Ортасы
05-10 мин
11-30 мин
31-37 мин
|
Тапсырма № 2 Оқушылар топта этанолдың алу әдістерінің реакция теңдеулерін А3 қағазына жазады. Содан кейін басқа топтармен өзара алмасып, тексереді.
(жұмыс барысында оқушылар биологиядан ферментация тақырыбын және химиядан алкендердің химиялық қасиеттерін еске түсіреді)
Сыныптан екі оқушы шығып тақтаға реакция теңдеулерін жазады:
Өзара бағалау (басқа топтармен өзара алмасып, тексереді)
Дескрипторлар:
1.Ферментация әдісі арқылы этанолдың алу реакция теңдеуін құрастырады
2. Гидратация әдісі арқылы этанолдың алу реакция теңдеуін құрастырады
Тапсырма № 3 Көрсетілім: «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу»
Бұл лабораториялық жұмыс зерттеу жұмысы ретінде ұсынылады. Оқушылар өздігінен жұмыстың барысын құрастырады, реакцияның бақылауын болжайды. Сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасайды.
Оқушылар жұмыс парағымен жұмыс жасайды.
Дескрипторлар:
1. Этанолды алуға арналған қондырғыны құрастырады.
2. Қант, ашытқы, жылы су, әк суын қолдана отырып, этанолды алу жоспарын сыныпта талдап, жоспарлайды.
3. Этанолды алу тәжірибесін орындайды.
4. Диаграммадағы бос орындарды толтырады.
5. Ферментация әдісі арқылы этанолдың алу реакция теңдеуін құрастырады.
(W)Рефлексия
Тапсырма барысындағы туындаған қиыншылықтар мен жақсы сәттерді талдау
|