген көзқарасымен аяқтайды. Демек, Абай поэзияны да ән сияқты музыкамен, үн сазымен қабысып шыққан дүние деп біледі. Ақын танымында ән (музыка) – көңілдің көлеңкесі, ән арқылы көңіл құсы шартарапқа құйқылжиды, ән ұйықтап жатқан жүректі тербеп оятады, сондықтан жақсы әнді «ой көзімен» тыңдау керек. Сол сазды өнер – әнді есті де, есер де етіп танытатын немесе «құлақтан кіріп, бойды алатын» әуенімен қатар, сөзі – поэзия екенін ойшыл Абай жақсы біледі. Құр біліп қоймайды. Поэзияның әнмен ғана емес, сөзбен айтылғанда, не оқығанда құлаққа жағымды, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиюін талап етеді. Ол үшін өлеңнің сөздері бір-бірімен үндесіп, әуендесіп, «сыңғырлап» тұруы қажет.
Әрине, ондай әуенді әуелі ырғақ, өлшем, ұйқас деген өлең шарттарының өзі туғызады, бұлар болмаса өлең де шықпаған болар еді. Сонымен қатар поэзия үнділіктің, саздылықтың, музыкалылықтың өзге де амалдарын іздейді. Ол амалдардың бірі, жоғарыда айтылғандай, дыбыс үндесуін көрсететін аллитерация мен ассонанс болса, енді бірі – сөздердің, тұлғалардың қайталаулары арқылы үндестік туғызатын анафора, эпифора, параллелизм құбылыстары екендігі мәлім. Бұлардан басқа ішкі ұйқас дегендер өзге де стильдік қызметтерімен қатар фоникалық қызметті атқарады, яғни үн жарасымын туғызады. Осының барлығын ұлы Абай теория жүзінде оқып білмесе де (ол әдебиет теориясы курсын университетте оқыған жоқ қой), оның «Құдай берген» ақындық қуаты өлең табиғатын тап басып, дәл сезінуіне мүмкіндік берген. Сондықтан Абайда аллитерациямен де, ассонанспен де келген өлең жолдарын жиі кездестіреміз.
Қазақ өлең теориясында дыбыстар үндесуінің бұл түрлерін көбінесе қатар келген сөздердің басқы дыбыстарының біркелкі болуынан іздестіреді. Ал шындығында өлеңнің бір жолында немесе қатар тұрған жолдарында жұмсалған сөздердің тек қана басында емес, өн бойында кездесетін дыбыстардың біркелкілігі де ассонанстық немесе аллитерациялық құбылыс түзейді. Мысалы, Абайдың: Сұм-сұрқия сұмдықпен еп берем деп, Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп деген өлең жолдарында тек с дауыссызымен келген аллитерация емес, ұ, ү, е дауыстыларымен берілген ассонанс та орын алып тұр. Немесе: Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың – деген өлең жолында күндіз күлкің деген аллитерациямен қатар, бұл тармақ тұтасымен ұ, ү дауысты дыбыстарымен жасалған ассонансқа құрылған. Бұл жолдың айтылуы, яғни құлаққа естілетін үні: күндүз күлкүң бұзұлдұ, түндө ұйқұң болатынын ескерсек, өлеңнің бұл жолы тұтасымен дауыстылар біркелкілігін сақтап жасалғанын көреміз.
Сірә, Абай өлеңдерінің құлаққа жағымды болып, «төгіліп» немесе «сылдырап» тұратын үні осындай дыбыстар гармониясына байланысты екенін екінің бірі теория жүзінде біліп жатпағанымен, сол өлеңді оқығанда не дауыстап айтқанда, я болмаса құлақпен естігенде бейне бір музыкалық дүние тыңдағандай әсер алады.
Абайдың кейбір өлеңдері – тұнып тұрған аллитерация мен ассонанс. Мысалы, «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» деп басталатын өлеңінің көп тармақтары аллитерациямен берілген: той болса, тон киелік, жүр баралық... күлкіні онша күйлеп шуламалық... салынба қылсаң дағы сан құмарлық... жарлылық, жалынышты жалтаң көздік... Бұл өлеңде ассонансты жолдар да бар: үзілмес үмітпенен бос қуардық... әйтеуір ақсақалдар айтпады деп... уайым – ел қорғаны, есі барлық... еһе-еһеге елірме, бозбалалар... Бұл келтірілген мысалдардағы аллитерация мен ассонанстар үн гармониясы үдесінен шыққан.
Сондай-ақ Абай дыбыс үнділігін образ қажетіне де жаратады. Әсіресе мұндайда ақын аллитерацияға құрылған анафораға жиі жүгінеді. Мысалы:
Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең, алмайды.
Саудыраған жезіне,
Саудырсыз сары қамқаны
Садаға кеткір сұрайды
Самарқанның бөзіне, —
деген өлең тармақтарында олардың бастамасы са-сау-сам деген буындардан тұрған сөздермен келуі образ үдесінен шығып тұр. «Патша Құдай, сыйындым» деп басталатын бұл шағын өлеңнің идеясы – ақын сөзінің құнын білмейтіндерге сын айту. Ал ақын сөзі (өлеңі, творчествосы) – ол алтын, жай алтын емес, таза алтын, мұндағы сары сөзі парсыша «қоспасы жоқ, таза» деген сөз, демек, қоспасыз таза алтын саналатын өлең сөздің бұл бағасын одан сайын көтеріп айту үшін енді орыстың самородный сөзін келтіріп, ақын екі қоянды бір оқпен атып алып отыр: самородный және сары деген екі шет тілдік сөзді қатар келтіріп, олардың эпитеттік әсерін күшейтсе, «Құдай оңдағанда» екеуі де аллитерация жасайтын бір дыбыстан басталатын сөз болып, өлең жолының үнін ғана келтіріп тұрған жоқ, сонымен қатар самородный сары алтын болып бағаланып тұрған поэзияға ой екпінін түсіріп, оған оқырман назарын аударған. Саудырсыз сары қамқа деген де дәл осы іспеттес: бұл жердегі сары – қазақтың түсті білдіретін өз сөзі, саудырсыз (саудырамайтын, яғни үлбіреп тұрған) да қамқа сияқты матаның жақсы белгісін білдіреді. Мұнда аллитерациялы екі сөз қатар келіп, әрі образды күшейтіп, әрі сөздердің бір үнділігімен олардың эвфониялық гармониясын келтіріп тұр.
Абайда аллитерацияға құрылған дыбыстық анафора едәуір мол қолданылған. Бұған мысал болатын үлгінің бірі – қайтыс болған сүйікті інісі Оспанды есіне алып жазған 16 жолдық өлеңі. Бұл – жоқтау өлең емес, портрет өлең, Оспанның адамгершілік портреті. 16 жол өлең түгелімен ж дыбысынан басталатын сөздердің жол басында келтірілуімен құрылған:
Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай.
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жау жүрек жомарт кұбылмай,
Жақсы өмірің бұзылмай,
Жас қуатың тозылмай, Жалын жүрек суынбай,
Жас біткеннен түңілмей,
Жағалай жайлау дәулетің
Жасыл шөбі қуармай,
Жарқырап жатқан өзенің Жайдақ тартып суалмай,
Жайдары жүзің жабылмай,
Жайдақтап қашып сабылмай.
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!
Бұл шағын өлең – Абай творчествосындағы орны айрықша, көркемдік құралдары мен грамматикалық құрылымы жағынан өзге ешкімде, тіпті Абайдың өзінде аналогі жоқ дүние. Оның жеке-даралығы, ең алдымен, тұтас бір өлеңнің, бастан-аяқ аллитерациялық анафораға құрылғандығынан көрінер болса, екіншіден, ж-мен келетін аллитерациялық кұрылыстың тармақтардың тек басында емес, өн бойында сақталуынан да байқалады: жасқанып жауға тығылмай... жау жүрек жомарт құбылмай... жалын жүрек суынбай... жайдары жүзің – жабылмай... Бұл 16 жолдық өлең бір ғана тирада (шоғыр) және бір ғана сөйлемнен тұрады. Бұл да осы өлеңнің қайталанбас ерекшелігі, өйткені бұл – синтаксистік сирек құрылым: 13 бағыныңқы, 1 басыңқы компоненті бар бір ғана құрмалас сөйлем. Өлеңнің осы көркемдік және грамматикалық ерекшелігінің екеуі де бір ғана идеяны – Оспанның моральдық портретін беретін тұтас дүниеге айналдырып тұр. Демек, стильдік-көркемдеуіш мақсатты көздеуде де Абай сирек кездесетін шеберлікке барған.

Абайдың тілі зерттеліп келді дегенге екі түрлі ұғымды сыйғызуға болады: бірі - ұлы қаламгердің тілі туралы жалпы пікір айту, екіншісі Абай шығармалары тілінің өзін талдап-таныту. Әдетте, жеке жазушының (ақынның) тілі жайындағы әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де индивидуалдық ерекшеліктерін талдау болып келеді. Әсіресе поэзия иесінің тілін тану дегенді оның поэтикалық тәсілдерін, ол тәсілдердің тілдегі көрінісін зерттеу деп білу керек. Сонымен қатар Абай сияқты қаламгер тілін структуралық жағынан талдау арқылы қазақ әдеби тілінің белгілі бір кезеңдегі сипатын тануға болады, өйткені Абай - дайын тұрған қалып-нормаларды пайдаланған қатардағы жазушылардың бірі емес, сол тілдің даму барысындағы жаңа кезеңін бастаушы, сапалық жаңа түрінің ірге тасын қалаушы адам.


Қай тұрғыда болса да, Абай тілін әңгіме ету оның творчествосын талдаумен қатар жүріп келді. Әрине, бір дәрежеде, бірдей қарқында емес. Сөз жоқ, ең алдымсн, жазушы творчествосының идеясын, тақырыбын, мазмұнын танып-білу қажет болды. Мазмұнның формасына, яғни қаламгер тіліне үңілу содан кейін басталады.
Абайдың творчествосы туралы пікір айту өткен ғасырдың соңғы жылдары мен үстіміздегі ғасырдың басында басталған болса, тілі жөніндегі тиіп-қашты сөзді де осы тұстардан бастап оқимыз. Біздіңше, Абайдың тілі туралы ең тұңғыш айтылған пікір - орыстың көрнекті ғалымы П. М. Мелиоранскийдікі. Ол 1901 жылы айтылған. Акад. Ә. Марғұланның мағлұматы бойынша, князь В. А. Кудашев жинаған Абай өлеңдерінің (Ленинградта, География қоғамының архивінде сақтаулы) қолжазбасын П.М. Мелиоранский редакциялайды. Мұнда Абай өлеңдерінен басқа да үлгілер болады. Қолжазбамен танысқаннан кейін редактор былай деп жазыпты: «Бұл жинақта мазмұны жөнінен, әсіресе мына дүниелер қызықты: «Жыл мезгілдері», «Бүркітші», «Өсекші», «Әйелдің сипаты». Бұл шығармалардың тілі азды-көпті кітаби»1.
П. М. Мелиоранский бұл өлеңдердің авторының кім екенін білмейді (өйткені А. К. деп инициалы ғана қойылған), сондықтан олардың циклын көрсетіп атайды. Абайдың мұндағы өлеңдері осындай тақырыптармен берілген екен. Өткен ғасырда қазақ тілін мұқият зерттеген бұл ғалымның осы бір ауыз сөзінен екі нәрсені түйеміз. Бірі - ғалымның көзі көп дүниенің ішінен асыл бұйымды біртен айырып танығаны, екіншісі - Абан өлеңдерінің тек мазмұны ғана емес, тілі туралы да тұңғыш пікір айтқаны. Бұл жердегі «азды-көпті кітаби» дегенді екі түрлі жорамалдауға болады. Мұнда ақын өлеңдері сол кезеңге тән шағатайша-татарша орфографиямен жазылғанына қарап «кітаби тілге» жуық деп тануы мүмкін. Бірақ бұл - неғайбіл, өйткені Кудашев қолжазбасына кірген Абай шығармалары - жыл мезгілдері туралы өлеңдері, «Қансонарда...», «Өлең сөздің патшасы...», «Қартайдық, қайғы ойладық», «Жігіттер, ойын арзан,..» тәрізді азаматтық тақырыптағы нағыз «қазақы» туындылары. Бұлар емле жағынан қанша шағатайшыланғанмен, тілінің шынайы қазақтығы әудем жерден көрінетін дүниелер. Ондайды П. М. Мелиоранский сияқты мұқият, жетік ғалым сезбей, білмей тұрмаса керек. Сондықтан оның «кітаби» деп отырғаны, біздіңше, басқаға меңзейді: Абай өлеңдері сол жинаққа енген ауыз әдебиеті нұсқалары мен өзге ақындар өлеңдерінен өзінің жазба әдебиетке тән белгілерімен ерекшеленіп, көзге түскен. Абай өлеңдерінде негізгі поэтикалық идеяны нақ бермейтін «буырыл тайлар» мен «терең сайлардың» жоқтығы, образдардың тыңдығы, өлеңнің ритмикалық-интонациялық жағынан да бұрынғы дәстүрден шығып, құбылып келуі - осылардың барлығы сөз қадірін танитын ғалымның көзінен таса қалмай, ақын өлеңдерін жазба әдеби тілде туған деген пікір айтқызған тәрізді. Олай болған күнде бұл - Абайдың тілі жөнінде тап басып, дұрыс айтылған тұжырымдардың бастамасы болмақ. Қазақ топырағында ақынды танып-білу әрекеті үстіміздегі ғасырдың 10-жылдарынан басталса, тілі жөніндегі ой-пікірлер де осы тұста айтыла бастайды. Рас, бұлар әлі тым келте, дәлелі мен дерегі әлсіз. Бұл кезеңдегі назар аударатын пікір - Сұлтанмахмұт Торайғыровтікі. Ол «Айқап» журналының 1913 жылғы төрт нөмірінде «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақала жариялап, онда сол тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн-мәнімен қатар тілін де азын-аулақ сөз етеді: «Нағыз шың айтқан уақытта қазақ тілінде деп бастырып жүрген кітаптардың көбінде қазақтың исі де жоқ. Неге десеңіз, тілдері бытпырақ. Бытпырақ болмағандарының ағыны теріс...»2 дейді. Мұнда «бытпырақ», «шата тіл деп отырғаны - сол кезде қазақ поэзиясының, жалпы қазақ жазба дүниелерінің тіліне шағатайша, татарша элементтердің араласып бара жатқанын айтып, қазақ әдебиетінің қазақтың халықтық өз тілі негізінде дамуына бүйрегі бұрғаны.
Жоғарғы сөздерді айтып келіп, мақала авторы: «Жақсы өлеңдер басқаларға қарағанда пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай, соқыр кісі сыбдырынан танырлық ақ құла ашық тұрады. Марқұм Абай өлеңдері секілді» - деп түйеді. Бұл - жалпы тұжырым болғанмен, Абайдың тілі туралы дұрыс танып берілген және қазақтың демократтық бағыттағы әдебиеті уәкілінің аузынан шыққан баға.
1922-1923 жылдардағы ақын тіліне қатысты азын-аулақ пікірлерді оның 1922 ж. Ташкентте шыққан өлеңдер жинағының редколлегия атынан берілген ескерту сөзден және «Ақ жол» газетінің 1923 жылғы бірнеше санында басылған татар ғалымы Абдурахман Сағдидың мақаласынан табамыз. Ұлы ақын шығармаларының 3-басылымы деп ұсынылған 1922 жылғы жинақта (Ташкентте басылған) Абай текстерінде бірсыпыра түсініксіз сөздер бар екендігі, олардың бірқатары ақын туып-өскен өлкеде қолданылғанмен, Түркістан қазақтарына бейтаныстау екендігі, халық тіліне енбеген араб, парсы, орыс сөздері де Абай мұрасын түсініп оқуға сәл кедергі жасауы мүмкін екендігі айтылады да, кітап соңында оларға түсініктер беріледі.3
Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны мен ұстаған бағыт-бағдары жайында 20-жылдардың ішінде, тіпті 30-жылдардың екінші жартысына дейін баспасөз: бетінде болып келген әр сипаттағы диспут-таластар үстінде де ұлы ақынға әділ немесе бұрыс баға беріп, пікір таластырған адамдар оның тілі туралы да бір-екі ауыз сөзден айтып өткен. Бұлардың ішінде әсіресе ЬІдырыс Мұстамбаевтың батыл және ашық айтқан пікірлері Абай тілі жөніндегі қазіргі көзқарастарымызбен ұштасып жатыр. Ол Абайдың тілі өте шебер екендігін, «жабайы тілмен отырып орайтын мағынасы тым үлкен, қозғайтын сезімдері аса нәзік болып» келетіндігін айтады да: «Ел мейлі не десе о десін, біз өзіміз тіл жағына келгенде, Абай Пушкиндей демесек те, істеген: еңбегінің қадірі одан бір де кем емес деп ойлаймыз» - ден қорытады 4.
1930-жылдардың орта шенінен бастап Абайдың тілі жөніндегі пікірлер молырақ және айқынырақ айтыла бастайды. Әсіресе бұған 1934 жылы ақынның қайтыс болғанына 30 жыл толуын атап ету шаралары үлкен себепкер болғанын көреміз. Осы жылы Абай жөнінде баспасөз бетінде жарияланған мақала-еңбектердің көпшілігінде дерлік ақынның тілі туралы пікір айтылып өтеді, суреткер тіліне арнайы жазылған мақалалар да осы кезден басталады. Мысалы, Құдайберген Жұбанов, Ілияс Жансүгіров және Есмағамбет Ысмайылов пен Зейін Шашкиндер ұлы ақынның тілге деген көзқарасы мен еңбегін, сөз қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді.
Мұхтар Әуезов Абайдың ақындығы, оның қазақ әдебиетінде алатын орны мен жаңа дәуір үшін маңызы жөнінде ертеректен бастап ізденген, ара-тұра айтып келген пікірлерінің үлкен бір түйінін 1934 жылғы «Абай ақындығының айналасы» атты еңбегінде бір тастап өтеді. Сол тұста Абайдың тілі туралы да дәлелді сөз айтады. Мұнда Абайдың «шағатайша» өлеңдерін, олардың тілін өзге мұраларынан бөліп қарайды. Шағатай әдебиеті үлгісіне, соның әсері мен тіліне Абай таза еліктеу нәтижесінде келгенін, ақынның поэзия есігін қағар шақта ізденген, бірақ үйрену орнына еліктеген әрекеті екенін айтады. Бұл үш өлеңде әлі қазақ ақыны Абай жоқ, бұларда «тақырып, тіл, ырғақ, кейде ұйқас және теңеу, салыстыру суреттері (көзі - гәуһар сияқты) - бәрі де өз төркінін кім екенін танытып тұр»5 дейді.
Бұл пікірді М. Әуезовпен қатар I. Жансүгіров те айтады. «Ер жетпей тұрған кезіндегі» Абайдың шағатай үлгісіне еліктеуінің себебін де ашып кетеді. Құнанбай аулы сияқты молда, қожалы ауылда өскен, Семейдегі дін мектептерінде оқыған Абайдың кітаби өлеңдер тілінен, шағатай тілінен әсер алуы заңды екенін көрсетеді. Абайдың бұл еліктеу көпірінен тез өткенін, бетін қазақтың халықтық өз тіліне бұрғанын, әрі қарай «қазақтың таза тілін, күшті сөздерін жаңа мазмұндарға қалап, жаңа мәдениетке, жаңа әдебиетке жөн тартқанын» айтады.6
Бұл екі зерттеушінің осы пікірі Абайдың тілі жөнінде кейінгі ой айтушыларға бас ноқта болғанын көреміз.
Абайтанушылардың ең мықтысы М. Әуезов өзініқ ұзақ жылдар бойы ұлы ақынның өмір кешкен жолы мен қалдырған мұрасына үңілген ұлан-асыр еңбегінде Абайдың тілі жөнінде де дұрыс әрі түбегейлі, програмдық сөздер айтып отырды. Жоғарыда көрсетілген ойын 1951 ж. жазған «Абай мұрасы жайында» деген еңбегінде де, сол тұстарда дайындаған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» деген монографиясында да және бір қайталап анықтай айтады. Сонымен қатар Абайдың таза қазақша тілі жайында М. Әуезов мынадай пікірлер білдіріп, тұжырымдар ұсынады:
Ең алдымен, Абай - көркем әдебиеттің, поэзияның тілі ретінде өз тұсында көріне бастаған кітаби тілді емес, қазақтың халықтық тілін қалайды. «Горькийдің Пушкин турасында айтқанындай, қазақтың халық тілін, әдебиет тілін қалай жасау керек екендігін, халықтық қорды қалай пайдалану дұрыс болатынын көрсетеді»7. Ол үшін Абай қазақтың халықтық тілін жақсы білген, ескі ақындарын, кемел шешендерін, жорықшыл батырлары жайындағы жырларды танып-біліп өскен дейді.
Абайдың қазақ әдеби тілінің даму тарихындағы орны жайындағы М.Әуезовтің бір пікіріне көңіл аудартуға тура келеді. Кейбір лингвист ғалымдардың Абай тілі туралы 50-жылдарда айтқан сөздерінде «қазақтың әдеби тілі Абайдан басталады» деген тұжырым болды. Шындығында қазақтың жалпы әдеби тілі, жазба әдеби тілі, қазіргі әдеби тілі дегендер барлығы бір категория емес. Егер Абай қазіргі жазба әдеби тіліміздің негізін қалаушы десек, ол түсінік қазақтың жалпы әдеби тілі Абайдан ғана басталады дегенмен бара-бар ұғым болып шықпайды. Білімдар М. Әуезов бірден осыны қатты аңғартады. Қазақта Абайға дейін де ғасырлар бойы әдеби тілі бар болып келгенін жоққа шығаруға болмайтынын баса айтады. Ол тіл - ауызша шешендік пен ақын-жыраулар туғызған поэзия тілі екенін де зерттеуші ашып айтады. «Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы, шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар, Махамбеттерде әдеби тілдің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?»8- дейді. Бұл жерде М. Әуезов Бұхар, Махамбеттерді атау арқылы қыруар өзге ақын-жыраулардың туындылары да әдеби тілді танытатып үлгілер екенін білдіреді.
Осы жерде Абайдың өзіне дейінгі немесе өзімен тұстас қазақ ақындарының тілі жөніндегі көзқарасын білдіреді деген бір ауыз өлеңі жайындағы талас пікірлерді көрсете кету өте қажет. Ол – Абайдың:
Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау,
Өлеңі бірі - жамау, бірі - құрау.
Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ көрінеу тұр-ау!-
деген өлеңі. Бұдан Абайдың Шортанбай, Дулат, Бұхар жырларын естіп, танып, жаттап, тіпті тамашалап өскенін сезуге болады. Абайдың осы төрт жолы арқылы «Абай мен оған дейінгі және онымен тұстас қазақ әдебиеті» деген проблеманың шешімін іздеуге тура келеді. Ал, Абайды әңгімелеу үшін одан өзге қазақ ақын-жырауларына соқпай ету мүмкін емес. Сондықтан да болар, Абайдың творчествосы мен тілі туралы шағын мақаладан бастап, монографияға дейін қалам тартып көрген зерттеушілердің ішінде осы шумақты сөз етпей кеткені кемде-кем. Бірақ әркім әр түрлі түсініп, бұл шумақтың мән-мағынасы жөнінде екі ұдай пікір болып келгендігі және байқалады. Бірі - Абай осы бір ауыз өлеңінде өзіне дейінгі ақындардың тілін сынап, қазіргіше айтсақ, әдеби үлгіде емес деп таниды деген болжам, екіншісі - Абай бұл шумағында олардың тілін емес, шығармаларының мазмұнын, тіпті идеологиясын сынап отыр деген тұжырым. М. Әуезов осының екіншісін қолдайды: «Абай «өлеңдері бірі - жамау, бірі - құрау» дегенде, олардың өлең ұйқастарын, сөз қиыстырып жүрген ақындығын олқысынып отырған жоқ. Үшеуінің бірдей идеясын, бәріне ортақ ой кедейлігін әшкерелейді»9-дейді. Абайдың бұл айтқанын өзге зерттеушілердің бірқатары (М. С. Сильченко, М. Сәрсекеев, т. б.) осылайша түсінеді. Біз де бұл жерде Абайда өзіне дейінгі, өзінен өзге қазақ қаламгерлерінің тілін мансұқ ету пиғылы жоқ, оның сыны поэзияның әлеуметтік миссиясына үлкен міндет арту ниетімен айтылған деген пікірді қуаттаймыз.
Керісінше, бірқатар зерттеушілер Абай бұл өлеңінде Бұхар, Шортанбай, Дулаттардың ақыңдық өнерін, тілін қомсынады дегенді білдіреді. Мүмкін, тіпті Абайдың осы сөзіне арқа сүйеген болу керек, кейбір ғалымдар Бұхар, Дулаттардың тілі әдеби емес дегенге дейін барады, енді біреулері бұлардың тілі мүлде әдеби емес-демее де, Абай мұнда өзіне дейінгілердің поэтикалық шеберліктерін сынап отыр деп таниды.9 Ақын мұрасын; жан-жақты ұзақ жылдар зерттеген Сәбит Мұқанов та, Абайдың осы шумағын ақындық шеберлік жайындағы сын деп табады. Абай Шортанбайларды «сөз сатқандығы» үшін емес, өлеңдерінің сыртқы құрылысының «теп-тегіс жұмыр, іші алтын, сырты күміс» болмағандығы үшін, бұрынғы сарыннан сытылып шыға алмағандығы үшін мінейді» - деп табады.10
Сөйтіп, Абайдың төрт жолдық бір шумағында не айтпақ болғанын түсіну үстінде қазақтың әдеби тілі проблемасына қазіргі зерттеушілердің көзқарасы да айқындалады.
Біздіңше, Абай өзі білетін ұлылы-кішілі сандаған ақын-жыраулар ішінен Бұхар, Шортанбай, Дулат үшеуін бөліп атау арқылы оларды екі ғасыр бойындағы қазақ әдебиетінің белгілі бір тобының өкілдері деп танитынын білдіреді. Сол үшеуін атау арқылы осы топтағы ақын-жыраулардың идеялық бағыты мен творчестволық мақсатын сынайды. Өзінің осы топтан демократтық-прогрессивтік идеологиясының межесін осы жерде, осы шумақта ажыратып алады, аулын олардан аулақ апарып қондыратынын білдіреді. Бұл үзіктегі «құрау мен жамаулар», «көрінеу тұрған кемшіліктер» - олардың тіліне, поэтикасына берілген баға емес. Бұл жердегі «сөз» деген сөз лингвистикалық категория ұғымында емес (мүмкін, кейбір зерттеушілерді шатастырған бұл шумақтағы «сөз» сөзін тура мағынасында ұғушылық болу керек). Мұндағы «сөз» - бүкіл творчество, өлең-жыр, айтылған идея мағынасында. Абай «сөз» сөзін 400-ге жуық рет қолданғанда, оны түгел дерлік осы ұғымда жұмсаған.
М. Әуезов Абайдың қазақ әдеби тілінің даму жолындағы орнын көрсете келіп, екі ерекшелігін атайды, бірі - «қазақтың халықтық, салттық және өзінен бұрынғы ауыз әдебиетіне көрік берген мол, шебер сөздік қорынан пайдаланып, халықтың әдебиеттік тілін қалай жасаудың жолын көрсетуі», екіншісі - «қазақ қоғамы ортасында Абай заманында кіре бастаған жаргондық сипаттағы кітаби шұбар тілден іргесін ашып алуы, одан бас тартуы»11- дейді. Сонымен, М. Әуезов Абайдың тілі туралы барлық айтқан ой-пікірін: «Абай - әдеби тілді бастаушы ғана емес, өзінен бұрынғы әдебиет тілін халықтық әдебиет тілі сапасында өсіре, байыта, сұрыптай түскен классик деп білеміз» - деп түйеді. 11
Ұлы ақынның тілге көзқарасы, тіл жөніндегі ұстаған бағыты жайында едәуір пікір білдірген адам - Сәбит Мұқанов. «Қазақтың әлеуметтік тұрмысында Абайдың үлкен еңбек сіңірген мәселесінің біреуі - қазақтың әдебиет тілін жасау, қазақ поэзиясын бұрынғысынан да жоғары сатыға көтеру» деп бастап, Абайдың өз тұсындағы «кітаби тіл» дегеннен іргесін аулақ салғанын, өзііне дейінгі қазақ ауыз әдебиеті мен ақындар үлгілерінің тіліне иек артқанын айтады. Жазушы-ғалым С. Мұқанов Абай тілі туралы осы көзқарасын кейінгі жариялаған Абай туралы монографиясында қайталап, толықтыра түседі, реті келген жерде мысалдармен дәлелдейді.10
Абайдың тілі жөнінде елеулі пікір айтқан ғалым - Қажым Жұмалиев. Өзінің мектепке арналған оқулықтарынан бастап, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихы туралы жазылған ғылыми еңбектерінде, әдебиет теориясына арналған жұмыстарында Қ.Жұмалиев ақынның творчествосымен қатар, оның тілі жөнінде де сөз қозғамай кете алмады. Ол пікір айтумен бірге тілдік материалды нақтылы талдайды, көптеген жаналықтарды ашып береді. Ғалымның Абай тіліне қатысты түйіндері мынадай:
1) Абайға дейін де қазақтың поэтикалық тілі дамып келді. Ертеден келе
жатқан қазақ ауыз әдебиетінің, XVIII-XIX ғ. тарихи әдебиеттің өздеріне тән ерекшелігі және жалпы құрылысы жағынан болсын, тілі жағынан болсын өзінше даралық, байырғылық сипаты болды. Абай осындай әдебиеттің о заманнан қалыптасып қалған поэтикалық тілін жоғары мәдениеттік сатыға көтерді.
2) Абай заманында едәуір етек жайған тілдегі шағатайшылау,
татаршылауға қарсы күрес ашты, қазақ тілін аса қадірлеп, таза сақтауға күш салды, оның сөздік қорының бір бұтағы орыс тілі болды.
3) Абай қазақтың мол сөз байлығын қолданумен қатар, көптеген көне
сөздерді, жергілікті сөздерді шебер пайдаланып, өзі де жаңа сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын енгізді.
4) Өлең құрылысына қыруар жаңалықтар қосып, жаңа көркемдеу
тәсілдерін ұсынған. Жаңа образдар жасаған. Мұнда орыс әдеби тілінің әсері мол болған.12 Осы тұжырымдарының барлығын Қ.Жұмалиев нақтылы мысалдармен дәлелдейді.
Ұлы ақынның тілі жайында жеке монография арнамаса да, Абай тілі туралы пікірді Ғ. Мүсрепов, М. С. Сильченко, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайылов, Т. Нұртазин, Т. Әлімқұлов, X. Сүйіншәлиевтер де айтады.
Абайдың тіліндегі, өлең құрылысындағы жаңалықтарды туғызған оның творчествосының мазмұны екендігін танудың Абай тілін түсінуде үлкен мәні бар. Осы пікірді өзінің жинақы тілімен Ғ. Мүсрепов бір-ақ түйіп айтады: «Абай түрді түр үшін емес, айтайын деген ойын дәлірек, өтімді де ұтымды етіп айту үшін іздеген... ол мазмұнға сай түр керектігін терең сезінген».13 Абайдың тілі жайында да әркез пікір білдіріп келген Б. Кенжебаев та ақынның өлең құрылысын да сөз етеді.14 Абай поэтикасының ерекшеліктерін арнайы сөз еткен Е. Ысмайылов ақын тіліндегі жаңа, көне сөздерді, кейбір сөздердің тура және ауыспалы мағынада қолданылуын, поэтикалық синтаксис мәселелерін қозғап, бірқатар мысалдар келтіреді.15
Абайдың тілі туралы жалпы тұжырымнан гөрі нақтылы талдау айту әрекеті Т. Нұртазиннің мақалаларында көрінеді. Ақынның шеберлігіне арнаған еңбектерінде зерттеуші: әдебиет – көрікті мазмұн, мазмұн болғанмен, оның көркі болмаса, ол шығарма көкейге қонбайды деп бастап, Абай бұрын қазақ поэзиясының уысына сыйып көрмеген өтірікті жүндей сабау, киер киімін ып-ықшам қылу, иығы тиісу тәрізді жаңа образдарды, соны сөздерді, тіпті синтаксистік жаңа тәсілдерді (бір сөздің бірыңғаймен келіп қайталануы, жалпылауыш сөз бен біркелкі сөздерді жинақтау) жасады деген түйіндерін мысал келтіріп дәлелдеуге ұмтылады.16
Сөйтіп, әдебиет танушылар тарапынан Абай тілінің зерттелуі негізінен екі тұрғыда болып келгенін көреміз: бірі және бастысы - Абайдың қазақ әдеби тілі дамуындағы алатын орны мен атқарған қызметі жайында жалпы байлам айту, екіншісі - суреткердің сөз қолданысындағы өз қаламына тән жеке сәттерін көрсету мен өлең құрылысына қатысты кейбір тілдік элементтерді ішінара әңгімелеу.
Абай тілі жайында арнайы сөз қозғау - тіл мамандарының міндеті екені аян. Лингвистердің айтары - жалпы тұжырымнан гөрі, нақтылы талдау болмағы және хақ.
Қазақ тілі білімпаздарының ішінде Абайдың тілі жайында бірінші болып терең әрі дәлелді пікір айтып, талдау жасаған - Құдайберген Жұбанов. 1934 ж. жазылған «Абай - қазақ әдебиетінің классигі» деген кітабында17 айтылған пікірлер мен талданған материалдар тек Абайдың тілін емес, жалпы әдебиеттегі орнын дұрыс бағалап, тану үшін зор үлес қосқанын, күні бүгінге дейін құнын жоймаған еңбек екенін атап өтуге тиіспіз.
Сөйтіп, Абай тілін танып-білу шын мәнінде 30-жылдардың ортасынан - Қ. Жұбановтың зерттеуінен басталады да, 50-жылдардың ішінде бұл мәселеге С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, I. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов тәрізді тіл мамандарының қатысуына байланысты едәуір жанданады.
С. Аманжолов көпшілікке арнап 1949 ж. жариялаған «Қазақтың әдеби тілі» лекциясынан бастап, 50-жылдар ішінде жарық көрген мақалалары мен «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері» атты монографиясында Абайдың қазақ әдеби тіліндегі алатын орны мен істеген қызметін кең түрде сөз етеді. Зерттеуші Абайдан бұрынғы және тұңғыш баспасөзге дейінгі (1880-жылдарға дейінгі) баспа бетін көрген бұйымдар, олардың ішінде алуан қиссалар да, Шортанбай, Дулат тәрізді ақындардың шығармалары да жалпы әдеби тіліміздің нағыз үлгісі бола алмайды, жазба әдебиетіміз «Ақмола хабары» (1880), «Дала уалаяты» атты (1894) газеттерден басталады деген пікір айтады.18
С. Аманжолов Абай тілін сөз еткенде, оны диалектология мәселесімен байланысты қарастырады. Зерттеуші XIX ғ. II жартысында, яғни қазақтың ұлттық тілі қалыптаса бастаған дәуірінде оның тірек (опорный) диалектісі - солтүстік-шығыс облыстардың тілі болды, Абай, Ыбырай шығармалары осы өлкелердің диалектісінде жазылған дегенді принципті түрде айтады.19 Ғалым бұл пікірін барлық еңбектерінде қайталайды және өзінің ғылыми кредосы етіп ұстайды. Бұл тұжырым айналасында едәуір пікір талқысы болғанын білеміз. Ең алдымен, бұл ойды М. Әуезов қостамайды: «Абайдың сөздігі мен әдебиеттік тіл жасаған ізденулерін, табыстыратын табыстарын алсақ, ол тек Шығыстық Қазақстан тілімен жазды, деу, біздіңше, жеткіліксіз, дәлелсіз. Рас, Абайдың салттағы сөйлеу тілін өзі өмір кешкен қазақ өлкесінің сөздік үлгісінен алғаны даусыз... Бірақ Абай сол қормен пайдаланумен қатар бүкіл қазақ халқының арғы-бергі заманда ауызша әдебиет үлгісінде тудырған шығармаларының... қазынасын да біледі. Жазба күйде жетпесе де, ауызша айтылып, жыраққа тарап жатқан шешендік сөздердің, айтыс-тартыстардың және өзінен бұрынғы, өзімен тұстас әлденеше жеке ақындардың да шығармаларын көптен-көп естіп, ұғынып, жадында тұтып, қолданып өсті» дейді. Абай: Қазақта Марабайдан артық ақынды мен білген емен дегеніне қарағанда, ол Қазақстанның батыс өлкесіне көп тараған жырларды, сол өлкеде сөзі сақталған ақындардың мұраларын да білгендігін, «Қыз Жібек, жырын тыңдай, оқи отырып, Сыр мен Арал өлкесінің тіл байлығын және қабылдай алғандығын, Бұхар, Шортанбай, Түбек ақындардың сөздерін біле тұрып, Оңтүстік, Жетісу өлкесінің тіл өнерімен де таныс болғандығын айтып, осының бәрі Абайдың бір ғана өлкенің - Қазақстанның шығыс өлкесінің тілінде («диалектісінде») жазбағанын танытады - дейді. 19 М. Әуезовтің мұндағы айтпағы - Абай жасаған кезеңде оған дейінгі қазақ әдебиетінің (ауыз әдебиетінің де, жеке қаламгерлер творчествосының да тіл жағынан қазақ даласының барлық өлкесін топтастырушы ролінің күшті болғандығы, яғни Абай сол әдеби тілді -«Қазақстанның көп өлкесінің тіл қазынасын» пайдалануы арқылы ұлы Абай болғандығы.
М. Әуезовтің осы пікірін I. Қеңесбаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов, т. б. тәрізді тіл мамандары да қостайды. Сөйтіп, қазақ әдеби тілінің даму барысындағы Абайдың орны мен қызметі деген мәселе ұлттық әдеби тіліміздің қай негізде: белгілі бір диалект негізінде немесе жалпыхалықтық тіл негізінде қалыптасқаны туралы проблемамен тығыз ұштасып келгенін көреміз.
1950-жылдарда I. Кеңесбаев арнайы мақала жазып, Абай - қазақтың жаңа әдеби тілінің негізін қалаушы деген байлам ұсынды. Мұндағы жаңа деген анықтауышты телу мәнін зерттеуші былайша дәлелдейді. Абайға дейін де әдеби тіл болды, оның өзі екі түрлі сипатта болды: бірі - Орта Азияның түркі тілдес халықтарына ортақ әдеби тіл, екіншісі - қазақтың ауыз әдебиеті мен жеке қаламгерлерінің (Махамбет, Ыбырай, т.б.) тілі болды. Абай ие болған тілдік мұра - қазақтың ауыз әдебиеті мен ауызекі сөйлеу тілі болды. Бірақ Абай шағатаизм, татаризмдерімен шұбарланып келген бұрынғы орта азиялық әдеби дәстүрді де, көне ауыз әдебиеті тілінің дәстүрін де місе тұтпай, әдеби тілдің жаңа этапын бастады - дейді.20 Ғалым бұл пікірін қазақ әдеби тілінің әр кезеңдегі дамуы туралы жазғандарының барлығында бекіте, айқындай түседі. Енді әңгіме тек «қазақтың әдеби тілінің негізі» жайында ғана емес, «жазба әдеби тіл» турасында қозғалады: «Великая историческая миссия столпов казахской культуры в прошлом - Абая и Ибрая - заключается в том, что они богатое достояние народного разговорного языка и устного творчества довели в значительной степени до уровня письменного литературного языка».21
Ғ. Мұсабаев та дәл осы пікірді қолдайды. 1960-жылдардың аяқ шенінде Абай тілінің сөздігін жасауға басшылық еткен А. Ысқақов та Абай - қазақтың жазба әдеби тілінің іргетасын қалаушы деген қағиданы қостай отырып: «Абай қазақ даласында осындай әр алуан тілдер, әр түрлі өрнектер мен стильдер, әр қилы бағыттар мен көзқарастар бір-біріне «қара көрсетісіп», аралас-құралас жарыса, жанаса өмір сүрісіп, ел ішіндегі рухани тұрмыс пен тіршілікке олардың әрқайсысы өзінше әр қадарлы дақ түсіріп жатқан шақта тарих сахнасына шықты да, өзінің бағыты да жаңа, мазмұны да жаңа, тілі де жаңа шығармаларын жазды» - деп, Абай тұсындағы қазақ тілінің жай-күйін білдіріп өтеді.
Тіл мамандарының әдебиетші ғалымдардан бір айырмашылығы - бұлар тек Абайдың қазақ әдеби тіліне қатысы (орны мен ролі) туралы жалпы пікір айтып қана қоймайды, сонымен қатар ішінара тілдік материалдарға талдау жасайды. С. Аманжолов Абайдың сөз қолданысындағы кейбір тәсілдерін көрсетеді: талаптың аты, жүрегіңмен тыңдамай, құлағыңмен қармарсың тәрізді жаңа сөз тіркестерін жасағанын, бір сөзге бірнеше эпитет қосақтайтынын, өткен шақ көсемшені көмекші етістіксіз тиянақты тұлға ретінде қолданатынын, жатыс септіктегі есімшелерді баяндауыш қызметінде жұмсайтынын талдап көрсетеді.22 I. Кеңесбаев та Абайдың сөз жұмсаудағы жаңа тәсілдерін атайды. Олар: сөздің мағынасын өзгертіп қолдану, соның нәтижесінде, бір жағынан, тентек өмір, көңіл құсы, өмір тоны, өкпе сызы тәрізді жаңа тіркестер жасау, екінші жағынан желбуаз, қара қылды қырыққа бөлу, терін сату, қулық сауу сияқты тіркестерге стильдік жаңа жүк арту тәсілдері дейді. Сондай-ақ Абайдың архаизмдерді қолдану шеберлігін, сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстыру тәсілін жаңаша пайдаланғанын, аудармадағы шеберлігін сөз етуге болатындығын, бірақ бұған осы мақаласында мүмкіндік болмағандығын айтады.22
Тілдік материалдардың талдауын Н. Сауранбаевтан да табамыз. Ол Абайдың стильдік тәсілдерін сөз етеді. Ұлы ақынның кейбір тұлғаларды экспрессивтік мәнде қолданғандығына қыртың, жыртың, бұртың тәрізді еліктеуіш сөздерді мысалға келтіреді. Халық тіліндегі мақал-мәтел, фразаларды Абайдың сұрыптай, кейбіреулерін өзі жасап қолданғанын атайды, оған мысалдар келтіреді. Зерттеуші Абай текстеріндегі араб, парсы, орыс сөздері не едәуір талдау жасап, қолданылу себептерін көрсетеді. Абайдың бір алуан неологизмдер жасағанын айтып, оған бұлбұл қағу, көсем жүру, малға бөгу, аларман болу, төменшіктеу, өршілдену, мақтан сөйлеу, сымпыс сөздері мен фразаларын мысалға келтіреді. 23
50-60-жылдардың ішінде өзге тіл мамандары да Абай тілінің кейбір фактілерін - сөз қолданысын, сөздік қазынасын, грамматикалық тұлғаларын талдап өтеді. Шора Сарыбаев совет тұсындағы қазақ лексикасының дамуы жайындағы мақаласында Абай тіліндегі орыс сөздерін әңгіме етеді.24 Е. Жанпейісов Абай мен Мұхтар Әуезов тіліндегі ортақ тұлға-тәсілдерді салыстыру үстінде Абай тіліне тән біраз стильдік ерекшеліктерді атап көрсетеді.25 Зерттеуші кейінгі еңбектерінде де жеке сөздердің мағыналық реңктерін Абайдың шебер пайдаланғанына фактілер келтіріп, дәлелді пікірлер айтады.2 «Осы кезеңдерде Абай шығармаларының лексикалық сипатына арналған жеке мақалалар да жарық көре бастайды.27 Қазақ әдеби тілінің даму тарихына қатты зер салып зерттеген ғалым Қ. Өмірәлиев әр сәт Абай тіліндегі ерекшеліктерді арнайы сөз етіп келді. Ол ерекшеліктерді зерттеуші екі топқа бөледі: бірі - шағатай әдеби тіліне тән формалар, екіншісі - қазақтың ауыз әдебиеті мен сөйлеу тіліне тән тұлғалар. Алғашқыларға -мақ, -мақтық, -дүр жұрнақты сөздерді, соңғыларына -па + с+ қа (айтпасқа), -па + с + тық (ұмытпастық), -ар + лық, -тұғын т. б. жұрнақты тұлғаларды жатқызады.28 Қ. Өмірәлиев Абай тілі грамматикасының жеке мәселелерін өзге де еңбектерінде сөз етеді. Т. Қордабаев «XIX ғ. қазақ жазбалары тілінің синтаксисі» деген еңбегінде сол жазбалардың бірі ретінде Абайдың прозалық шығармаларының да синтаксисін талдайды. Мұнда жай, құрмалас сөйлемдер синтаксисіне қатысты категориялар мен шылаулардың қызметі сөз болады. Зерттеуші кейбір грамматикалық категориялардың Абай тіліндегі актив-пассивтігін көрсетеді.29
Абай тілінің грамматикалық ерекшеліктерін танып-білуге 50-жылдардың соңғы кезінен бастап біз де кіріскен болатынбыз. «Абайдың прозалық шығармаларындағы негізгі морфологиялық ерекшеліктер» деген такырыпқа кандидаттық диссертация қорғап, грамматикалык жеке тұлғалар мен олардың қолданылу реті жайында бірнеше мақала жарияладық.30 Бұларда, негізінен, Абай прозасында өнімді қолданылған -мақ, -ар жұрнақты сөздердің беретін мағыналары мен қазіргі нормадан өзгеше келетін ерекшеліктерін көрсетуге және қолданылу себептерін ашуға талпындық. Сондай-ақ кейбір морфологиялық тұлғалардың Абай тілінде екі вариантта – ықшам және толық түрінде - кездесетіндігін танытып, оның да себептерін ашуды көздедік. Материалдың өзін нақтылы талдау негізінде бізден бұрынғы зерттеушілер тарапынан айтылған біраз тұжырымдарға коррективтер енгіздік. Мысалы, -мақ, -ар жұрнақты тұлғалар шағатай не татар тілдерінің элементі емес, қазақтың Абайға дейінгі ауызша тарап келген әдеби тіліне тән, тіпті ауыз әдебиеті тіліне хас норма екенін дәлелдедік. Сондай-ақ -тын~тұғын (баратын~баратұғын), мен~менен (тау мен тас, тау менен тас), да~дағы (барды да - барды дағы) сияқты қатарлардың кездесуі біреуінің норма, екіншісінің нормадан тыс болғандығынан емес, өлең шарттарына (өлшем, ырғақ, ұйқасқа) қатысты деп, өзгеше пікір айттық.
Біз Абай тілін танып-білудегі ізденістерімізді әрі қарай жалғастырып, арнайы жазылған екі монография жарияладық.31 Бұларда енді ұлы қаламгердің мұрасын қазақ әдеби тілі тарихының материалы ретінде зерттедік. Абай тілі - өз тұсындағы қазақ жазба әдеби тілін белгілі бір дәрежеде толығырақ көрсететін сипаттағы дүние. Сондықтан Абайдай сөз иесінің шеберлік лабораториясына үңілмес бұрын, оның сөздік құрамы мен грамматикасын лингвистикалық тұрғыдан тіркеп, жүйелеп талдап шығу қажеттігі тұрды. Бұл талдауларымыздың материалдары мен нәтижелері, бір жағынан, қазіргі жазба әдеби тіліміздің XIX ғасырдың II жартысындағы -өзінің басталар тұсындағы - лексика-грамматикалық сипатын танып-білуге септігін тигізер болса, екінші жағынан, ұлы ақынның суреткерлік шеберлігі мен өз қаламына тән қолтаңбасын көрсететін және қазақ көркем сөзі дамуындағы шоқтығы биік орнын танытуға арналатын әдеби-лингвистикалық (лингвостилистикалық) зерттеу жұмысына дайындық болмақшы.
Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысына арналған екінші монографиямызда қазақ өлеңінің, оның ішінде Абай туындыларының синтаксистік амал-тәсілдерінің проза синтаксисінен өзгешелігі қандай; өлеңнің ұйқасы, өлшемі, композициясы және шумаққа бөліну-бөлінбеуі мен оның синтаксисінің арасында қандай байланыс бар; өлең құрайтын компоненттердің бір-бірімен іліктесіп, байланысу амалдары нендей деген мәселелердің сырын ашуды көздедік. Сонымен қатар бұл еңбекте Абай поэзиясы мен оған дейінгі қазақ поэзиясының синтаксисіндегі айырымдар, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің өлең синтаксисі саласындағы жақындығы мен алшақтығы деген жайттар тұңғыш рет сөз болды. Әсіресе баса көңіл аударылған нәрсе - Абайдың өлең архитектоникасына, синтаксисіне енгізген жаңалықтары, өзгерістерін нақтылы талдау арқылы көрсету болды.
Абай шығармалары (прозасының да, поэзиясының да) тілінің лексикасы мен грамматикасын жүйелі түрде монографиялық планда арнайы зерттеген еңбектерімізде негізгі көздеген мақсатымыз оның көркемдік сипатын, шеберлік тәсілдерін, индивидуалдық ерекшеліктерін айқындау болмағанмен, сөз жоқ, әр кез бұл мәселеге де соқпай кете алмадық. Жоғарғы екі арнайы монографиямызда да, әсіресе «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы» («Мектеп», 1984) атты кітабымызда Абай поэтикасын едәуір сөз еттік.
«Ғылым» баспасынан 1968 жылы шыққан «Абай тілі сөздігі»32- ұлы ақын тілін танып-білу саласындағы аса қажетті, қомақты жұмыстардың бірі. Орыс және өзге де кейбір туысқан халықтар тәрізді, өзінің классик жазушыларының тілінің сөздігін жасау ісіне үн қосқап бұл еңбек бірнеше адамнан құралған коллективтің едәуір уақыт бойы көп ізденіп істеген жұмысының нәтижесі. Сөздік - анықтағыш, жөнеуіш құрал, сондықтан да оның өзіне тән міндеті мен мазмұны бар. Ең алдымен, ол Абайдың тілін, әсіресе лексикасын зерттеймін деушілерге өте қолайлы, реттеулі, түгендеулі материал болып табылады. Іздеуші бұдан белгілі бір сөздің немесе тіркестің қай мағынада қанша рет қолданылғанын таба алады. Үңіле қараған адам бұл кітаптан бір мағынадағы кейбір сөздерді Абайдың қалайша қатар пайдаланғанын, оның ішінде қайсысын актив, қайсысын пассив қолданғанын көре алады. Мысалы, Абайда тіршілік, тірлік, өмір, мағишат деген төрт сөз бір ұғымды білдіреді. Бұлардың ішінде тіршілік 6 рет, тірлік 11, өмір 113, мағишат 1 рет қолданылғанын біле аламыз. Ал бірақ мұның себебін ашып көрсету бұл сөздіктің міндеті емес, ол - Абай тілін арнайы зерттеушінің жұмысы болмақ. Мысалы, ең алдымен, бұл параллельдердің себебін іздеу керек (неге Абай төртеуін де пайдаланды?). Абай тұсындағы халықтық тілде болсын, Абайдың өзінде болсын (тіпті қазірде де) осы ұғымда негізінен екі сөз (тіршілік, өмір) қолданылған, бірақ оның екіншісі (өмір) семантикалық сыйымдылығы әлдеқайда күшті, фраза құрастырғыш қабілеті молдау болғандықтан, өте көп жұмсалады. Ал тіршілік сөзіне дублет болып келген тірлік тұлғасының қолданылуын өзге себептен іздеу керек. Абай тұсында және оның өзінде -лық пен -шылық жұрнақтары едәуір сөздерде қатар жүрген: адамдық - адамшылық, қорлық - қоршылық, т. т. Осы мағынада арабтың мағишат сөзінің бір рет болса да кездесуінің және өз алдына себебі бар.
Осындай жайттарды сөздік көрсетпегенмен, оларға қажет материалдарды табуға зор көмегін тигізеді. Бұл сөздікке қарап отырып, Абайдың көптеген сөздерді ауыспалы мағынада қолданғанын аңғаруға болады. Бұл құралдан жазушы тілінде кездесетін әр алуан варианттылықтың өзін (материалын) тізіп алуға болады: қайуан - хайуан, айла - қайла, абиыр –абұйыр, береке - берекет, т. т. Ал бұлардың мағына жағынан саралануын немесе тепе-тең дублеттілігін, т. б. жайттарды дәлелдеп көрсету - жеке зерттеушінің ісі.
Әрине бұл үлкен, коллективтік жұмыс мінсіз де емес. Ең алдымен, кейбір жеке сөздердің анықтамасы дәл шықпағандығы көрінеді. Мысалы, ақын қолданған бірқатар орыс сөздерінің (майыр, визит, закон, интернат, кандидат, законшік) Абай тұсындағы, Абай тіліндегі мағынасы берілмей, осы күнгі жалпы мағынасы көрсетілген. Сондай-ақ арыз, би, ант, теңдік, ғылым тәрізді сөздердің Абай текстеріндегі мағынасы дәл көрсетілмеген. Дарқан (сөздікте берілгендей «жомарт, мырза» ұғымында емес, Абайда «ұста» мағынасында), далаң (сөздікшілер түсіндіргендей, «ашық, бос жер» емес, орысша сень сөзінің аудармасы ретінде Абай келтірген «орын, жай» ұғымындағы сөз) сөздерінің де анықтамасы оқырманға дәл мағлұмат бермейді. Абайда ғылыми термин дәрежесіне көтерілген ақыл, бірлік, мақтан, қызықпақтық сияқты сөздердің лексикалық мәндері ашылмаған. Ақынның орыс тілінен аударған өлеңдерінде кездесетін кейбір сөздердің де жалпы номинатив мағынасын бермей, контекстегі, оригиналға сай келетін семантикасын көрсету керек еді. Мысалы, бастық сөзін «Сөздік» «басқарушы» деп қана көрсетеді, ал бұл сөз Абайда «архимандрит» дегеннің баламасы ретінде берілген. Сол сияқты Абайдағы жалау сөзі «Сөздіктегідей» «тудың бір түрі» емес, «парус» деген ұғымды беру үшін алынған. Жеке жазушы тілінің сөздігі болғандықтан, мұндай сөздіктерде сөздің номинатив жалпы мағынасы емес, сол контексте ұсынылған нақты мағынасын көрсету керек еді. Кейбір сөздердің түсініктемесінде кеткен сәтсіздіктер тірксс компоненттерін анықтауда да байқалады. Мысалы, бу алу тіркесі алу сөзіне қатысты «бусану, жасаңғырау» деп түсіндірілсе, бу сөзіне келгенде, «булану» деп анықталған, ал бұл тіркестің Абайда кездесуінің өзі бір-ақ жерде, демек, мысал біреу-ақ, оның түсіндірмесі де біреу ғана болу керек қой.
Абай тілін танып-зерттеуге тікелей қатысты, маңызды зор мәселе - текстологиялық ізденістер мен түзетулер жайында. Абай шығармаларының текстологиясына үңілу кейінірек басталды. Дегенмен бұл салада істелген жұмыстар мен жарияланған материалдар ұлы суреткер тілінің әр қырын дұрыс танып, талдауға көп мүмкіндік береді. Ақын мұрасының әр кездегі басылымдарында кеткен текстологиялық ағаттықтар мерзімді баспасөз беттерінде де, жеке жинақтар мен кітаптарда да көрсетіліп, оларға түзетулер ұсынылып келе жатыр. Газет беттерінде жарияланған құнды қыруар мақалаларды былай қойғанда, журнал беттерінде жарық көрген 3. Ахметов пен Ы. Дүйсембаевтың33, Б.Жақыпбаевтың34, М. Сәрсекеевтің35, Қ. Өмірәлиевтің36, М. Бежеевтің37 мақалалары мен Қ. Мұхаметхановтың арнайы жазылған кітабы 38 Абайдың тілін де танып-білуге үлкен септігін тигізетін жұмыстар екені даусыз.
Жеке сөздерді немесе тұлғаларды дұрыс берудің тіл тарихын, оның ішінде ақын-жазушылардың тілін тануда мәні бар. Мысалы, М. Әуезов Абайдың 1922 жылғы Ташкенттегі басылымында кеткен текстологиялық ағаттықтарды қынжыла отырып көрсетеді: мұнда редактор өлекшін сөзін ұлы-кіші деп, жалауды желкен, қанжарды қылжан деп қылжақ жасайды дейді.39 Әрине, ұлы-кіші деген мен өлекшін сөздері бір-бірінен мүлде алшақ, ауылы алыс дүниелер, сол сияқты жалау мен желкеннің қайсысын пайдалану автордың стильдік талғамын танытады. Сондай-ақ Татьяна өзі жөнінде «талапсыз, бақсыз мен сорлы» демесе керек еді (талайсыз деуі керек: талай сөзі - бақыт сөзінің түркілік варианты). «Көрмей тұрып құсамын Темір көзді сарайды» емес, күсемін болуы керек деп Қ. Мұхаметхановтың текстологиялык түзетулер ұсынуы Абай лексикасындағы көне немесе өзге де сипаттағы сөздердің авторлық қолданысын тануға көмектеседі. Басқа да текстологтар көрсеткендей қазір мен әзір варианттарының, қаңғыр-күңгір мен қоңыр күңгір дегендердің арасында үлкен айырмашылык бар. Абай олардың сол жерде қайсысын қолданды - мұны дұрыс берудің Абай лексикасын, поэтикасын зерттеу үшін көмегі де, мәні де зор. Сондықтан біз Абайдың текстологиясы жайында жазылған, ұсынылған материалдарды жазушының тілі жөніндегі ізденістер мен зерттеулердің бір бөлігі ретінде танимыз.
Сөйтіп, қазақ филология ғылымының абайтану (абаеведение) деп аталатын саласының бір тармағы ретінде Абайдың тілін зерттеудің 70-80 жылдық тарихы бар. Бұл мерзімнің ішінде ұлы қаламгердің тіліне арналған жеке монографиялық еңбектер де жазылды, көлемді не шағын ғылыми мақалалар да жарияланды, кандидаттық және докторлық диссертациялар да қорғалды. Бұл проблеманың зерттеу тарихындағы бір ерекшелік - әуелі тұжырым айтылып, жеке талдаулардың кейін басталуы. Мұның, біздіңше, объективті себептері бар. Абайға келгенде тіл проблемасы ерекше маңыз алады, бұл - заманы туғызған жайт, өйткені Абай дәуірі - қазақ қоғамы өмірінде екі әдеби тілдің (қазақтың жалпыхалықтық тіліне негізделген, ауызша дамып келген байырғы әдеби тілі мен орта азиялық түркі әдеби тіліне негізделген жазба әдеби тіл - «кітаби тілдің») тайталасқа түскен шағы. Осы екеуінің Абайдың қайсысын таңдауы оның творчествосы мен және ұстаған идеологиялық бағытымен тығыз байланысты. Сол себептен Абайдың жазушылық, азаматтық тұлғасын сөз еткен тұста тілі жайында да әңгіме қозғалады. Ұлы қаламгердің бүкіл творчествосы мен идеологиясына үңілген зерттеуші жеке талдауларды күтпей-ақ, тілі жайында жалпы байлам айтуға мәжбүр болады, оны айтуға мүмкіндігі де болады, яғни ақын тілінің негізі бұрыннан келе жатқан ауызша әдеби тіл, жалпы халықтық тіл екендігі, оның үстіне бұрынғы әдеби үлгілерде кездеспеген тың көркемдеу тәсілдерінің молдығы, көптеген лексика топтары мен грамматикалық тұлғалардың активтеніп, жаңаша қызмет атқарып тұрғандығын сезеді. Осының барлығы Абайдың қазақ әдеби тілінің даму барысындағы істеген қызметі мен атқарған ролі жайында жалпы тұжырым-кесімдер айтқызады. Бірақ әрі қарай бұл қағида-тұжырымдар фактілермен дәлелденбесе, әрқашанда жалаңаш ой шолымы (умозрительное суждение) болып қала бермек. Сондықтан әрі қарай Абай тілінің жеке құбылыстарын танып-білу әрекетінің басталуы тағы да заңды. Дегенмен бұлайша танудың әлі де кенжелеп келе жатқаны байқалады. Абайдың тілін тану оның жазушылық творчествосын зерттеу дәрежесіне әлі де теңдесе алмайды. Әсіресе ұлы сөз зергерінің поэтикасы жүйелі түрде, толық, жан-жақты талданбай келеді. «Абайды жаңа поэзия үлгісін жасады дейміз. Бірақ осы поэзия тіліндегі үлкен лексикалық байлық, ақыңдық тапқырлық, дәлшілдік, суреткерлік... т. с с. көп мәселелер әлі жете анықталған жоқ, толық танылған емес». Бұл, сөз жоқ, алдымызда тұрган ізгі міндет. Соңғы 10-15 жылда Абайтану саласындағы ғылыми ізденістердің бәсең тартқанын мойындай отырып, әлеуметтік ой-пікіріміздің, ғылыми күшіміздің бұл аса маңызды проблемаға жаңа ынта-жігермен, соны тәсілдермен қайта оралып кірісетіндігіне күманымыз жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет