Cабағымды жаңа бағдарлама негізінде құрастырдым. Әр сабақ сайын жаттығулар күрделене түседі. Бұл сабақта Lesson Study әдісін қолдандым себебі сабақтың сәтті өтуіне септігін тигізді.
1.Кедергілер арасымен допты алып жүру.
Белгі бойынша топтын бірінші ойыншылары белгіленген жалаушаға дейін, кедергілер арасымен допты еденге ыршытып барып, кері допты ыршытып қайтады. Ойыншылар бір-біріне доп беру арқылы ойынды жалғастырады.
2.Секіртпе жіппен секіру.(скакалка)
Сөре сызығының бойында тұрған екі команда ойыншылары белгіленген жалаушаға дейін секіртпе жіппен секіріп барып,секіріп қайтады. Келесі ойыншыға секіртпе жіпті жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады.
|