Жаңа сабаққа кіріспе
10 минут
|
(Ұ) «True/False» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және пікір алмасу жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
"Суреттер сөйлейді" әдісі арқылы оқушыларға суреттер ұсынылады.
Барлық әскери қызметтегілер, дәрігерлер және де қауіп-қатерлі жерлерде жұмыс істейтін адамдардың құжаттарында, сырт киімінің кеуде тұсында мінеки мынадай жазулар жазылып тұрады.
Бұл нені білдіреді? Неліктен?
Бейнеролик ұсынады
|
Білу және түсіну айдарындағы сұрақтарға жауап береді:
1.Қан тек қан жасушаларынан тұрады. F
2. Қан жасушаларын эротроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер. T
3. Гемоглобин қанда оттегін тасымалдайды. T
4. Қан плазмасының түсі жасыл.F
5. Глюкоза жасушаның қуат көзі.T
6. Лейкоциттер қанның ұюына қатысады. F
7. Гемофилия қанның сұйылып кететін ауру. T
Оқушылар жаңа тақырыпты ашу үшін суреттер арқылы өз ойларын білдіреді.
Оқушылар видеороликті көреді
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Оқушылардың көру мен есту қабілетінің арқасында есте сақтау қабілеті жоғарылайды.
|