Сабақтың тақырыбы: Антропогенез кезеңдері Модуль /пәнатауы: Биология



бет4/5
Дата17.11.2023
өлшемі35,57 Kb.
#124297
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ашық сабақ

2-тапсырма: Биологиялық диктант
1. ........ алуан түрді қамтитын эволюциялық тармақ. (Гоминидтер)
2. Соңғы табылған австралопитектердің жасы ..... жыл. (1 млн.)
3. Қытайда ..... деп аталатын түрі табылған. (Синантроп)
4. Германиядан табылған неандертальдықтардың басы ......, маңдайы .....,бет бөлігі ......, қасүсті айқын байқалатын ....... тәрізді, көз шарасы ...., болған. (сопақ, жалпақ, шығыңқы, доға, үлкен)
5. Кроманьондықтар ....... жинау және ........ айналысумен қатар кейбір өсімдіктерді өсіріп, ........ қолға үйрете бастады. (өсімдіктерді, аңшылықпен, жануарларды)


«Qwiziz» платформасы арқылы тест аламын.
1.Адамды приматтар тобына жатқызған ғалым:
а) Ж.Б. Ламарк;
б) К. Линней;
в) Ч. Дарвин;
г) Ф. Энгельс.
2. Алғашқы адамдардың алғашқы киімдері неден жасалды?
а) аң терісі
б) мақтадан
в) жібек мата
г) шүберектен
3. Адамның шығу тегін зерттейтін ғылым?
а) Филогенетика
б) Антропогенез
в) Селекция
г) Генетика
4. Неандертальдықтардың өзіне дейінгі ата тектерінен айырмашылығы
а) мүлдем сөйлей алмауы
б) хромосома санының түрліше болуы
в) дене тұрқының кішкентай болуы
г) дін және мәдениеттің пайда болуы
5. Алғаш рет отты оңай тұтандыра алған адамдар тобы:
а) синантроптар
б) питекантроптар
в) неандертальдықтар
г) архантроптар
6. Питекантроптардың миының көлемі:
а) 300-450 см куб
б) 700-900 см куб
в) 1100 см куб
г) 1600-1700 см куб
7. Жойылып кеткен жануарлар табылған мекен:
а) Ява аралдары
б) Оңтүстік Африка
в) Америка
г) Евразия
8. Австралопитектердің бойының ұзындығы
а) 170 см
б) 200 см
в) 120-130 см
г) 90-100 см
9. Антропогенездің биологиялық факторлары:
а) әлеуметтік
б) еңбек әрекеті
в) ақыл – ой, сана
г) тіршілік үшін күрес
10. Олдувай термині нені білдіреді?
а) адамзаттың тарихи дауы
б) адамның жеке даму процесі
в) адамның қалыптасу кезеңі
г) алғашқы адамзат мәдениеті




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет