Сабақтың тақырыбы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет3/4
Дата02.11.2023
өлшемі1,18 Mb.
#121388
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы 4 сабақ

Ұзын Ертісті көргенде:
Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас, сиырдың мүйізі, кеуірдің құлағы шығып тұрған жер екен. Күнінде баласы кеуірден жылайды-ау! – депті.
Шыңғыс тауын, Семей тауларын көргенде:
Мына шіркіннің топырағы құтырған екен. Оған шыққан шөп құтырады, оны жеп семірген мал құтырады, оның етін жеп, сүтін ішкен адам құтырады. Қан үзілмейтін, кісі өлтіру, ұрыс-төбелес көп болатұғын жер екен! – депті.
Өлеңті өзенін көргенде, тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен.
Неге үндемейсіз? – дегенде, аз тұрып:
Мына шіркіннің шөбі көп, қоныс қылған елдің уайымы жоқ. Малы семіз, тайыншасы қысыр қалмайтұғын, ақ айраны ерте шығып, туған бала кеутамақ болып, тамақтан басқаны ойламайтұғын, тоқты-торым ұрлығы үзілмейтұғын, өтірік-өсегі көп болатұғын жер екен! Өлеңтінің – суы май, Шідертінің шөбі – май! – депті.
Ереймен тауын көргенде:
Желдің жеті есігі бар екен. Қыс болса, жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде құлын тұрмас. Ораздының жайлауы, шиырлының қыстауы екен. Екі жағындағы ел бай болар да, тап ортасында – мұны қоныс қылған ел кедей болар. Бітісі жаман екен. Бірімен бірі едірейісіп – төбелесетұғын кісідей едіреюін, панасы жоқ, дала сықылды тау екен! – депті.
Сілетіден өтіп, Жалаңаштың тұсына барғанда:
Аттың төбеліндей, Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын, — деген екен. – Айналаң аз, онан басқа табылмайтұғын жер екенсің, — депті.
Есіл деген өзенді көргенде:
Жары менен суының, жарлысы мен байы тең болатұғын жер екен, — депті.
Нұраның бойын көргенде:
Алты күнде ат семіртіп мінетұғын жер екен, — депті.
Қарақұйын, Қашырлыны көргенде:
Жылқының жалы менен құйрығы төгіліп тұрған жер екен. Бауырында бір жұтқыш айдаһары бар екен! Онан басқа жылқы үзілмейтұғын жер екен! – депті. – Бір зор теңізі бар: боран болса, оған киліккен жылқы қайда кеткенін жан білмейді.
Терісаққан деген өзенді көргенде:
Сарыарқаның тұздығы екен! – депті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет