Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Сақталу заңдары
|
Күні:
|
17.10.2022
|
Мектеп:
|
№183 ЖББ мектеп
|
Мұғалімнің аты –жөні:
|
Мамербай Т.С.
|
Барлық оқушылар:
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
10.2.4.1 – сандық және эксперименттік есептер шығаруда сақталу заңдарын қолдану;
|
Сабақ мақсаттары
|
Импульс пен энергияның сақталу заңын қолдана отырып есептер шығару
|
Бағалау критерийлері
|
-импульстің сақталу заңын біледі
-есептер шығаруда импульстің сақталу заңын қолданады
-энергияның сақталу заңын біледі
-есептер шығаруда энергияның сақталу заңын қолданады
|
Құндылықтарды баулу
|
Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)
Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5-7 минут
|
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Еске түсіру:
Демонстрация:
|
Сабаққа дайындалу
Оқушылар демонстрация барысында байқағандарын әңгімелеп түсіндіруге тырысады.
|
|
Оқу құралдарын дайындайды
Ньютон шарлары
https://www.youtube.com/watch?v=GUGr2kaZdqA
Оқушылар хабарламасы
|
Сабақтың ортасы
|
Мағынаны тану:
Қозғалыстағы денені оның массасы мен жылдамдығына байланысты болатын бір шамамен сипаттау керек. Мұндай физикалық шама дене импульсі (грекше impulsus-соққы дегенді білдіреді) немесе қозғалыс мөлшері деп аталады.
Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты Ньютоның екінші заңы арқылы өрнектейміз Табиғатта барлық денелер бір-бірімен әрекеттеседі. Көп жағдайларда екі немесе одан да көп денелердің қозғалысы қарастырылады. Сондықтан физикада денелердің тұйық жүйесі деп аталатын ұғым енгізіледі. Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады. Негізгі сақталу заңдарының бірі импульстің сақталу заңын қарастырамыз
жүйедегі дене массалары, әсерлескенге дейінгі денелер жылдамдығы, әсерлескеннен дейінгі денелердің жылдамды
Импульстің сақталу заңы техникада реактивті қозғалысты пайдалануда қолданылады. Реактивті қозғалыстың қарапайым мысалына үрленген ауа шарының қозғалысы жатады. Үрленген шардың ішіндегі қысым сыртқы атмосфералық қысымнан едәуір артық, ал бос қоя берілген шардың ішіңдегі біраз ауаның төменгі саңылау арқылы сыртқа шығуы шардың жоғары қарай көтерілуін тудырады.
Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады. Қазіргі заманғы Жердің жасанды серіктерінің, планетааралық саяхат жасайтын зымырандардың қозғалысы реактивті қозғалысқа негізделген.
|
Тақырыпты өз беттерінше оқып, тапсырмаларды орындайды
.
.
|
Жарайсың, жақсы сынды сөздермен бағалау
|
https://itest.kz/kz/ent/fizika/lekciya_impuls
|
|