3. Синонимдердің жасалу жолдары 1.Синонимдер көп магыналы сөздердің есебінен жасалады.
Мысалы көз — жанар, көз — әгінек, көз — бұлак — бастау — қайнар, арту — асу — озу, арту —көбею — молаю т. б. 2,Синонимдер сөз тудыру тәсілдері арқылы пайда болған: аффикстер арқылы: ауыздық — сулық, басшы — жетекші жемқор — паракор, өнім — түсім, сүтті — құнарлы, қанағатсыз — тойымсыз, ажарлау — өндеу т. б. ә) біріктіру арқылы:ақ- сақал — отағасы, еңбакақы — жалақы, доғабас — айылбас ‘т. б.
б, қосарлау арқылы: жоқ-жігіік—кедей-кепшік, жарлы-жақы-бай, олқын-толқын — аумалы-төкпелі, өліп-өшу — сүйіп-құшу, айналып толғану, .зым-зия — ушті күйлі т. б. в) тіркесу арқылы; су — иіс маи, іш мерез — жылым құрт, көк ет — бауыр ет, б. г) Омонимдер арқылы: тартпа — суырма; тартпа — төс айыл — алдыңғы айыл; табандау — ұлтандау;табандау — сіре-су- касарысу — кырсығу — кыңыраю, г. б.
3. Синонимдер кірме сөздер арқылы пайда болған: а) араб сөздері арқылы: азамат (ғәзәмәт) — жігіт; тағдыр (тәғдир) — жазмыш; отан (уәтан) — ел, туған жер; эскер (ғәскәр) — жасақ кол. шеру, косын, т, б. ә) парсы сөздері арқылы: батыр >бәһалор) — ер; дихан (деһан) — егінші;шэкірт (шагерд) — оқушы; мейман (меһшн) — қонақ; сабақ (собәк) — оқу, т. б.
4. Антонимдер, оның өзіндік сипаты Антонимдер. Мағынасы бiр-бiрiне қарама-қарсы сөздердi антонимдер деп атаймыз. Антоним – гр.т. anti-қарсы, onyma-ат, атау деген сөздерiнен жасалған термин.
Барлық сөздер бiр-бiрiне антоним бола бермейдi. Көбiне антонимдер сын есiмнен жасалады: ақ-қара, аласа-биiк, жуан-жiңiшке, ыстық-суық т.б.
Антоним — бір-біріне қарама-қарсы мағыналарға ие лексикалық бірліктердің семантикалық қарым-қатынасы. Антоним барлық тілдерге тән универсалды құбылыс. Барлық тілдердегі антонимдердің семантикалық және құрылымдық жіктелуінің ұқсастығы олардың қарама-қарсы мағыналарының жалпы құрылымына байланысты болады.
Антоним адам санасының объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар тұралы ұғымдарды салыстыру және оларды бір-біріне қарама-қарсы қою қабілеті негіз болады. Антонимға логикалық-танымдық ерекшелік тән. Алайда "логикалық қарама-қарсылық" пен тілдік қарама-қарсылық тұрғысындағы түсініктердің көлемі белгілі бір шеңберде ғана бір-біріне сәйкес келеді. Логикалық қарама-қарсылық бір-біріне қабыспайтын ұғымдардың ара-қатынастарын сипаттайды. Тілдік қарама-қарсылық логикалық қарама-қарсылықтан туындай отырып, адамның ой-санасы тұрғысынан объективті дүние мен құбылыстардағы мәнді айырмашылықтардың тілдегі сипаты болып табылады. Антоним білдіретін лексикалық бірліктерге жалпы (инвариантты) сапа, яғни антонимдердің мағыналарында ең ақырғы шекке дейін бір-бірін жоққа шығаратын қасиеттің болуы тән: өтірік-шын (мұнда: өтірік – шын емес ақиқатты, шындықты ең ақырғы шекке дейін жоққа шығарады, дәл осы сияқты шын - өтірік емес, ең ақырғы шекке дейін шындықты жоққа шығарады). Антоним бірліктері абстрактілі сипаты бар жалпы семалар арқылы ортақтасады. Мысалы, ауыр/жеңіл — "салмақ"; еткен шақ болашақ - "уақыт". Арнаулы семалардың көмегі арқылы антонимдер бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Мысалы, ауыр/жеңіл қатарында "көлемді, үлкен" және "аз, шағын" масса; өткен шақ болашақ қатарында - "алдыңғы" және "кейінгі" шақ, мерзім. Антоним басқа да лексикалық-семантикалық категориялармен, синонимиямен тығыз байланысты. Нақты бір лексикалық бірлік бір мезгілде басқа сөзбен немесе сөз тіркесімен антонимдік және синонимдік қарым-қатынасқа түсе алуы мүмкін. Мысалы, жуас-асау, жуас-тентек, жуас-бұзақы, момын-пысық және т.б.
Ашу түбі- тұңғиық батасын да кетесін, Ақыл түбі жел қайық мінесің де өтесің 2. Жомарттың бергенін көріп, Сараңның іші күйер. 3.Ақылдыға – шарап, Ақымаққа – таяқ.4. Ашу арындайды, Ақыл артынан аяңдайды 5.Жақсы келін – келін, Жаман келін – өлім. 6.Жақсыдан шарапат, Жаманнан кесепат 7, Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады
№7.1-2 жаттығулар.
№7-практикалық сабақ. Фразеологизмдер, оған тән белгілер топтастыру жайы, зерттелуі. Фразеологиялық оралым, түрлері. №7.69-70 жаттығулар. Тұрақты тіркестер. Идиома. Фраза. Мақал-мәтелдер. Диалект, кәсіби, термин, көнерген сөздер. Неологизмдер, олардың жасалу жолдары № 7.48-49 жаттығулар.