Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау


Сабақта қолданылатын әдістер



бет23/27
Дата13.01.2023
өлшемі1,19 Mb.
#61241
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Сабақта қолданылатын әдістер: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету,таныстыру, сұрақ-жауап, проблемалық.
Сабақтың көрнекілігі: Күрек жасаудың технологиялық картасы, дайын бұйымдар, дайындамалар 
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, жұмыс орнын даярлау,
2. Жаңа сабақ.
Оқушыларға проблеманы болжау сұрақтарын қоямын.
1.Қыс мезгілінде жер үйде тұратын адамдар үшін қандай проблемалар кездеседі?( от жағу, қар күреу…)
2. Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме?
3.Қар күреу үшін не керек? (қар күрейтін күрек)
4. Күректі қайдан аласыңдар? (магазиннен, базардан…)
5.Сендердің бойларыңа сай күрек кездесе ме?
6.Күректер қанша тұрады? (1000- 1500теңге)
Сонымен біз бүгін өз қолымызбен бойымызға сай, жеңіл,қар күрейтін күрек жасауды үйренеміз.
Мұндай күрек жасауға көп материал да қажет емес, мектеп шеберханасында оны жасауға керекті құрал жабдықтар да жеткілікті.
Бұйымның қызметі: ауланы қардан тазалау.
Қажет материалдар: ағаш, шебік (фанера), қаңылтыр, бұрама шегелер.
Ал бұйым төмендегі кестедегі талаптарға сай болу керек.
Сарамандық жұмыс
Оқушыларды 3 топқа бөліп, топтасып жұмыс жасауға шақырамын. Әр топқа жетекші бекітемін.Жетекшілерге сабақ соңында тобындағы оқушылардың жұмысқа қатысуын бағалайтыны ескертіледі.
Қолдарына техникалық сызбаларды таратып беремін.Оқушыларға техникалық сызбаға қарап күрек жасауға қажетті бөлшектерді жасап алу тапрсырылады.
Топ жетекшілері бөлшектер толық дайын екенін хабарлап, күрек құрастыруға арналған технологиялық картаны таратады. Карта бойынша күрек құрастырылады.
Оқушылардың білімін бағалау: Топ жетекшілерінің бағасын тыңдай келе ескерту, мадақтау айта отырып бағаланады.
Үйге тапсырма: 48 беттегі тақырыпты оқу, үйде күрек макетін жасап келу.
33 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Кеңес беру. Шығармашылық жобаны орындау. Қауіпсіздік ережелері

  • Мақсаты: а) Оқушыны шеберлікке,іскерлікке тәрбиелеу

ә) Кез келген істі атқарардағы,бұйым жасау кезіндегі
қолданылатын негізгі шарттылықтармен таныстыру .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет