Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Ұйымдастыру
8-мин
Шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне ыстық лебіздерін білдіру арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Алтын ережені» еске түсіру.
Түрлі түсті стикерлер арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
Зейінді шоғырландыру арқылы «Қораптағы сұрақтар» әдісі қолданылады. Өткен сабақты пысықтау сұрақтары беріледі.
Өткен сабақты пысықтау сұрақтары:
Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
Өзгергіштік дегеніміз не?
Өзгермелі нұсқалар қатары дегенді қалай түсінесің?
Өзгермелі нұсқалық қисық сызық дегеніміз не?
Тұқым қуалайтын модификациялық өзгергіштік дегеніміз не?
Қызығушылықты ояту арқылы оқушыларға ашық сұрақтар беріледі .Соның нәтижесінде жаңа сабақтың мақсаты мен міндетін ашып алу және табыстық критерийлерін оқушылармен талқылау.
Хромосомалық мутация түрлі хромрсрмалық өзгерістерге байланысты болады. Бұл жағдайда хромосомалардың құрылымы өзгереді. Ондай өзгерістер хромосома ішілік және хромосома аралық болып келеді. Гендердің хромосомада дұрыс орналасуын әліпбидегі әріптер түрінде көзге елестетейік АБВГДЕ. Осы мысал бойынша мутацияның түрліше типтері қалай болатынын көрнекі көрсетейік.