Жаңа сабақ құрылымы: Ал балалар табиғи сұрыпталу дегеніміз не?
Табиғи сұрыпталу - нақты орта жағдайларында тіршілік етуге қажетті пайдалы өзгерістері бар даралардың тіршілігін сақтап қалу процесі. Табиғи сұрыпталу – эволюцияның негізгі бағыттаушы факторы. Мысалы, мутациялар сыртқы ортаға байланыссыз кейбір өсімдіктердің жапырақтарын жалпақ пішінді етіп өзгертсе, екінші біреулерінде жиі тілімденген жапырақтар пайда болады. Сол сияқты бунақденелілерде бір түр ішінде ұзын қанатты және қанатсыз даралар да түзілуі мүмкін, яғни мутациялар – арнайы бағытты емес, кездейсоқ өзгерістер. Ал табиғи сұрыпталудың бағытты эволюциялық әрекетінің нәтижесінде сол ортаға сәйкес белгілері бар даралар ғана тіршілік етіп қалады. Осыған байланысты популяцияда нақты белгілері мен қасиеттері бар даралардың сан мөлшері артады. Еңдеше табиғи сұрыпталу кездейсоқ, тіршілік ортасы үшін пайдалы мутацияларды тауып алып, популяция генофондына қосып, оны байытады. Міне, бұл – табиғи сұрыпталудың эволюциядағы бағыттаушы рөлі. Сұрыпталу организмнің бір немесе бірнеше белгілері бойынша жүрмейді, оның барлық белгілерінің жиынтығы сұрыпталады.Нәтижесінде сол орта жағдайына бейімделген белгілер жиынтығы бар даралар тіршілігін жалғастырады.Организмнің тіршілік ортасына бейімділігі уақытша болатын құбылыс, тіршілік ортасы өзгерсе, ол бейімділк белгілері де өзгереді.
Табиғи сұрыпталудың келесі маңызды қасиеттерінің бірі – ол организмде жаңа белгілерді қалыптастырмайды, тек популяция дараларында бар белгілердің жойылуын немесе сақталып қалуын, кеңінен таралуын қамтамасыз етеді.
Табиғи сұрыпталудың жүруінің мынадай алғышарттары бар:
Популяция құрамындағы даралардың генетикалық әртүрлілігі
Табиғи сұрыпталудың бірнеше формалары бар. Біз тек олардың қозғаушы және тұрақтандырушы формаларына тоқталамыз.
Қозғаушы сұрыпталу - Өзгермелі орта жағдайларында және жаңа мекен орталарына қоныс аудару кезінде әрекет етеді. Қозғаушы сұрыпталу, әдетте, белгілердің көрініс беруі қалыпты жағдайдан ауытқып не өте айқын, не өте әлсіз байқалатын даралардың пайдасына бағытталып жүреді.Мұның нәтижесінде орташа шама өзгеріп, оның орнына жаңа орташа шама қалыптасады.
Ескі және жаңа орташа шамалардың арасында алшақтау жүріп, келешекте жаңа түрлердің түзілуіне себеп болады. Өйткені қозғаушы сұрыпталудың әрекетіне байланысты популяцияда гендердің жаңа аллельдерінің жиілігі жоғарылап, эволюциялық өзгерістерге мүмкіндік туады.Мысалы, сұр егеуқұйрықтар азығына қосып берген улы затқа төзімді даралар тез арада көбейіп кеткен. Сондықтан олар у қосылған азықтық заттарды ешқандай зиян әсерін сезбей жей берді. Мұндай даралардың улы затқа төзімділік қасиеті ұрпақтан – ұрпаққа қуалап беріліп, сол түрдің дараларынан сан мөлшері едәуір артық болған.
Англияның өнеркәсібі жақсы дамыған кейбір аудандарында тіршілік ететін қайыңның мүркөбелігі әдеттегі ақшыл түстен қара түсті болып өзгерген. Зерттеу жұмысының нәтижесінде: зауыт, фабрикадан шығатын түтіндермен ауаның ластануына байланысты ағаштардың діңі мен жапырақтарын күйе басып, олар қоңырқайланған. М утацияға байланысты меланин пигменті басым қара көбелектер жынысты жетілуге дейін тіршілік етіп, өсімтал ұрпақ қалдырады, ал ақшыл көбелектер қайың ағаштарының қарайған діңінде бірден көзге түсіп, құстарға жем боады.Қалалардан шалғай орналасқан ауылдық жерлерде, керісінше ақшыл көбелектер көбейіп, жетіліп, қара көбелектер қайыңның таза ақ діңінде бірден құстарға жем болады.