мәтіннің құрылымы нақты болуы керек: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды;
эссенің бөліктері мазмұны мен әрбір абзацының құрылымы бойынша нақты талаптарға сай болуы керек.
Эссе авторы өзінің сыни ойлау, яғни аргументті түрде өзінің көзқарасын дәлелдеу, сондай-ақ нақты әлеуметтік, қоғамдық маңызы бар мәселені өз тәсілдерімен шешу қабілетін көрсетуі керек.
Мәтіннің құрылымы нақты болуы керек: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.
Эссенің бөліктері мазмұны мен әрбір абзацының құрылымы бойынша нақты талаптарға сай болуы керек.
Айта кететін жайт эссені жазуға үйрету технологиясында эссені жазуға үйретудің негізгі тәсілі – қателерге талдау жасау, яғни оқушыларға алдымен түзетулер ендіріп, шимай параққа жазып алып, содан кейін эссенің соңғы нұсқасын жазуды ұсыну, содан кейін оқытушының тексеруі мен баға қоюына беру керек. Оқытушы бұл жағдайда, жұмысты сыни бағалаушы ғана емес, туындаған қиындықты шешудің жолдарын студентпен бірлесіп іздеуші рөлін атқарады.
Эссенің мәтінін құрастыруға үйрету барысында оқытушы мен студенттің алдында нақты міндет тұрады – әрбір кезеңге ретті және логикалық түрде өте отырып, эссе мәтінін құрастыру барысын біртіндеп жүзеге асыру (соңғы нәтижесі емес, барысын).