Сабақтың тақырыбы Акробатикалық элементтер



бет19/48
Дата07.02.2023
өлшемі3,45 Mb.
#66004
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы



Қарлығаш бейнесіне тұру



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады



Сабақтың мақсаты



1. Оқушыларға ойындағы тактика және стратегия туралы түсіндіру
2. Оқушыларды тактикалық әрекеттер мен оны қолдануға үйрету

Бағалау критерииі

1. Тактика және стратегия термині туралы біледі;
2. Бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасай алады;
3. Ойын үрдісінде тактикалық амалдар қолданады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

1. Сапқа тұрғызу
Амандасу
Мәлімет қабылдау
Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2. Саптық жаттығулар:
Оңға, солға, кері бұрылыстар
3. Жүру.
- аяқтың ұшымен, қол жоғарыда
- қол желкеде, өкшемен жүру
- отырып жүру
4. Жүгіру.
- баяу жүгіріс
- сол жақ иықтан секіре жүгіру
- оң жақ иықтан секіре жүгіру
- қиылысты жүгіріс, жылан жүгіріс
5. Жалпы дамыту жаттығулары.
Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басты 1 – 2 алға артқа, 3 – 4 оңға солға бұру
Б. қ. негізгі тұрыс, қолды алға созып айқастыру, 1 – 2 оңға, 3 – 4 солға
Б. қ. жұдырық түйюлі қолды 1 – 2 жоғары, 3 – 4 төмен

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

Тепе-теңдік жаттығуларын үйрету.


1.Бір аяқпен тұрып, екінші аяқты артқа созып, денені еңкейтіп, екі қолды екі жаққа созып «Қарлығаш» бейнесін жасау.
«Қарлығаш» жасау.

2.Екі қолға екі доп алып екі жаққа созып, гимнастикалық бөрене (орындық) үстінде жүру.


3. Басына кітап қойып сызық бойымен жүру.


4.Екі бала бөрене (орындық) үстімен қарама-қарсы жүріп келіп, құламай өту.


Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Әр топта жүргізуші таңдалады. Ол қалпақты кигізіп, қалған оқушылардан қашады, қалпақты қолмен ұстауға болмайды. Қуып жетушілер жүргізушіден қалпақты шешуге немесе құлатуға тырысады. Осыдан кейін қалпақ жүргізушіге тапсырылады. Егер қалпақ өзі құлайтын болса, ойын қайта басталады. Жеңіске қалпаққа көбірек ие болған жетеді. Ойын уақытқа жүргізіледі.


) Жүргізуші таңдалады. Оқушылар бірбірінің қолынан ұстап шеңбер құрайды. Жүргізуші теріс қарап тұруы керек. Сол кезде оқушылар шеңберді бірінің үстінен бірі өтіп шатастырады. Оқушыларға ұстаған қолдарын үзуге тыйым салынады. Осыдан кейін жүргізуші шеңберді үзбей, бастапқы қалыпқа қайтаруы керек.
Дескриптор:

  • Жүргізуші сайланып, қалған оқушылар шеңбер жасап тұрады

  • Жүргізуші теріс қарап тұрады да, сол кезде ойыншылар шеңберді бірінің үстінен бірі өтіп, шеңберді шатастырады

  • Жүргізуші жедел түрде шеңберді өз қалпына келтіреді

  • Жүргізуші командалық ойында өзінің көшбасшылық әрекетін дамытуға талпынады

  • Сол үшін түрлі қимыл арқылы іс-әрекеттер жасайды

Бағалау

  • Бес саусақ әдісі арқылы

Кері байланыс



  • Көшбасшылық іс-әрекетті дамыту қаншалықты қиынға соғады?

  • Көшбасшы үшін шеңберді бастапқы қалпына келтіру оңай ма?



Қорытындылау



Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді


Оқушылардың берілген тапсырмаларды нақты орындауларына көңіл бөледі,
Тізе бүкпеу ережесчін үйреніп отраға шығып көрсетеді.
Жаттығуды дұрыс орындауын жұппен бағалайды
Жылдам ережеге сәйкес, тез орындауына көп көңіл бөледі.
Қауіпсіздік ережесін сақтауын біледі

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бағдаршам»


ҚБ «От шашу»



Мұғалімге ысқырық, бор, фишкалар, қағаз(қалпақ).

Сабақтыңсоңы



Сабақ соңында оқушыларға қойылатын сұрақтар:

  • Сабақта не түсініксіз болды?

  • Сабақ барысында қандай қиыншылықтар кездесті?

  • Не қосу қажет деп ойлайсың?

  • Өзіңізге нені жетілдіру қажет?

Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)
Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет