Сабақтың мақсаттары Барлығы: Сөйлем туралы жаңа білімді меңгереді



бет5/20
Дата24.11.2022
өлшемі208,57 Kb.
#52358
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Физиологиялық бейімделу. Жаңа талаптармен жағдайларға үйрене келе бала ағзасы бірнеше кезеңнен өтеді:
1.Алғашқы 2 – 3 аптасы физиологиялық екпінде өтеді. Осыған байланысты қыркүйек айында балалар жаңа талаптарға бейімделе алмай көп ауырып қалады.
2.Келесі бейімделу кезеңі - тұрақсыз ыңғайлану. Бала ағзасы жаңа жағдайда өзіне жақын нұсқаны табады.
3.Бұдан кейінгі тұрақты ыңғайлану кезеңі басталады. Бала ағзасы жүктемеге аз күш жұмсайды.
Бірінші сынып оқушыларының физиологиялық бейімделудің қиындығын, көптеген ата – аналар мен мұғалімдер дұрыс бағаламауға бейім тұрады. Сонымен қатар, дәрігерлердің бақылауы бойынша 1 – тоқсанның соңында оқушылардың арықтауы, қан қысымының төмендеуі, ал басқаларында керісінше байқалады. Осы қиындықтардың туындауы балалардың үйдегі еркелігіне әкеп соғады.
Бұның барлығын баланы өз міндеттерінен жалтару және жалқаулықта сөкпей тұрып еске түсірген артық болмайды.
Денсаулықтары нашар балалар ерекше назарды қажет етеді. Біріншіден, мүмкіншілігінше психологиялық жүктемені төмендеткен дұрыс. Бұл үшін тәуліктің екінші бөлігін үйде өткізгені дұрыс және 2 сағаттық ұйқы бабалар үшін жақсы болады. Екіншіден, денсаулығы нашар балалар үшін күн сайын таза ауада серуендеу қажет және түнгі ұйқы ұзақтығы 11 сағат болуы тиісті. Балаға психолгиялық демеу қажет екенін естен шығармаған дұрыс. Бала мектептегі қиындықтарға қарамастан үйдегілер оны бұрынғыдай жақсы көретінін және құрметтейтінін сезінуі тиісті.
Әлеуметтік – психологиялық бейімделу. 6 – 7 жастағы бала мектепке барғанда жетілуіндегі ерекше кезеңнен өтеді.
Бұрынғы бөбектің мәртебесі өзгеріп, жаңа әлеуметтік «оқушы» мәртебесіне ие болады. Баланың «мен» деген әлеуметтік мәртебесі пайда болды деп есептеуге болады.
Бұрынғы мәнді маңыздылар екінші дәрежелік болады, ал оқуға деген көз қарас құнды бола бастайды. Баланың 6-7 жас кезеңінде сезім саласында салмақты өзгерістер болады. Сәтсіздіктер (оқуда, қарым-қатынаста) балада өзін басқалардан кем деген сезім қалыптасады. Бұл 6-7 жасар балада өзін-өзі бағалауға жағымсыз әсерін тигізеді. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу туралы айтқанда, бала ұжымына бейімделуге тоқталып кету қажет.
Қиыншылық бала бақшаға бармаған және отбасында жалғыз балаларда туындайды. Құрбыларымен қарым-қатынас болмаған балалар сыныптастары мен мұғалімдерден отбасындағы қатынасты күтеді. Сол себептен, бала мұғалімнің барлық балаларға назарды бірдей аударып, балаға ерекше назар аудармаған жағдай оқушыны күйзеліске әкеледі, ал сыныптастары бұл балаларды көшбасшы ретінде қабылдауға асықпайды, олардың айтқанына көнбейді.
Құрбыларымен түрлі қарым-қатынас тәжірибесі жоқ балалардың мектепке барғылары келмей, оларды барлығы ренжітеді, ешкім тындамайды және мұғалімдер жақсы көрмейді деген шағымдар естіген ата-ана таң қалмаңыз.
Балалардың шағымдарына тәнік пікір білдіруді үйрену қажет. Балаға оны түсінетіңізді көрсетіңіз, жаныңыз ашитыңызды білдіріңіз, бірақ ешкімді кінәләмаңыз. Бала тынышталғаннан кейін, болған жағдайдың жағдайын, себептерін талдап, болашақта өзін қалай ұстау керек екенін талдаңыз. Кейін жағдайды қалай дұрыстау керек екенін талдап, сыныптастардың көңілін тауып, достармен танысу қажет. Туындаған қиындықтарды жеңуге баланы қолдау қажет, мектепке апарып, баланың мүмкіндігіне сену қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет