“Аллостерия” (грек. Allo - басқа, stereos - орын) деген термин “басқа жермен байланысты” не “басқа орталықпен байланысты” деген мағынаны береді.
Екі немесе одан да көп суббөліктен тұратын ферменттердегі өзінің катализдік орталығынан тыс, молекула бетінде қосымша байланыстырушы бөлігі аллостерлік орталық болады. Мұндай ферменттер аллостерлік ферменттер деп аталады.
Ферменттердің аллостерлік эффекторлары: субстраттар немесе реакция өнімдері, нуклеотидтер (АМФ,АТФ), амин қышқылдары, металл иондары, сутегі иондары.
Ферменттердің ақуыздық қасиеті: ақуыз тәрізді кристалдануы;
нейтралды тұздардың қанық ерітіндісімен әсер еткенде тұнбаға түсуі;
түрлі факторлармен әсер еткенде денатурациялануы;
диализдену;
ақуыздарға тән сапалық реакциялар (биурет реакциясы) тән.
Ақуыздан ерекшелігі:
биохимиялық реакцияларды жылдамдатуы.