бет 4/5 Дата 31.01.2023 өлшемі 0,68 Mb. #64038 түрі Сабақ
Байланысты:
Популяциялардағы табиғи сұрыпталудың формалары.сабақ жоспары 9-сынып. Сабақтың типі: аралас сабақ
Қолданылатын әдістер : нұсқаушы – ойға түсіруші, түсіндірмелі - көрнекілік Үй тапсырмасы: Табиғи сұрыпталу – эволюцияның бағыттаушы факторы. Төмендегі сұрақтарға жауап беру.
1. Табиғи сұрыпталу деген не?
2. Табиғатта көп мөлшерде ұрпақ неліктен дамып жетілмейді?
3. Алғаш рет Ч.Дарвин қай еңбегінде тірі организмдердің эволюциясын жүзеге асыратын механизм – табиғи сұрыпталу деп атады?
4. Тіршілік үшін күрес деген не?
5. Тіршілік үшін күрестің қандай формалары бар?
Сәйкестікті тап.
Тіршілік үшін күрестің формалары
Мысалдар.
Түрішілік
Түраралық
Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес
Кішігірім аймақты мекендейтін әр түрге жататын даралар арасындағы күрес
Бір популяциядағы даралар бірдей қорек , су, жылу, жарықты қажет етуі.
Шөлді жерлердегі өсімдіктердің аласа болуы.
Бір организм екіншісін қорек көзі ретінде пайдаланса...
Құстардың ұя салатын жері үшін таласы.
Қына өсімдігінде жасыл балдырлар мен саңырауқұлақ селбесіп тіршілік етсе...
Бір түрге жататын даралардың аналық үшін таласы.
Қысы суық аудандарда жануарлардың жүн жамылғысы қалың болып өссе..
Жаңа сабақ құрылымы:
Табиғи сұрыпталудың келесі маңызды қасиеттерінің бірі – ол организмде жаңа белгілерді қалыптастырмайды , тек популяция дараларында бар белгілердің жойылуын немесе сақталып қалуын , кеңінен таралуын қамтамасыз етеді.
Табиғи сұрыпталудың жүруінің мынадай алғышарттары бар:
Популяция құрамындағы даралардың генетикалық әртүрлілігі
Ұрпақ санының көп болуы
Тіршілік үшін күрестің жүруі.
Табиғи сұрыпталудың бірнеше формалары бар. Біз тек олардың қозғаушы және тұрақтандырушы формаларына тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: