Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
( Мұғалім оқушылармен амандасады.
Жүру,жүгірудің әр түрлі байланыстарын орындау.
Жүру:
Аяқтың ұшымен,өкшемен,аяқтың сыртымен,аяқтың ішкі жағымен.
Арнайы жүгіріс жаттығулар жасау:
Аяқтың ұшымен, аяқты алға тік тастап жүгіру.
Аяқты артқа лақтырып жүгіру.
Тізені көтеріп жүгіру.
Екі алақанды артқа қойып,өкшені тигізіп жүгіру.
Аяқтың сыртын алақанға тигізіп жүгіру.
Аяқтың ішкі жағын алақанға тигізіп жүгіру.
Оң жағымен жүгіру.
Сол жағымен жүгіру.
Бұғы жүгіріс: сол, оң аяқпен биікке секіріп алға қозғалу.
Екі қадам жасап, екі қолды жоғары көтеріп секіру.
Жылдам жүгіру: алаңның бір бұрышынан екінші бұрышына жылдам жүгіру.
Жай жүріс:екі қолды жоғары көтеріп,өкшені көтеру,тыныс алып, төмен түсерде тыныс шығару.
Саптық бұрылыстар:
Оңға,солға,артқа бұрылу.
Бір саптан екі, үш сапқа ауысу.
Футбол ойынында аяққа жасалатын жаттығулар: Аяқтың ұшын жерге тіреп оңға, солға айналдыру. Тізені ұстап оңға, солға айналдыру. Оң аяқты оңға тастап жүру, сол аяқты солға тастап жүру.
Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын, жетістік критерийлерін құрастыртып, содан кейін түп нұсқамен салыстыруды ұсынады.
|