1.Жүргізуші Ернар
«Қазақ» биімен Жанатова Аружанды қарсы алаңыздар.
Жасұзақ Нұрдаулет:
Еркелеткен өзің анам
Құшағыңды жайдың маған.
Кеше біздер бала едік,
Өсіп қалыппыз енді анам!
Ускенбек Айғаным: Мәпелейсің мені, анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай..
Нурали: Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсақ, шаттанған
«Алтыным» деп мақтаған
Аяулы менің ақ мамам!
2.Жүргізуші Досымжан
«Адай »күйі орындайтын Тимурұлы Батырхан
Бейназар: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам,
Аяулы менің ақ мамам!
Аружан:
Ана — көркі көгімнің
Ана — нұры жерімнің.
Ана — бағы баланың
Мақтанышы елімнің.
Батырхан:
Анашым аяулы адам сен едің
Серігі болған біздердің
Түн ұйқысын төрт бөлген
Қамқоршы менің анашым
Хабиба: Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
1.Жүргізуші Ернар
Алдарыңызда каратэдан өнер көрсететін
Бахыт Нұрдаулет пен Жасұзақ Нұрдаулет қарсы алыңыздар.
Нұрсұлтан:
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты ар-намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам.
Шалабек Нұрай:
Әже деген көп шығар,
Әжелердей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Айзере: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ақбаян : Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
2.Жүргізуші Досымжан
Әжем туралы өлең. Орындайтын Қабиболла Ерасыл
Кәусар: Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да ,
Тек анаңа жақынсың.
Базарбай Нұрдаулет:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Зере: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Төлеу Айғаным: Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған
Достарыңызбен бөлісу: |