Бағалау:стикерлермен Кері байланыс: Пайда болған тізбек қандай тізбек екен?
Саралау: Диалогқа түсіру арқылы есептің жауабын жылдам айтуға қолдау көрсету және оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына көңіл бөліп, мадақтаймын.
Топтық жұмыс
2-тапсырма.
Шахмат туралы аңыз: Ежелгі үнді патшасы Шерам шахмат ойынын ойлап тапқан өнертапқыш (оның аты Сета) марапаттау мақсатында оған қалағанын алуды ұсынады. Сонда Сета шахмат тақтасындағы 64 шаршының біріншісіне 1 дән, екіншісіне 2 дән, үшіншісіне 4 дән және т.с.с., яғни әрбір шаршыға алдынғысынан 2 есе көп дән беруді өтінеді. Алғашында патша өнертапқыштың бұл «тым болмашы » тілегіне таң қалып, оны орындауға бұйрық береді. Артынан оны орындауға оның қазынасындағы астықтың жетпейтінін есепшісі түсіндірген. Бұны орындау үшін Қазақстанда 1 жылда жиналатын астық мөлшері орта есеппен 1 000 000 000 пұтқа тең десек, онда ішпей-жемей 230 584 жыл еңбек ету керек екен.
Сұрақ: шахмат тақсының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші шаршыларына неше дәннен қойылады? Сан тізбегі түрінде алғашқы жеті мүшесін жазыңдар.
Дескриптор:
-мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді
-жауабын сан тізбегі түрінде жазады
-сан тізбегінің түрін анықтайды.
Кері байланыс: Осы ғажайып жеті саннан құрылған тізбек қалай аталады екен? Геометриялық прогрессияға тағы қандай мысалдар келтіруге болады?
ҚБ. «Бaғдaршaм» әдiсiмен үш түрлі реңдегі стикерлер дәптерлеріне жапсырылады
Саралау: Диалогқа түсіру арқылы есептің жауабын жылдам айтуға қолдау көрсету . (Т) 3-тaпсырмa. «Түйінді сәттер» әдісі бойынша жаңа тақырыпқа сәйкес жазбаша тапсырмалар - есептер шығару.
Жеке жұмыс №169.
а)2;4;8;16;32;... ; ә)7;7;7;7;7;... ; б)1; ½; 1/3; ¼;... тізбектерінің қайсысы арифметикалық прогрессия болады?
№204.
а)1;3;9;27;... ә)1;8;27;64;..; б)1;1/5;1/25;1/125;...; в)1;1/4;1/9;....
тізбектерінің қайсысы геометриялық прогрессия болады?
Дескриптор:
-анықтама бойынша арифметикалық прогрессияны анықтайды;
-анықтама бойынша геометриялық прогрессияны анықтайды;
- жауаптарын жазады