Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8.1.3.11
параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
8.1.3.12
үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
8.1.3.13
трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
Сабақтың мақсаты
параллелограмның, ромбтың ауданы формулаларын есеп шығаруда қолдану.
параллелограмның, ромбтың ауданы формулаларын салыстыру.
параллелограмның, ромбтың ауданы формулаларын тұжырымдау.
Оқушылармен амандасу
Жағымды психологиялық ахуал тудыру («Мен қандаймын?» әдісі арқылы оқушылардың мінез-құлқын анықтау)
Үй тапсырмасын тексеру:
«Сынып көмегі» әдісі арқылы кез-келген оқушыдан сұралады. Есепті шығара білмеген, не түсінбеген оқушы өзіне «көмекші» таңдау арқылы түсінуге тырысады.
Топқа бөліну. «Қағаз қиындылары» әдісі арқылы (параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш) топқа бөлу.