Денсаулық белсенді қозғалыс арқылы.
(С, Т, Ф) Оқушылар топтарға бөлінеді. Оқушылар топтарда тақырыпты талқылайды: "Денсаулықты қалай нығайтуға болады".
Оқушылар салауатты өмір салтын уағыздауды және зиянды әрекеттердің теріс әсерінің алдын алуды талқылайды.
Сұрақ: денсаулығыңызды қалай шыңдап, сақтайсыз?
Сынып шағын топтарда жұмыс жасайды. Оқушылар жүгірісті қадаммен алмастыру тапсырмасын орындайды 1км. :
250 м жүгіру, 50 м қадам Тапсырманы орындамастан бұрын тапсырманы орындау және орындап болғанан кейін салыстыру үшін жүрек соғысын өлшеу қажет.
Сұрақ: денсаулыққа зиян келтірмес үшін жүгіру ырғағын қандай жүрек соғысында сақтау қажет?
Тапсырма:Екі доппен өткізілетін қозғалмалы ойын. Оқушылар лекке бірінің артынан бірі тұрады, көшбасшының қолында екі үрленген доп. Төрешінің ысқырығы бойынша топтар кезекпен тапсырмалар тізбегін ілгері-кейін, доппен 8-10м қашықтықты жүгіріп өтіп орындайды. Қозғалу тәсілдері: а) алақанмен допты алып жүру; ә) алақандарымен доптарды бір-біріне қысып ұстау; б) допты бір бүйіріне қысып екінші алақанымен еденге соғып алып жүру; в) ауысып алып жүру; г) екі допты да аяқпен алып жүру. Сұрақ: Доппен қандай ара қашықтықты жүгіріп өту қажет? Бақылау, оқушылардың жауаптарын тыңдау, бағалау. Қалыптастырушы бағалау: Сұрау: Осы жаттығуларды орындау барысында, қандай қиындықтар болды? Болса оны сіз шештіңіз бе? Жаттығуларды құрастыру кезінде қандай қауіпсіздік ережесін сақтадыңдар? Жаттығу орындау барысында қауіпсіздік ережесін орындай аласың ба?
|