Сабақтың мақсаты «Молекулалық биология және биохимия»



бет2/28
Дата26.12.2023
өлшемі12,29 Mb.
#144181
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Барлығы

15




10 «Ә» - 10 «В»
ЖМБ БЖБ№2
Жасушалық биология тарауына жиынтық бағалау Оқыту мақсаттары

10.4.2.1 Электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру
10.4.2.2 Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату
10.4.2.3 Прокариот және эукариот жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтерін салыстыру

Бағалау критерий

Білім алушы
 Электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органеллалардың құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін сипаттайды
 Прокариот және эукариот жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтерін салыстырады
 Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнатады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
1. Төменде жасуша құрылысы берілген.
(а) 1-сурет бойынша жасуша түрін анықтаңыз.

1-сурет
(і) 1-сурет бойынша В және С органеллаларын анықтаңыз.
(іі) D құрылымның қызметін сипаттаңыз.


2. 2-суретте жасуша құрылысы берілген. 2-сурет
(а) Жасуша түрін анықтаңыз
2-сурет
(і) Жасуша түрін дұрыс анықтағаныңызды көрсететін дәлелдеме келтіріңіз. (2 ден кем емес)
(іі) В деп белгіленген үдерісті сипаттаңыз.


3. Pleurococcus - бұл бір жасушалы ағза, оларды ағаштардың діңінен табуға болады. Олар өскен кезде ағаштардың діңінде жасыл дақтар тәрізді көрінеді. Олар бастапқы аналық жасушаның (Pleurococcus) бөлінуінен пайда болып, колониялар түзеді. Төмендегі 3-суретте Pleurococcus-тың жарық микроскопы арқылы жасалған бірнеше жасушасы және оның құрылымдары берілген.

(А) Берілген жасушаны эукариот екенідігін анықтайтын екі құрылымды анықтаңыз
A. Жасуша қабырғасы және хлоропласт B. Жасуша қабырғасы және цитоплазма
C. Хлоропласт және ядро D. Цитолплазма және ядро
(В) 3 - суретте берілген жасушаның қай патшалыққа жататынын анықтаңыз.
(С) Өз таңдауыңызды 3 - суреттегі ақпартты пайдаланып дәлелдеңіз.
4. Бактерия жасушасында болатын негізгі органеллаларды атаңыз?
(В) Бактериялардағы мезосоманың қызметі эукариот жасушалардағы митохондрия қызметімен ұқсас деп пайымдайды. Прокариот жасушасындағы мезосома қызметін сипаттаңыз.
(С) Жасыл Эвглена эукариоттық ағза. Онда мембраналық органоидтар бар. Әр органелланың атқаратын қызметі бар. Төмендегі органоидтардың қызметін сипаттаңыз.
рибосома _______________________________________________________
хлоропласт______________________________________________________
(d) Эвглена сияқты бір жасушалы ағзларда не ебепті арнайы газ алмасуға қатысатын мүшелерінің болмайтындығын түсіндіріңіз.
5. (А) Жасуша мембранасының құрылымына сипаттама беріңіз.
5. (В) 5 - суретінде биологиялық жасуша мембранасы арқылы тасымалдау типтері берілген.

А, В, С әріптерімен таңбаланған тасымалдау типтерін атаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет