«Қарбыз тілімдері» әдісі арқылы қорытынды сұрақтарын беру. 1. Алғашқы адамдардың тұрғылықты жері ( үңгір)
2.«Саналы адам»ертедегі адамдардан қалай ажыратылады? (ми көлемі, сөйлеу, сурет салу)
3. Алғашқы адамдардың алғашқы киімдері неден жасалды? ( аң терісі)
4. Алғашқы адамдар қоректерін қалай тапқан? (топтасып аң аулау )
5. «Homo sapiens» ұғымы қалай аударылады? (саналы адам)
6. Адам эволюциясының маңызды факторының бірі...........( еңбек)
Соңы
20 мин
Кері байланыс «Білім поштасы» әдісі Студенттермен кері байланыс орнатылады. Берілген тапсырмалардың қорытындысы бойынша әр білім алушының бағалау парақтары жиналып алынады. Сол бойынша журналға бағасын түсіремін.
Үйге тапсырма. «Австралопитектер әлеміне жасаған саяхатым» тақырыбына эссе жазыңдар. Асанов Н.Г. «Биология» 10-сынып 186-192 беттер. Тақырыпты оқып келу.