Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі Денсаулық туралы жалпы ұғым. Дене тәрбиесі дегеніміз не?



бет52/140
Дата25.11.2023
өлшемі9,24 Mb.
#127436
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   140
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті



Тапсырмалар:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу



Уақытты жоспарлау:
Дайындық бөлім: 8-10 мин.
Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.
. Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау
Сабақ тақырыбын хабарлау. Бір сызықтың бойына тіке тұру, спорттық киіммен.
Бірдей бұрылу, денені тіке ұстау



Сабаққа қызығушылығы артады,көңіл күйлері жақсарады

Оқушылар суреттер бойынша екі топқа бөлінеді.


Кезекші бүгінгі күн туралы есеп береді

суреттер


Ортасы

Сымбатқа арналған жалпы дамыту жаттығуларын (ЖДЖ) үйрену.
Оқушылардың омыртқасының қисаюына әкеліп соқтыратын негізгі себептерді атап шығу:
• қарқынды өсу кезеңінде омыртқаға көп күш түсу (компьютер немесе парта алдында қисық отыру);
• қимыл-тірек аппаратына нұқсан тигізетін сырқаттар (туберкулез, остеохондроз, сүйектердің ісігі, мешел);
• адамды болып жатқан оқиғаларды көру үшін алға қарай иілтуге мәжбүр еткен көз жанарының төмендеуі;
• әлсіз бұлшықетті қаңқа;
• арқа жарақаты.
Оқушылар еліктеу жаттығуларының кешенін орындайды
Жаттығу I.
Б.қ. – қолдар иыққа.
1-2 – аяқ ұшына тұрып, қолдар үстіне-астына;
3-4 – Б.қ.-қа оралу – тыныс шығару.
Жаттығу II.
Б.қ. – төмен тізерлеп отыру, тізені қолымен құшақтау.
1-2-3- асықпай түрегелу, қолдар екі жаққа – тыныс алу;
4 - Б.қ.-қа оралу – тыныс шығару.
Жаттығу III.
Б.қ. - аяқ алшақ, қолдар төменде «құлыпта».
1-2 - қолдар жоғары тыныс алу («балтаны сермеу»);
3 - жылдам алға еңкею, қолдар төмен – тыныс шығару (дауыстап «ха!» деу);
4 – Б.қ.
Жаттығу IV.
Б.қ. – аяқтар алшақ.
1 – қолдарды бүйірге сырғытып, солға баяу иілу: сол қол төмен, оң қол қолтық астына (сорғының ысылдаған дыбысын келтіру);
2 - Б.қ.-қа оралу – тынысшығару;
3-4 – дәл осыны басқа жаққа істеу.
Жаттығу V.
Б.қ. – аяқтар алшақ, қолдар жан-жаққа.
1 – солға бұрылу
2 – Б.қ.;
3-4 – дәл осыны оңға істеу.
Жаттығу VI.
Б.қ. - о.с., қолдар екі жаққа – тынысалу.
1 – оң аяқты алға сермеу, астынан шапалақ ұру – тынысшығару;
2 – Б.қ.;
3-4 – дәл осыны сол аяқпен істеу.
Жаттығу VII. Б.қ. - о.с., қолдар белде.
1-2-3- бір орында тұрып секіру;
4 - оңға бұрылып секіру.
Бірқатар гимнастикалық фигуралар үйрену
Оқушылар төсеніште қарапайым гимнастикалық жаттығуларды үйренеді.
Ойын: «Теңіз бір тербеледі.»
Санамақтың көмегімен «жүргізуші» таңдалады. Ол артқа бұрылып, былай дейді:
«Теңіз бір тербеледі, теңіз екі тербеледі, теңіз үш тербеледі, теңіз фигурасы, орныңда қат!»
Содан кейін жүргізуші барлық ойыншыларды аралап шығып, барлығын кезек-кезек «тірілте» бастайды. Әрбірі ТЕҢІЗ ФИГУРАСЫНЫҢ өзіндік нұсқасын көрсетеді. Содан соң, жүргізуші ең үздік фигураны таңдайды да, ол «жүргізуші» болады.



Сұрақтарға жауап береді,кезек-кезек тақтаға шығып жұлдызшаларын іледі, жаңа сабақтың тақырыбын болжайды

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.
Мұғалімге арналған ысқырғыш. Кубиктер, арқан, гимнастикалық таяқтар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет