3-топ: Араб және түрік деректеріндегі қимақ тарихы.
Тапсырма: мәтіндегі деректерге кестеге сәйкеса талдау жасаңыз:
Автор
Деректің мазмұны
Деректің талдауы
Т Топтар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Мұғалім кері байланыс жасайды.
Интерпретация Тапсырма №2. Ж Келесі кезеңде оқушыларға деректерден үзінділер келтіріп, талдау жасауды өтініңіз. Әрбір топқа жеке дерек ұсыныңыз (Қосымша 2).
1-топтың дерегі:ХІ ғасырдағы парсы зерттеушісі Гардизидің пікірі бойынша, қарапайым халық «өз билеушілері үшін мал бақты», «олар (қимақтар) қысқа арнап әрқайсысы өз шамасына қарай сүрленген қой, жылқы немесе сиыр етін дайындады». 2-топтың дерегі:Гардизи қимақтар туралы: «Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимақ қоғамында мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пайда болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Қимақтар қолөнермен, аң аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде тұрған, бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналған». 3-топтың дерегі: Гардизи қимақтар туралы: «...Бұдан әрі Ертіс өзені жатыр. Ол жерден қимақ елі басталады. Өзеннің екі жағалауыңда да жайылып жүрген жылқы үйірлері, олар кейде мыңнан екі мыңға дейін жетеді. Бұл жылқыларды ұстау қиын. Кейде арқанмен ұстап, үстіне мініп, бас білдіреді. Сонда, ғана қолға үйренеді. Ертіс үлкен өзен, бір жағында тұрған адам, арғы жағадағы адамды тани алмайды...Өзеннің суы қап-қара. Ертістен өтсең қимақтардың шатырларына барасың... Барлығында да табын-табын сиыр, қора-қора қой бар. Түйелері болмайды. Егер саудагер түйе алып келе қалса, ол түйе бір жылдан артық тұра алмайды. Себебі шөптің тұзы жоқ. Егер біреу тұз алып келетін болса, ол үшін бұлғының терісін алады. Жазда бұлар бие сүтін ішеді, оны "қымыз" деп атайды. Қысқа қойдың, жылқының, сиырдың етін кептіріп сақтап, сүр етіп жейді. Бұл елге қар көп жауады, тіпті кейде найза бойына жетеді. Қыста жылқыларын алыстағы жер асты суы сақталатын жерге айдап барады. Ол Оқ-таг деп аталады... Ағаштан жасалған астауға су сақтайды. Қар қалың жауғанда осы суды ішеді, өйткені қалың қар жылқының суатқа түсуіне жол бермейді. Қимақтар бұлғын мен мумарды аулайды». Деректі талдау критерилері: