Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасындағы химиялық элементтер



бет1/5
Дата10.04.2023
өлшемі397,4 Kb.
#81233
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Адам ағзасындағы химиялық элементтер 7 класс


М



ектеп: Ақтөбе қаласы №1 орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні:Узакбаева Айнур Акбергеновна
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:7.4A Адам ағзасындағы химиялық элементтер
және қосылыстар
Күні:Сынып:7
Сабақтың тақырыбы:Адам ағзасындағы химиялық элементтер.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:7.5.1.3 адам ағзасына кіретін
элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) атау
Ойлау дағдыларының деңгейлері:Білу және түсіну
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар істеуге дағдыланған:Адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атайды.
Оқушылардың басым бөлігі: Адам ағзасына кіретін элементтердің ағза үшін маңызын түсіндіре алады және пайыздық мөлшерін біледі.
Кейбір оқушылар істеуге қабілетті: Адам ағзасына кіретін элементтерді макроэлементтерге және микроэлементтерге жіктей алады.
Бағалау критерийлері: Адам ағзасында кездесетін элементтерді атайды.
Адам ағзасына кіретін элементтердің ағза үшін маңызын түсіндіре алады және пайыздық мөлшерін біледі
Адам ағзасының құрамына кіретін элемменттерді макро және микро элементтерге жіктейді.
Тілдік мақсаттар:Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Оттек, көміртек, сутек, азот, кальций, фосфат, калий, күкірт, хлор, магний, -дан жасалған, -дан тұрады, -дың … пайызын құрайды
Құндылықтарға баулу:Зайырлы қоғам және жоғары руханият денсаулықсақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарттарын адам ағзасындағы элементтердің пайдасы арқылы бойына сіңіру
Пәнаралық байланыс:8 класс биология пәнінен жасушаның құрылысы тақырыбы
Алдыңғы бөлім:5 класс жаратылыстану пәнінен «Адам.Ғалам.Жер» тақырыбында бастапқы білім алады
Сабақтың басы:Оқушылармен амандасу, класты ұйымдастыру
Тренинг: «Шаттық шеңбері»
Мақсаты:Оқушылардың көңіл күйін көтеру, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
Топқа бөлу
Мақсаты:Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, бір-бірінің ойын тындауға үйрету.
Нұсқау: 1-топ «Нәруыз», 2- топ «Көмірсу», 3 топ «Майлар»
4 топ «Витаминдер» топтарына бөлу. Оқушылар топқа топ атауы жазылған кеспе қағаздарды алу арқылы бөлінеді
«Кубик» әдісі (топтық жұмыс) Әр топ мүшелері кубикті лақтыру арқылы өткен тақырып бойынша сұрақ таңдап жауап береді, жауап бере алмаған жағдайда топ мүшелері көмектеседі.
(үй тапсырмасы тексеріледі)
Мақсаты:Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру. Сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Жауап берген оқушыларға смайликтер таратылады.
Элементтерді микро және макроэлементтерге


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет