Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.1.3.3 Қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және
анықтау
Сабақтың мақсаты
Футболдағы ең негізгі әдісті үйренеді және шеберліктерін шыңдайды
Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттігін арттыру.
Бағалау критерииі
футбол ойын элементтерімен танысады
. Ойын элементтеріне арналған жаттығу түрлерін үйренеді
- жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып көрсете алады.
Футбол ойынының тәртібі мен шартынын меңгереді
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Мұғалім оқушылармен амандасады.
Келесі сұрақтарды талқылауға ұсынады:
«дамыту ойындарын құрастыру» деген не?
Ойын құрастыру арқылы стратегия дағдыларын қалыптастыру мүмкін бе?
Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтайды «Стратегия дағдыларын дамытатын ойындар құрастыру»
Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын, жетістік критерийлерін құрастыртып, содан кейін түп нұсқамен салыстыруды ұсынады.
Саптағы бой жазу жаттығулары — Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.
— Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.
— Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
— Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.
— Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
— Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
— Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
— Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
— Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру
— Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.
— Дем алу, дем шығару.
( . Доппен айла-тәсілдер жасау -футболдың негізгі мәні.Футболшылар ойнай жүріп допты алып жүруден, тоқтатудан, оны тебуден жарысқан секілді болады.
Футболшының алаңда алға қарай жүгіре білуі, тіркемелі және кібіртіктеген адымдармен жанға қарай ауыса білуі, жақсы секіруі өз денесін тамаша меңгеруі, жүгіріс кезінде кенет тоқтап және бұрыла алы қажет. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Допты тебу – футболдағы негізгі ойын тәсілі. Аяқпен тебу бір орындағы және қозғалыстағы допты (домалап, ұшып келе жатқан) аяқ басының ішкі, сыртқы жандарымен, санмен соғу арқылы жүзеге асырылады. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Допты тоқтату әдісі
Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді.Допты тоқтату кезінде ең бастысы - ол ойыншының кері серпіліп кетпеуі.
(оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Допты алып жүру әдісі
Допты алма-кезектебу арқылы алып жүреді.Допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Допты тартып алу әдісі
Өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді және басқа да тәсілдерді қолдануға болады.
(оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Қақпашының ойыны.
Қақпашы – командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы. Олалаңдағыойыншылардыңнегізгітәсілдері мен доптықағыпалу, қағыпжіберу, ойынғақосу, тәсілдерінжақсыбілуікерек.
Футбол ойынның негізгі ережесі:
1 - жаттығу. 2 - жаттығу. 3 - жаттығу
Доппен жарыс Допты алма - кезек тебу арқылы алып жүреді. Допты тіке бағытта алып жүргенде табынның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді.
4 - жаттығу
Допты тартып алу.
Допты тартып алу - өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді басқа да тәсілдерді қолдануға болады.
5 - жаттығу
Қақпашының ойны
6 - жаттығу
Допты ойынға қосу
.
Тапсырманың дескрипторлары;
- оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтады
- оқушвлар ойын ережелерін сақтады
- ынтымақтастықта қиындықтар болған
жоқ
.
ФБ Смайликтер арқылы орындалады (өте жақсы – күліп тұрған, жақсы –күлімсүреп тұрған, жаман- жыламсырап тұрған).
н сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді
Допты алма - кезек тебу арқылы алып жүреді. Допты тіке бағытта алып жүргенде табынның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді екенін көрсетеді