Сабақтың басы
|
Дайындық бөлім: Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу, сабақ мақсатын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.
Дене қыздырыну жаттығуларының ережесі (мұғалім тарапынан айтылады): - жүгіруді бірден жоғары қарқынмен бастауға болмайды. Себебі, бірден қатты жүгірген адам тез шаршайды да, межелі жерге жете алмай қалуы мүмкін; - жүгіруді, секіруді және лақтыруды баяу бастап, жылдамдықты біртіндеп үдете беру қажет.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Сынып шағын топтарға бөлінеді. Оқушылармен «Айна» ойынын ойнау арқылы жалпы дамыту жаттығуларын орындау кезінде бір біріне түсіндіре сөйлеу арқылы, қалай орындалуы жайында жеткізу.
Оқушылар 8 – 10 немесе 16-18 рет орындалатын кешенді жаттығудан тұратын таңертеңгілік гигиеналық гимнастика кешенін талқылайды және орындайды.
|
Мұғалім үшін ысқырық, секундомер тексеру журналы.
|