Тәжірибелік жұмыс
№ 1 тапсырма. Электр ағымының зақымдаушы әсерінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.
№ 2 тапсырма. Иондаушы сәуленің зақымдаушы әсерінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.
ӘДЕБИЕТ
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 35– 42.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 121-135
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 42-52.
Қосымша
Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 14-18
БАҚЫЛАУ
Тесттерге жауап беру - Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 43-47 беттер
№ 5 тақырып: ОРГАНИЗМГЕ ЖОҒАРЫ БАРОМЕТРЛІК ҚЫСЫМНЫҢ, ШУДЫҢ, УЛЬТРАДЫБЫСТЫҢ, ЛАЗЕР СӘУЛЕСІНІҢ, ГИПОТЕРМИЯНЫҢ ЗАҚЫМДАУШЫ ӘСЕРІ
Сабақтың мақсаты:
Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін организмге физикалық этиологиялық жайттардың әсерін мысалға ала отырып меңгеру
Патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда теориялық материалдан алған білімін қолдану
Этиология мен патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
организмге жоғары барометрлік қысымның, шудың, ультрадыбыстың, лазер сәулесінің, гипотермияның патогенді әсерлерінің тетіктерін меңгеру
патогенездің сызбанұсқасын құрастыруды үйрену, бастапқы тізбекті, кері айналып соғу шеңберін ажырата білу
Этиология мен патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын меңгеру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жоғары барометрлік қысымның (гипербарияның) зақымдаушы әсері. Компрессия мен сатурация туралы түсінік. Декомпрессия кезіндегі организмдегі бұзылыстардың патогенезі. Организмнің гипербариялық оксигенациясы, организмге оң және теріс әсерлері.
Организмге шудың патогенді әсері
Организмге ультрадыбыстың патогенді әсері
Организмге лазер сәулесінің патогенді әсері
Организмге гипотермияның патогенді әсері
Оқыту әдістері:
Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, тестілеу
Достарыңызбен бөлісу: |