Сабақтың тақырыбы: Абай әндері :«Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы»



бет2/2
Дата30.03.2023
өлшемі43,19 Kb.
#77622
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Абай әндері «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас»

Жеке тапсырма. /Үлестірме беру/

Талдау

«Ойлан- жұптас- бөліс» стратегиясы. Өлеңге лингвистикалық талдау жасату, өлеңнің мағынасын ашқызу.

Синтез

«Топпен зерттеу» стратегиясы.
«Өрмекші торы» арқылы алған білімдерін жинақтау.

Келесі оқылым

Үйге тапсырма:Абай әндерін жаттау, жинақтау. Эссе жазу.

Бағалау

  • Топ ережесінің сақталуы

  • Топ мүшелерінің белсенділігі

  • Топ мүшелерінің өз бетінше ізденуі

  • Постермен жұмыстың эстетикалық талапқа сай болуы

  • Сөйлеу мәдениеті, тақырыпты түсінуі

Рефлексия

Стикерлер тарату

Абай - Айттым сәлем, Қаламқас

Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен жас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас

Сенен артық жан тумас


Туса Туар, артылмас
Бір өзіңнен басқаға,
Ынтықтығым айтылмас

Асыл адам айнымас,


Бір бетьнен қайрылмас
Көрмесем де, көрсем де,
Көңлім сенен айрылмас
Абай - Көзімнің қарасы

Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы

Қазақтың данасы


Жасы үлкен ағасы
"Бар" демес сендей бір
Адамның баласы

Жылайын, жырлайын


Ағызып көз майын
Айтуға келгенде
Қалқама сөз дайын

Жүректен козғайын


Әдептен озбайын
Өзі де білмей ме
Көп сөйлеп созбайын





Абай - Сегіз аяқ

Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.

Хиуадан шауып,


Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,


Сөйлеймін десең өзің біл.

Өткірдің жүзі,


Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,


Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.

Қиналма бекер тіл мен жақ,


Көңілсіз құлақ, ойға олақ.

Басында ми жоқ,


Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.

Көп айтса көнді,


Жұрт айтса болды –
Әдеті надан адамның.

Бойда қайрат, ойда көз,


Болмаған соң айтпа сөз.

Атадан алтау,


Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Ағайын бек көп,


Айтамын ептеп.
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының,
Жалғыз қалдым – тап шыным!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет