Сабақтың мақсаты Оқушылар: Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына тигізген ықпалын анықтайды



бет3/6
Дата09.10.2024
өлшемі26,96 Kb.
#147386
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сабақ жоспары 6 сынып VI – IX ғғ. Қазақстан Қимақ қағанаты 2-сабақ

Оқыту ресурстары

Басы

10 минут


БЫМ Оқушылардың назарына «сауда», «қала мәдениеті» ұғымдарымен байланыс табатын суреттерден құралған фотокөрмеге аудартыңыз. Сыныппен суреттер төңірегінде талқылау жүргізіп, оларға жаңа тақырыпқа жетелейтін сұрақтар қойыңыз:

  • Суреттерде не бейнеленген?

  • Бұл суреттер өзара бір-бірімен қалай байланысуы мүмкін?

  • Қандай тақырыпты біз бүгін қарастыратын боламыз?

Б Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді.
М Презентацияның көмегімен оқушыларды жаңа тақырыппен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерилерімен таныстырыңыз.



Суреттер

Презентация



Ортасы

20 минут


ЗЕРТТЕУ және ТАЛДАУ
Зерттеу сұрақтары:

  • Қимақ тайпасының өміріне Ұлы Жібек жолы қалай әсер етті?

  • Қимақтарда қала мәдениетін дәлелдейтін қандай деректер бар?

М Зерттеу жұмысын іске асыру үшін сыныпты 3 топқа бөліп, түпдеректермен жұмысты ұйымдастырыңыз.
Т Топтарға Қимақ қағанатындағы сауда мен қала мәдениетінің дамуы жөніндегі мәтін таратылады (Қосымша 1). Әрбір топ мәтіндегі берілген деректерге байланысты келесі тапсырмаларды орындайды:
1-топ: Отырықшы мен көшпелі мәдениет.
Тапсырма: мәтіннен қимақтарда отырықшы мен көшпелі мәдениетке сәйкес фактілерді тауып, жіктеу:
1) Отырықшы мәдениет: ….
2) Көшпелі мәдениет: …
2-топ: Ұлы Жібек жолы және Қимақ қағанаты.
Тапсырма: Ұлы Жібек жолының тигізген ықпалын салалар бойынша жіктеңіз:

  • Экономикалық ықпал: ...

  • Әлеуметтік ықпал: ...

  • Саяси ықпал: ...

  • Мәдени ықпал: ...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет