10.2.1 - стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу; оларды кескіндеу және математикалық символдар арқылы жазып көрсету;
Бағалау критериі:
-стереометрияның аксиомаларын сызбада кескіндейді және математикалық символдарды қолданып дұрыс жазады; -аксиомалардан шығатын кейбір қарапайым салдарларды дәлелдеп,оларды есептер шығаруда қолданады. -стереометрия аксиомалары мен олардың салдарларын тұжырымдайды. -Аксиомаларға сүйеніп теоремаларды дәледейді, жауаптарын негіздейді.
Саралап оқыту тапсырмалары
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату
Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу.
Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
Уақыты
Кезең дері
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
5 минут
Ұйым
дастыру
Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары
тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: -стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу; оларды кескіндеу және математикалық символдар арқылы жазып көрсету стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу; оларды кескіндеу және математикалық символдар арқылы жазып көрсету
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ басында оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, зейінін шоғырландыруға көңіл бөлемін. Оларды 1-2-3 деп санау арқылы топтарға бөлемін.Үй тапсырмасына 7-сыныпта өтілген «Планиметрияның алғашқы түсініктері мен аксиомалары» тақырыбын қайталау және төмендегі сөйлемдерді математикалық символдардың көмегімен жазу берілген.
Амандасады.
1.А және В нүктелері арқылы а түзуі өтеді
2.а мен в түзулері О нүктесінде қиылысады.
3. АС түзуінен тысқары жатқан В нүктесі арқылы АС түзуіне параллель ВД түзуі жүргізілген.
Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушы өз жауабын тақтаға жазады,оны сынып болып тексереді,қатесі болса түзетеді.
Сабақтың тақырыбына сәйкес мақсатын оқушылар өздері анықтайды.
Оқулық.
8 мин
Жаңа сабақ
Стереометрия (грек. Stereos - кеңістік, metreo – өлшеймін)- кеңістіктегі фигуралардың қасиеттерін зерттейтін геометрияның бөлімі. Стереометрия архитекторлар, конструкторлар, құрылысшылар және т.б. маман иелерінің күнделікті тәжірибелерінде жиі кездесетін объектілердің математикалық модельдері қарастырылып, зерттеледі. Сондай-ақ техникалық оқу орнының негізгі пәндері болып саналатын сызу мен сызба геометриясының негізі де осы стереометрия курсынан басталады. Сондықтан геометрияның бұл бөлімі бәрімізге қажет ілім.
Кеңістікте нүкте, түзу, және жазықтықнегізгі фигуралар болып саналады. Олар анықтамасыз қабылданады. Стереометрияда жазықтықтар саны көп.
Жазықтықты параллелограмм түрінде немесе кез-келген облыс түрінде бейнелейді.
Оларды көбінесе грек алфавитінің әріптерімен α, β, γ, δ, ε т.с.с. белгілейміз. Нүктелерді латынның А, В, С, D, ... бас әріптерімен, ал түзулерді латынның a, b, c, d,… кіші әріптерімен немесе түзу бойында жататын AB, CD, AC, … қос нүкте арқылы белгілейміз.
Е гер А нүктесі α жазықтығында жатса, онда α жазықтығы А нүктесінен өтеді деп айтамыз да, А ϵ α түрінде белгілейміз. Ал В ϵ α жазуы В нүктесі α жазықтығында жатпайды немесе α жазықтығы В нүктесі арқылы өтпейді дегенді білдіреді.
Егер а түзуі α жазықтығында жатса,оны а ⸦ α деп белгілейді.
Анықтама.Түзу мен жазықтықтың ортақ тек бір ғана нүктесі бар болса, олар қиылысқан деп аталады.
Жаңа геометриялық бейне жазықтықты еңгізу аксиомалар жүйесін кеңейте түсуге мәжбүр етеді.Сондықтан біз жазықтықтардың кеңістіктегі негізгі қасиеттерін өрнектейтін аксиомалардың С тобын енгіземіз.Бұл топ мынадай аксиомалардан тұрады: