Сабақтың тақырыбы А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба»


мизан – таразы – өлшем, күпір -



бет4/7
Дата23.01.2023
өлшемі0,78 Mb.
#62434
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
мизан – таразы – өлшем, күпір - мұсылман емес, діннен шыққан – кәпір, басқа діннің адамы, дүлдүл – кемеңгер, атақты. Идеясы: ақылға салып ойлану.
3-топ:
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге ерме,
Сізге айтамын, қаупім – бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі – тұл,
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөзі қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл,
Ғұламаһи Дауани
Солай депті ол шыншыл.


Надандық – қараңғылық, білімсіздік, ғұламаһи - ғалым, ғұлама – данышпан.
Идеясы: жақсы қасиеттерді бойға сіңіру, жамандықтан аулақ болу.
Дескриптор:



  • Өлең шумақтарын оқи отырып, таныс емес сөздерді табады.

  • Мәтіндегі таныс емес сөздерге түсінік береді, синонимдерін табады.

  • Әр топ оқушылары берілген өлеңнің идеясын табады.



Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сағаттың тілімен топтар бір-бірімен екі жұлдызын, бір ұсыныс-тілегін айтады.
2 - тапсырма.
1-топ: «Бес асыл іс» тобы
Шығарманың идеясы арқылы өлеңде көтерілген Абай дәуіріндегі қоғамдық мәселені «Гауһарлар иерархиясы» әдісіне салу арқылы түсіндіріңдер.



2-топ. «Бес дұшпан» тобы.
Шығарманың идеясы арқылы өлеңде көтерілген Абай дәуіріндегі әлеуметтік мәселені «Радиалды диаграмма» әдісіне салу арқылы түсіндіріңдер.



Әлеуметтік мәселе


3-топ: Абай тобы

Өлеңнің мазмұны бойынша «Үш қадам» кестесін толтырыңдар. (Қосымша 2)







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет