Олай болса, қозғаушы сұрыпталудың генетикалық негізі – тұқым қуалайтын өзгергіштік, ал оның себебі ортаның экологиялық жағдайларының өзгерістері болып табылады.
Тұрақтандырушы сұрыпталу - белгілердің көрінісі қалыпты шамадан ауытқыған дараларға қарсы бағытталып, орташа дәрежедегі белгілері бар даралардың пайдасына жүретін әрекет. Тұрақтандырушы сұрыпталу түсінігін И.И.Шмальгаузен ғылымға енгізіп, оны талдап тұжырымдаған. Тұрақтандырушы сұрыпталу қоршаған ортаның салыстырмалы тұрақты жағдайларында әрекет етеді, яғни қандай да бір белгінің немесе қасиеттің қалыптасуына себеп болған жағдайлар сақталып тұрған кезде әсері болады.Мысалы, дауыл жиі соғатын аймақтарда торғайлардың қанаттары орташа жетілген болады. Себебі ұзын қанатты және қысқа қанатты торғайларды жел ұшырып әкетеді.
Неліктен табиғи сұрыпталу популяция ішіндегі ауытқыған жағымсыз белгілері бар формаларды бір жолата жоймайды? Мұның себебі тек үздіксіз түзіліп жататын кездейсоқ мутацияларда ғана емес.
Мұның себебі, аса жоғары бейімділікті көрсететін гетерозиготалы генотиптердің болуында. Шағылыстыру нәтижесінде олар әр ұрпақ сайын ажырау беріп, гомозиготалы, тіршілік қабілеті төмен даралардың жарыққа шығуы байқалады. Бұл құбылыс теңестіруші полиморфизм деп аталады.
Сабақты бекіту сұрақтары?
1.Табиғи сұрыпталу дегеніміз не?
2.Табиғи сұрыпталудың қандай формалары бар?
3.Қозғаушы сұрыпталу қандай орта жағдайларына әрекет етеді?
4.Тұрақтандырушы сұрыпталу қандай орта жағдайларында әрекет етеді?
5.Теңестіруші полиморфизмді қалай түсінесін?
Үйге тапсырма: §42. Популяциялардағы табиғи сұрыпталудың формалары. (оқу)
Бағалау:
Күні: Сыныбы:9 Пәні:Биология Сабақтың тақырыбы: §42. Популяциялардағы табиғи сұрыпталудың формалары.Қозғаушы сұрыптау.
Сабақтың мақсаты:Табиғи сұрыпталудың эволюциядағы бағыттаушы рөлін және табиғи сұрыпталудың формаларын меңгеру.