Негізгі қимылдарды қыздар мен ұлдарарасындағы жарыс түрінде орындау.
Оқушыларға мінзе-құлық ережесін түсіндіріп, жарыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін, қимыл-қозғалысты бастау сызығынан модульге дейін жарыс ара-қашықтығын сақтау керектігін ескертеді.
Оқушыларға нәтижені тақтаға магниттер жапсыру арқылы бағалауды ұсынады.
№2 тапсырма. Еден деңгейінен 30 см биіктікке көтерілген көлденең саты төрткілдештерімен төрттағандап еңбектеу.
Нұсқау: көтерлген жақтан түскен кезде аяқ және қол қимылдарын үйлестіру, саты төрткілдештерін жібермеу, қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Төрткілдешті ұстау тәсілі-төртсаусақ жоғарыда, бас бармақ астында.
№3 тапсырма. Бір-бірінен 70 см қашықтықта қатар қойылған модульдер арасында қос аяқтап секіру.
Нұсқау: тынысты тежемей, жеңіл секіру, заттардың оң және сол жағынан айналып өту, өз командасына жүгіріп оралу қажет. Екі аяқпен екпінді серпілуге, аяқ ұштарына түсуге назар аудартады
№4 тапсырма. Бір-бірінен 1 м қашықтықта қойылған модульдер арасында фитбол домалату.
Нұсқау: фитболды саусақтардың әлсіз қимылымен домалату қажет. Қозғалысты орындау барыснда модульдерді құлатпаған команданың жеңімпаз болатынына назар аудартады.
№5 тапсырма. Командаларға қатарда тұрған модульдерден құрылым құруды ұсынады. Шешім нұсқауларын талқылауға белгілі бір уақыт береді. Команданың бір қатысушысы қозғалыс сызығына ең жақын тұрған модульді алып, қалғандарын жыланша иерелеңдеп, айнала жүгіріп өтеді, модульді құрсау ішіне қойып, тура жүгіріп, оралып, екінші ойыншымен алақан соғысу арқылы эстафета береді.
Оқушыларға құрылымдарды салыстырып, олардың күрделілігі мен сұлулығын салыстыруды және арналымын түсіндіруді ұсынады.
|
Қауіпсіздік ережесін біледі.
- Оқушылар жарыс арқылы өздерінің қозғалыс әлеуетін дамытады, эстафета орындаған кезде тәуекелдерді азайтады, жаттығулардың орындалуын талдайды, болашақта қателіктерді болдырмау үшін стартегия әзірлейді.
Эстафета, жарыс, сап,қатар, шеңбер, теңелу. Модульдер арасында секіру, фитбол домалату, көшпелі саты
|