Сабақтың мақсаты: Оқушылар: судың тіршілік үшін маңызын біледі; ауызсуды үнемді пайдалану қажеттігін түсінеді



бет93/153
Дата16.10.2023
өлшемі16,35 Mb.
#115898
түріСабақ
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   153
Байланысты:
10 кмж обнавл

Ө згергіштік

Тұқым қуалайтын Тұқым қуаламайтын


Комбинативтік Мутациялық Модификациялық




Тұқым қуаламайтын өзгергіштік (модификациялық). Кез келген организм нақты бір орта жағдайларында дамып жетіледі. Сыртқы орта жағдайларының әсеріне байланысты тұқым қуаламайтын өзгерістердің қалыптасуын модификациялық өзгергіштік деп атайды. Модификациялық өзгергіштік тұқым қуаламайды. Сыртқы орта жағдайларына: температура, ылғал, жарық, қоректік заттар т.б. жатады. Мысалы, француз ботанигі Боннье 120 түрге жататын өсімдіктерді алып, оларға тәжірибе жүргізген. Өсімдіктің әрбір талын алып, оны теңдей етіп, екіге бөлген. Бір жартысын ауа райы жылы, өсіруге қолайлы Париж ботаника бағына отырғызады, ал екінші жартысын таудың басына суық жерге егеді. Тәжірибенің қорытындысы мынандай болды. Парижде отырғызылған жер алмұртының бойы биік болып, таудағысының сабағы қысқарып жерге жабысып өседі. Егер осы тауда өскен жер алмұртының тұқымдарын жинап алып, жазық жерге сепсе, одан қалыпты жағдайдағы алмұрт өсіп шығады. Демек бұл сыртқы орта факторларының әсерінен өсімдіктің фенотипі өзгергенімен, оның генотипінің өзгермейтінін көрсетеді. Модификациялық өзгергіштіктің ерекшелігі осында.
Өздеріңізге белгілі картоп өсімдігін алайық. Ол вегетативті жолмен көбейеді. Барлық өсімдіктердің генотиптері бірдей. Көп өсімдіктер бір - бірінен бойының биіктігі, түйнектерінің саны мен пішіні т.б. қасиеттері жағынан әртүрлі болады. Бұл тұқымның себу мерзіміне, қоректік ортаға, тыңайтқыштардың түріне, суару уақытына байланысты. Организмде белгілердің дамуын анықтайтын басты фактор – генотип. Бірақ белгілердің көріну дәрежесі сыртқы орта факторларына байланысты.
Көп жағдайда модификациялық өзгерістер организм үшін пайдалы, яғни оның тіршілік ортасына, жақсы бейімделуі болып табылады. Мысалы, климаты құрғақ, ыстық аудандардың тұрғындарында терінің пигменттілігі жоғары келеді. Терінің қоңырқай түсті болуы организмді ультракүлгін сәуленің зиянды әсерінен қорғайды. Мұндай жағдайда бір түрге жататын организмдер қоршаған ортаға біркелкі бейімделіп, ұқсас өзгерістерге ие болады. Дарвиннің айтуынша, бұл – топтық немесе айқын өзгергіштік болып табылады.
Мысалы, жемшөпті мол беріп, қораны жылы ұстап, уақтылы суарып, күтіп бақса, асыл тұқымды сиырлардың сүттілігі жылына 5 мыңнан 7 мың кг-ға дейін жоғарылайды, бірақ еттілігі төмен болуы мүмкін. Бір қызығы – күтімді қанша жақсартса да, жүннің түсі өзгермейді.
Ендеше, сыртқы орта жағдайларына байланысты белгілердің өзгеру шегі болады. Мұны реакция нормасы деп атайды. Сиырдың сүттілігінде реакция нормасы көлемді, жоғары болса, басқа белгілерінде төмен екені көрінеді. Сол сияқты жапырақтың көлемі, көбелектердің қанаттарының түсі жоғары реакция нормасында өзгереді, сүттің майлылығы, тауықтың жұмыртқа салғыштығы, гүлдің түсінің өзгергіштігі төмен реакция нормасында байқалады. Осы айтылған модификациялық өзгерістердің барлығы да тұқым қуаламайды, өйткені генотип өзгермейді.
Тұқым қуалайтын немесе генотиптік өзгергіштікті екі типке бөледі: комбинативтік және мутациялық өзгергіштік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет