Сабақтың мақсаттары Барлығы: Сөйлем туралы жаңа білімді меңгереді


Мектепке бейімделу мәселесі бойынша ата-аналармен жұмыс



бет3/20
Дата24.11.2022
өлшемі208,57 Kb.
#52358
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Мектепке бейімделу мәселесі бойынша ата-аналармен жұмыс
Бірінші сыныпқа бірінші рет

Оқушы бұрышы.
Оқушы бұрышын безендірудегі бірінші талап – бала денсаулығының қауіпсіздігі. (сұлулық емес ...)
Жиһаз зиянды заттарды шығармайтын, табиғи материалдан (үйеңкі, қарағай, қайын, бүк ағашы) жасалған болуы қажет. Немесе сыртынан меламинмен сырланған ДСП болғаны жөн, себебі ол арзандау.
Міндетті түрде жиһаздың үш түрі қажет: үстел, орындық, кітап сөресі.
Жұмыс орнын жарықпен сапалы түрде қамтамасыз етуді ойластыру қажет.
Орындықтың арқасы қатты болуы қажет. Орындықта отырған баланың аяғы еденге тіреліп, 90 градусқа бүгіліп тұруы қажет.
Компьютерлік дайын үстел сатып алуға болады. 120*60 см, мүмкіндігінше бұрыштары дөңгелектенген болғаны дұрыс. Монитор көзден 50 см аралықта болуы керек. Үстелдің шеті баланың кеудесіне сәйкес келу керек.
Жарық оң қолымен жазатын балаға сол жақтан, ал сол қолымен жазатын балаға керісінше оң жақтан түсуі керек.
Кітап сөресі баланың қолы жететін жерде болуы қажет.
Үстел шамы болғаны дұрыс.
Бөлмеде жасыл өсімдіктер болғаны дұрыс.
Бала назарын сабақтан алаң еткізетін заттарды жинап қойыңыз
Бірінші сынып оқушысының сөмкесі.
Бірінші талап – мықтылығы мен пайдалануға жеңіл болуы (жуылатын, су өтпейтін, сыйымды, (теріні алмастыратын және пленка қажет емес)
Тұтқасы мықты, қайып тігілген, ұзындығы 4 см реттеліп отыруы қажет.
Реттелетін элементтері боуы қажет (темір немесе мықты пластиктен жасалған)
Баулары, ілгектері мен сыдырма ілгектерге де осындай талаптар
Сөмкесі тасуға ыңғайлы болуы қажет
Сөмкенің арқаға келетін жағы жалпақ және жұмсақ болуы қажет (сөмкенің арқасы ортопедиялық болғаны дұрыс)
Сөмкенің түбі жалпақ және мықты болуы керек
Сөмкенің салмағы баланың салмағынан 10% асуға болмайды (бос сөмке салмағы жеңіл 500-800 грамм болуы керек), дөңгелекшесі болуы мүмкін.
Сөмкенің ені бірінші сынып оқушысының арқасынан жалпақ болмауы керек.
Сөмкені келесідей толтырасыз: оқулықтар және кітаптар – арқаға жақын салынады. Ортанғы бөлікке – дәптерлер мен қаламсауыт, сыртқы қалтаға – суы бар бөтелке мен басқа заттар.
Мектеп сөмкесінің салмағына қойылатын гигиеналық нормалар:
o1-2 сыныптар - 1,5кг
o3-4 сыныптар - 2,5кг
o5-6 сыныптар - 3 кг
o7-8 сыныптар - 3,5кг
o9-11 сыныптар - 4 кг
Сөмкені баламен бірге таңдаңыз, балаға ұнауы керек, гендерлік айырмашылықты ескеріндер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет