Секіру бойынша олимпиада чемпиондарынан кімді білесіңдер? (Ольга Рыпакова).
Постермен жұмыс. Оқушыларға үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың олимпиада ойындарында көрсеткен өнерінен үзінді беріледі. Белгіленген уақытта постерге Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өз ойларын сатылап жазып шығады.
Жалпы дене жаттығулары: Жүру бағытында орындалатын жаттығулар: 1.Екі қолды жоғары,аяқтың ұшымен жүру.
2.Екі қол белде,өкшемен жүру.
3.Қол желкеде,жартылай отырып жүру.
4.Қол тізеде,толық отырып жүру.
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар: 1.Тізені жоғары көтеріп жүгіру.
2. Өкшені жамбасқа лақтырып жүгіру.
3.Аяқтың басын алға сілти жүгіру.
5.Сол қапталмен қолды артқа айналдыра жүгіру..
6.Оң қапталмен қолды алға айналдыра жүгіру.
Негізгі бөлім.
Ұзындыққа екпіндеп секіру төрт сатыға бөлінеді:
Екпін. Екпін керекті жылдамдықты жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін секіруші жүгіріп жылдамдық алады. Мұндағы жүгіру адымдық жүгіру деп аталады. Секіруші өзінің әр жүгіру адымын, қозғалысын қадағалау керек және жүіріп келе жатып оң, солға қозғалмай түзу жүгіру керек, адымы өте кең болу керек.
И терілу. Итерілуге жақындағанда секіруші соңғы 3-4 адымдық жылдамдығын көбейту керек. Белгіленген сызыққа келгенде секіруші сызықтан аспай бар екпінмен жерге түсу үшін ұшады.
Ұшу. Секіруші белгіленген сызықтан екпін алып секіргеннен кейін ұшу кезеңі басталады. Ұшу кезінде секіруші өзін бір қалыпта ұстап, мүмкіндігінше алысқа жерге түсудің тәсілдерін орындайды.
Ұшу кезеңінде тәсілдерді үш түрге бөліп қарауға болады:
ұшу кезінде бір аяқты бүгу