Сабақтың тақырыбы: Антропогенез кезеңдері Модуль /пәнатауы: Биология



бет3/5
Дата17.11.2023
өлшемі35,57 Kb.
#124297
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ашық сабақ

«Жарық» әдісі арқылы топқа бөлу
1-топ: Проантроптар
2-топ: Архантроптар
3-топ: Палеоантроптар
4- топ: Неоантроптар
Топтық жұмыс №1
Кластер құру.(қашан,қайда өмір сүрді,тіршілігі, еңбек құралдары) 10мин.
Топтық жұмыс №2
«Тарсия» әдісі арқылы сұрақтардың жауабын табу.
5 мин.
4.1 Тақырыпқа сәйкес терминдермен жұмыс (сабақтың тілдік мақсаты) Берілген терминдердің ағылшынша атауларын жазыңдар.
Антропогенез - Anthropogenesis
Проантроптар - Proanthropes
Архантроптар - Archantropes
Палеоантроптар - Paleoanthropes
Неоантроптар - Neoanthropes
Австралопитектер - Australopithecus
Питекантроптар - Pithecanthropus
Синантроптар - Synanthropes
Неандертальдықтар - Neanderthals
Кроманьондықтар - Cro-Magnons
5. Жаңа сабақты бекіту
Жұптық жұмыс (10 мин.)

  1. Саналы адамның ата-бабаларын хронологиялық ретпен орналастырыңдар;

  2. «Адам мен Адамтектес маймылдарды салыстыру» «Т» кестесін толтырыңдар.

Жеке жұмыс (7 мин.)
1-тапсырма: «Бұл жалған ба, әлде, шындық па?» әдісі.
1.Адам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. (шындық)
2.Биологиялық (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, етті тағамды пайдалану, қоғамдық қарым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады. (шындық)
3. Дара жүріп еңбек еткендіктен, араларында өзара қауымдық қарым-қатынас калыптаса түсті. (жалған)
4. "Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз", — деп жазды Ч.Дарвин. (жалған)
5. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым куаламайды. Тек адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым куалайды. Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір аңдар асырап алған) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. (шындық)
6. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алатынын Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. (шындық)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет