2-тапсырма. Суреттерге қарап, сұхбат құрады. Кім қай стильде киінгенін анықтап, сұхбат мәтінінде дыбыс үндестігі байқалатын сөздерді көрсетеді.
3-тапсырманы оқулықта берілген жазылым материалы бойынша орындайды. Суреттегі сәндік аксессуарлардан ұлдар өздеріне қатыстысын, қыздар өздеріне қатыстысын таңдап алып, олардың зат есімнің қай түріне жататынын анықтайды.
Рефлексия. «Гүлдер» арқылы сабақты қорытындылайды. Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі, олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?
Үйге тапсырма.
Сөзжұмбақты шешіп, жауабындағы сөздердің үндестік заңына қатысын анықтайды. Бұл сөздердің орысша, ағылшынша баламаларын тауып, сөзжұмбақ құрастырады.