Қозғаушы сұрыпталу - Өзгермелі орта жағдайларында және жаңа мекен орталарына қоныс аудару кезінде әрекет етеді. Қозғаушы сұрыпталу, әдетте, белгілердің көрініс беруі қалыпты жағдайдан ауытқып не өте айқын, не өте әлсіз байқалатын даралардың пайдасына бағытталып жүреді.Мұның нәтижесінде орташа шама өзгеріп, оның орнына жаңа орташа шама қалыптасады.
Ескі және жаңа орташа шамалардың арасында алшақтау жүріп, келешекте жаңа түрлердің түзілуіне себеп болады. Өйткені қозғаушы сұрыпталудың әрекетіне байланысты популяцияда гендердің жаңа аллельдерінің жиілігі жоғарылап, эволюциялық өзгерістерге мүмкіндік туады.Мысалы, сұр егеуқұйрықтар азығына қосып берген улы затқа төзімді даралар тез арада көбейіп кеткен. Сондықтан олар у қосылған азықтық заттарды ешқандай зиян әсерін сезбей жей берді. Мұндай даралардың улы затқа төзімділік қасиеті ұрпақтан – ұрпаққа қуалап беріліп, сол түрдің дараларынан сан мөлшері едәуір артық болған.
Англияның өнеркәсібі жақсы дамыған кейбір аудандарында тіршілік ететін қайыңның мүркөбелігі әдеттегі ақшыл түстен қара түсті болып өзгерген. Зерттеу жұмысының нәтижесінде: зауыт, фабрикадан шығатын түтіндермен ауаның ластануына байланысты ағаштардың діңі мен жапырақтарын күйе басып, олар қоңырқайланған. М утацияға байланысты меланин пигменті басым қара көбелектер жынысты жетілуге дейін тіршілік етіп, өсімтал ұрпақ қалдырады, ал ақшыл көбелектер қайың ағаштарының қарайған діңінде бірден көзге түсіп, құстарға жем боады.Қалалардан шалғай орналасқан ауылдық жерлерде, керісінше ақшыл көбелектер көбейіп, жетіліп, қара көбелектер қайыңның таза ақ діңінде бірден құстарға жем болады.
Олай болса, қозғаушы сұрыпталудың генетикалық негізі – тұқым қуалайтын өзгергіштік, ал оның себебі ортаның экологиялық жағдайларының өзгерістері болып табылады.
Сабақты бекіту сұрақтары?
1.Табиғи сұрыпталу дегеніміз не?
2.Табиғи сұрыпталудың қандай формалары бар?
3.Қозғаушы сұрыпталу қандай орта жағдайларына әрекет етеді?
Үйге тапсырма: §42. Популяциялардағы табиғи сұрыпталудың формалары. (оқу)
Бағалау: